Түсінік хат «География» пәнінің мақсаты



бет1/3
Дата15.09.2023
өлшемі36,79 Kb.
#181163
  1   2   3
Байланысты:
8 сынып-1 сағ
Ғылыми жұмыс, Та?ырыбы «?аза?станны? к?шпелілік м?дениеті – ?аза? хал?ыны? м?, 9 сынып-1 сағ, Крест

ТҮСІНІК ХАТ


«География» пәнінің мақсаты: оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған физикалық, экономикалық, саяси, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:
1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;
2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;
3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;
5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
8) географиялық ақпаратты визуалдау, өз зерттеулерінде далалық,картографиялық, теориялық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
9) сандық және сапалық деректерді өңдеу мен талдау дағдыларын қалыптастыру;
10) еліктемелік (иммитациялық),графиктік,мәтіндік,математикалық, және басқа да модельдер енгізу дағдыларын қалыптастыру;
Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«География» оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды: «Географиялық зерттеу әдістері»; «Картография және географиялық деректер базасы»; «Физикалық география»; «Әлеуметтік география»; «Экономикалық география»; «Елтану және саяси география негіздері».
- Пәннің бөлімдері мен тақырыптары «шиыршық» принципі негізінде әзірленген, бұл принцип сәйкес әр сынып сайын тақырыптар бойынша білім мен дағды көлемі тереңдетіліп, қиындатып беріледі.
Бірінші және екінші бөлімдерге қатысты оқытудың ортақ мақсаттары, зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыру мақсатында, әр оқу жылының басында жеке сабақтар түрінде өткізіледі. Басқа бөлімдерді оқу барысында ортақ оқу мақсаттары оқылатын бөлім мәнмәтінінде зерделенеді. Оқудың мақсаттары тақырыптық бөлімді оқу барысында жүзеге асырылуы тиіс. Әр сабақты оқыту барысында мақсаттарды қайталап, яғни өткен мақсатпен толықтырып отыру қажет емес. Мысалы, атмосфера бөлімшесін оқу барысында білім алушылар бір далалық зерттеу (мысалы, бақылау және өлшеу), бір картосхема құрастыру, бір номенклатура тапсыру және деректер базасы формасындағы бір кесте құрастырулары тиіс, яғни бұл жұмыстарды әр сабақта жасау қажетті емес. Тақырыпты ортақ оқу мақсаттарымен толықтыру реті мұғалімнің қалауынша жүзеге асырылады.
Ортақ оқу мақсаттарын бағалау оқытудың негізгі мақсатын бағалау аясында жүзеге асырылады. Мысалы, «8.3.3.6 - мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді» мақсатын, «8.2.1.1 - тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады» мақсатымен толықтырған жағдайда, білім жетістігін бағалау негізінен 8.3.3.6 мақсатын бағалау арқылы жүзеге асырылады, ал ағыстар географиясын көрсететін картосхеманың болуы, бағалау критерийлерінің бірі рөлін атқарады. Сонымен қатар іс-әрекеттің бір түрінің көмегімен екінші өтпелі мақсатты да қамтуға болады, мысалы, 8.2.1.2 - географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді. Білім алушының өзі құрастырған картосхемасынан ағыстарды көрсетуі негізгі оқу мақсатын бағалаудың бір критерийі болып саналады.
Оқудың әр мақсаты бойынша тапсырмалар әзірлеу міндетті емес. Мұғалімдер оқудың бірнеше мақсатын қамтитын бір тапсырма әзірлеулеріне болады.
Жүйелі-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру жағдайында әр тапсырма тәжірибеге бағытталған болып табылады. Бірінші және екінші бөлімдердің ортақ оқу мақсаттары бұл тәсілді күшейтуге мүмкіндік береді (бұл өтпелі мақсаттардың топтамасы әр тақырыпты оқытудың ұзақ мерзімді жоспарында анықталған). Демек, бағдарламада міндетті практикалық жұмыстар тізімі қарастырылмаған.
Білім алушылар мұғалімнің басқаруымен географиялық ақпарат көздерімен, географиялық зерттеу әдістерін қолданумен (далалық әдіс, бақылау әдісі), схемалар, графиктер, диаграммалар, профильдер құрастыру, географиялық карталармен жұмыс істеу арқылы орындайтын зерттеушілік жұмысқа көп көңіл аударылады.
Пән мұғалімдеріне әр білім алушыға қажетті білімді алуға жағдай жасайтын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану ұсынылады. «География» пәнін оқу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану:
- білім алушының оқу-танымдық қызығушылығын арттыру;
- оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
- білім алушының оқу-танымдық әрекеттерін белсендендіру мүмкіндіктерін береді.
«География» оқу пәні бойынша бағдарламада қарастырылған далалық зерттеу, бақылау және эксперименттік жұмыстарды мұғалімдер сыныптан тыс орындарда өткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет