«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!



бет19/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!


Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖББОМ
Нұрланқызы Анна
7-сынып оқушысы
Жетекшісі: Махметова Мейрамгул Бекмухамбетовна
«Ердің ерлігі-елге аманат»


Халық мақалы

Тарихтың қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, «ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайтын» талай ерліктің куәсі боламыз. Соның бірі - елі мен жерін фашистің қанды тырнағынан азат еткен, елдіктің белгісі болған Ұлы Отан соғысы. Сұрапыл майданда жеңістің туын тіккен батырлар Ақтөбе өңірінде де аз емес. Бүгінгі таңда осы батырлардың қаһармандық жолы санамыздан өшіп бара жатқан жоқ па?


Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Себебі, қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Біздің аймақтан да мыңдаған жауынгер ұрыс даласына аттанды. «Майдан жүгін» арқалап өткен Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Орынбай Ерғали, Талғат Бегелдинов, Иманғали Білтабанов, Александр Гуцало, Михаил Прохоров, Александр Наумов сынды жерлестеріміздің есімдері осы тізімді толықтырды. Сондықтан жеңісті бір табан жақындатуға ат салысқан ерлердің ісін Жеңіс күні ғана еске алмай, үнемі іс-шаралар арқылы жаңғыртып отыруымыз керек.
Яғни, олардың ерліктерін даралап көрсеткеніміз жөн. Жерлесіміз Ақши өңірінің соғыс ардагері Сейтқали Қожабеков ұрыс даласында «өр кеудесін қалқан етіп», қару құрсанып, мұз төсеніп ерлік жасады. Қара бастың қамынан гөрі халқын ойлайтынқаймағы бұзылмаған Ақши ауылының Омаров Сүгіртай, Қалиев Мұқанбетжан, Есмурзин Момынбай, Құнанов Шабан, Ізтілеуов Ералы, Сүндетов Қуантай сынды намысты ұлдары ақтық демдері қалғанынша қайсарлықпен жауға қарсы тұрды. Бұлардың жігерін ұштаған Отанға деген шексіз махаббат еді. Мұндай патриоттық сезімді бүгінгі жеткіншек бойына да сіңіруіміз қажет. «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы «Жаңа қазақстандық патриотизм» осыдан бастау алары хақ.
Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің проза саласында өлшеусіз үлес қосқан батыр,қару мен қаламды қатар ұстаған Баубек Бұлқышевтың да ұрпаққа айтары көп еді. Салмағы 4 килограммдық автомат пен 4 граммдық қаламды салыстыруға келмейді. Алайда қанды қырғын ортасында жазуға уақыт таба білген. Соғыс кезіндегі барлаушылардың тағдырын көзбен көргендерін қағазға түсірген, төл әдебиетімізге түре салған сөз батыры да болған.
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек! – деп жырлаған Қасым Қайсенов те ел мерейі үшін ұлы істерді тындыруға қандай құштарлықпен ұмтылды десеңізші?!
Міне, Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Арамыздан ардагерлерді жиі кездестіре бермейміз, қатары жыл сайын сиреп барады. Бірақ тарихта жазылған ұлы ерліктері олардың даңқын мәңгі асқақтата береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет