Түсінік хат «Өзін –өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒпббсо) дайындаған, Қр білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


Түсінік хат Мектептің жоғары сатысы (10-11 - сыныптар)



бет7/8
Дата09.10.2019
өлшемі0,6 Mb.
#49483
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-11сын өзін-өзі тану күнт жоспар-1-1-1-1



Түсінік хат

Мектептің жоғары сатысы (10-11 - сыныптар)

Аталған бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 -сыныптарында міндетті түрде меңгертілетін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын анықтайды. Ол өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттарына жетудің құралы болып табылады және жалпы орта білім беретін жүйенің сегізінші (қорытынды) деңгейінде оқушылардың оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелермен сәйкес келеді.

Мектептің жоғары сатысындағы базалық мазмұн адам мен қоршаған әлем туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда ғана емес, өзекті сипатта яғни зерттеушілік ізденіспен, мәселені шығармашылық тұрғыда түсінетіндей кең мағынада қарастырылады. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сабақтастықты сақтай отырып бірінші сыныптан бастап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды:
1.Таным тағылымдары.

2.Адам болам десеңіз...

3.Жарасымды өмір салтанаты.

4.Кең дүние келбеті.
Мектеп бітіруші бозбалалар мен бойжеткендер өзінің алдағы өмірін таңдап, жауапкершілік, дербестік, мақсатқа талпынушылық сияқты құндылық бағдарға ерекше мән берілетін үлкендер қауымына белсенді түрде әлеуметтену үдерісіне түседі. Жастардың өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын белсенді әрекет етіп, оң шешім қабылдай білуге даяр болуы мен табысқа жетудің шешуші шарты жоғарғы адамгершілік құндылықтарды негізге алуында болып табылады.

10-11-сынып оқушылары ересек өмірдің табалдырығын аттаудың алдында тұрғандықтан олардың үйлесімді тұлға болып дамуында танымдық әлеуметтену маңызды деп саналады.

Аталған жас кезеңінің негізгі ерекшеліктері оқушылардың өмірлік жолын таңдауына байланысты тұлғаның көпқырлы өзіндік «Менін» қайта қарауынан туындайды. Бұл алуан түрлі қызығушылықтар, талпыныстар, мақсат қою мен міндеттер, іс-әрекеттерін жоспарлау, рухани ізденістер, абырой іздеу, кез келген ықпалдан өзін алшақ ұстау, қарым-қатынас аясын таңдау, өзін-өзі дәлелдеуі арқылы көрініс береді.

«Таным тағлымдары» атты бірінші тарау мазмұны оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік артықшылықтарын ұғыну мақсатын көздейді.

Адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, танып-білуге ұмтылысын, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға басты назар аударылады. Оқушылардың арманға қол жеткізудің адамгершілік жолы, өмірде қуана білудің адам үшін мәнділігі, адалдық, ой тазалығы, шынайылық, талаптылық, тәуекелдік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің жаңа қырлары туралы білімі мен махаббат, бақыт, өмір туралы түсініктері кеңейтіледі және тереңдетіледі. Адамның өмірдегі басты және қосалқы мәселелерді айыра алу білігіне, өмірдегі өз орнын түсінуіне ықпал ететін рухани байлық, қызмет ету сияқты ұғымдарды ұғындыру қарастырылады.



«Адам болам десеңіз...» атты екінші тарау мазмұнында жалпыадамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, олардың адами қарым-қатынаста алатын орны нақты мысалдармен дәлелденеді. Тарау оқушылардың адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында туындайтын өмірлік этикалық коллизияларға саналы тұрғыдан қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Тарау мазмұнында оқушылардың бұрын меңгерген үміт пен сенім, намыс пен абырой, қайсарлық пен батырлық, арман мен ақиқат, жауапкершілік пен парыз, қанағат пен рақым және т.б. сияқты құндылықтар мен ұғымдар түсініктерін кеңейту және тереңдету көзделеді.

«Жарасымды өмір салтанаты» атты үшінші тараудың тақырыптарында оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді адамның әлемге ашық бола білуі мен әлемді тану мен түсінуді оған жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу білігі арқылы кеңейту мен тереңдету қарастырылған. Тарау мазмұнында әлемнің көпқырлылығы, уақыттың өткіншілігі, тарих пен адамның өзара байланысы, адам мен Әлемнің байланысы, адам мен жер және тағы басқа мәселелер орын алған.

Оқушылардың есею кезеңіне сәйкес жастық шақ сияқты ұғымдардың мағынасын ашуға баса назар аударылады. Өз жақындарының, отбасының, сыныптастарының ортасында моральдық климат орнату үшін жауапкершілік шегін сезінуіне, адами тұрғыдан өмірдегі отбасылық, ұжымдық және қоғамдық рөлдер туралы өз көзқарасын реттеуіне көңіл бөлінеді.



«Кең дүние келбеті» атты төртінші тарауда оқушылардың қоршаған әлем құндылықтары туралы түсініктерін, жаратылыстың сырларын, құпиясын білуге ұмтылысын тереңдетіп, кеңейте түседі. Өмірдің баға жетпес сый екендігі мен мән, мағынасы және адам үшін әлемді танудың, жасампаздық еңбектің маңызы ашылады. Пән мазмұны әлемді құндылық тұрғысынан қабылдау дүниетанымның негізі ретінде, адамның қоршаған әлеммен қатынасын, қоршаған әлем сұлулығын адамның ішкі жан-дүниесімен өзара байланыста сезінуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың адамзаттың мәдени мұраларына сүйене отырып, өздерінің адамдық болмысын сезінуге және бейбітшілік үшін жауапкершілікке одан әрі қарай ізгілікті қатынасын дамытуға алғышарттар жасалады.

Адам мен қоғамның бөлінбейтін байланысы мен өз Отанының, отандастарының гүлденуіне адамның жасампаздық белсенділігінің маңыздылығын түсінуге негізгі басымдылық беріледі. Аталған тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы тұжырымдауын көздейді. Аталған тарау орта мектептегі өзін-өзі танудың соңғы курсы болып табылады және әрбір оқушының шексіз өмірлік кеңістіктегі өз рөлін сезінуіне, адамзаттың маңызды міндеттерін орындаудағы өзіндік мәнділігін және әркімнің еңбегі шығармашылығы, таланты қолданылатындай болашақты жасауға бағытталады. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына әрбір адам үшін «адамгершілік, ізгілік» ұғымының маңыздылығын ұғынуға көмектеседі.

10-11- сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану бойынша білім беру мазмұнының ерекшелігі бұрын меңгергендерін жинақтау, оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімі мен түсінігін тереңдету мен оларды мұнан былайғы иеленуін, ересек өмірге енетін орта мектеп түлегінің қажетті қоры болатын құзiреттiлiктерге ие болуын бағдарлау болып табылады.

Бұл қорыта келгенде, белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгеруді ізгі және мейірімді адамды, сүйікті және қамқоршы бола алатын отбасы мүшесін, адал досты, сенімді серіктесті, жауапкершілікті азаматты, денсаулығы мықты, толық жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеуді қарастырады.

Одан әрі мектептің жоғары сатысындағы 10-11-сыныптарына арналған өзін-өзі тану бойынша тақырыптық жоспары бір-бірiмен сабақтасып, білім беру мазмұны толықтай ашылып берілген.

Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, бір жылға барлығы 34сағаттық оқу жүктемесі көлемінде әрбір сыныпта жүзеге асырылады.

Өзін-өзі тану пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне орай оқыту интерактивтік әдіс негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың әрқайсысының қайталанбайтын тұлға екендіктерін ескере отырып жүргізіледі. Сонымен қатар түрлі әдістемелік тәсілдер мен денсаулықты сақтайтын мүмкіндігі мол дәстүрден тыс сабақ түрлері, арқылы сенімді, эмоциялық жайлы жағдайда мұғаліммен ашық пікір алмасу жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адами қарым-қатынастар зерттеліп, өмірлік түйгендерімен алмасып, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.



10 – СЫНЫП

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)






Бөлім тақырыбы

Жалпы сағат саны

Мемлекеттік стандарт

1


I тарау. Таным тағылымдары

8 сағат




2

IІ тарау. Адам болам десеңіз...


8 сағат




3

IІІ тарау. Жарасымды өмір салтанаты

10 сағат




4

IV тарау. Кең дүние келбеті

8 сағат









Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Өтетін

күні

АКТ

Көрнекілік

І тарау Таным тағылымдары










1-2

Таным белестері

Адамның өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі. Таным түрлері мен тәсілдері. Зерде – танымның құралы. Зерде және интуиция.

2










3-4

Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат

Адамның ақыл-ой қызметі негізінде алға қойған мақсатына жетудің оңтайлы жолдарын таба алуы. Ой-өріс кеңдігінің нәтижеге жетудегі мәні.

2










5-6

Ниет тазалығы – ізгілік мұраты

Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиеті. Көңіл, ниет

тазалығының қарым-қатынастағы мәні.



2










7-8

Рухани байлық – игілік негізі


Адамның рухани, мәдени және материалдық/материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес келетін іс-әрекеттер (ырзық).

2










ІІ тарау. Адам болам десеңіз... (8 сағат)

9-10

Алынбайтын асу жоқ


Өмірде кездесетін қиындықты жеңу үшін қажетті тілектері мен мүмкіндіктерін шынайы түрде салыстырып пайдалана алу. Жігер, төзімділік, табандылық.

2










11-12

Салауатты өмір салты

Өмір мен денсаулықты құндылық ретінде сезінуі, өзінің келешек дене және рухани даму жолдарын анықтай алуы, салауатты өмір салты мен сауықтыру әдістемесінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде пайдалана алуы, шылым шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан аулақ болуы.

2










13-14

Қанағат, рақым ойлап қой!

Адамның барға риза болып, нысаптан шықпауы, нәпсіге ермеуі. Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеп, құнығудан бас тарту екендігі.

2










15-16

Қайсарлық пен батылдық

Өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу. Жігерлілік. Елжанды азамат тұлғасын қалыптастыру. Діттеген мақсатқа жетудегі құлшыныс.

2








17-18

Екі сөйлеу ерге сын

Сөз бен істегі тұрақтылық. Өзіндік көзқарасқа деген сенімділік.

2










ІІІ тарау Жарасымды өмір салтанаты

19-20

Жалынды жастық шақ


Жастық шақ - адам өмірінің бір белесі. Өмірден өз орнын табуға талпыныс, қызығушылық, құштарлық.

2










21-22

Жарасымды қарым-қатынас

Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы кісілік пен кішілік, тіл табыса білу, кешірім мен келісім. Өз ойы, сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарау.

2










23-24

Іңкәр көңіл, нәзік сезім.

Жастар арасындағы қарым-қатынас, алғашқы сезім, бала махаббат.

2










25-26

Қызмет етем халқыма...

Өз ұлтын, тілін, ділін құрметтеп, өзгелерге түсіністік, сыйластық және шыдамдылық таныта алу.

2










IV тарау Кең дүние келбеті

26-27

Тылсым дүние ғажаптары

Адам мен әлем тұтастығы. Жаратылыс құпиялары. Табиғи апаттардың тіршілікке тигізетін әсері.

2










29-30

Уақыт – мезгіл пернесі

Әр нәрсенің, мезгілдің, уақыттың адам өміріндегі мәні.

2










31-32

Жұлдызым менің жоғары

Адам бойындағы қабілеттілік, табиғи дарын. Бейімділік пен икемділік.

2










33-34

Өмір - өзен

Өмірден өз орнын табуға талпыну. Болашақ мақсатын айқындау.

2










Барлығы

34










11-сынып

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)





Бөлім тақырыбы

Жалпы сағат саны

Мемлекеттік стандарт

1


I тарау. Таным тағылымдары

8 сағат




2

IІ тарау. Адам болам десеңіз...


8 сағат




3

IІІ тарау. Жарасымды өмір салтанаты

10 сағат




4

IV тарау. Кең дүние келбеті

8 сағат





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет