Тулкина Г. Е. 2015 жыл Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға арналған «Дойбы ойынының бастапқы жүрістері» атты бағдарламасы


Шеберліктің бастапқы деңгейін анықтау



бет6/12
Дата08.02.2022
өлшемі294,32 Kb.
#124305
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1eaf702d4ba8494afe6207d5d11d1fb359af725a
Перевод лекция 3, Дәріс № 4, KR mur teor prakt umkd, Дәріс № 4, 0003d864-b5d2fc65, 0003d864-b5d2fc65
Шеберліктің бастапқы деңгейін анықтау

Балаларды дойбы ойынына үйрету ата-аналардың көмегінсіз мүмкін емес. Сондықтан тәрбиешілердің ата-аналарға балаларының дойбы ойынына қызығушылықтарын арттыру мақсатында үндеу жасап үйде балаларымен дойбы ойнауларын сұрау. Ойын барысында тасты беріп (дойбы ойынында кім бұрын беріп бітірсе, сол ұтады) ұтуды болдырмау үшін үлкендердің дұрыс бағыттауларын назарына жеткізу. Бала ойын кезінде жеңіліс табуды үйренуі қажет. Өйткені, бала шамалас немесе көптің ішінде жеңіліске қарағанда, жақындарының алдыңдағы жеңілісті жүрегіне жақын қабылдамайды.


Ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде бала дойбы ойнауда өзінің қателіктерін түсіне отырып, жеңісіне қуанады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дойбы ойынын ойнаудағы шеберліктерінің қалыптасу нәтижесін талдау үшін арнайы зерттеу картасы, тексерісті өткізу әдістемесі және нәтижені бағалау критерийлері құрастырылды. Тәрбиеші балалардың бұл ойынды үйренуге бағыттауының себебі, әр істі бастар алдында ойлау қабілетінің негізінде дұрыс бағыт-бағдар ұстануы болып табылады. Ең бастысы тәрбиленушілердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы арқылы өмірге деген қызығушылықтарының артуы, ойын барысында ұтқыр ойыншы атануға белсене ат салысуы байқалды. Бұл оқытудан өткен көптеген балаларға дойбы ойыны түсінікті, әрі қызығушылықтарын оятатын ойын түріне айналды.

Зерттеуді жүргізудің әдістемесі


Бұл зерттеу баланың дойбы ойнаудағы қабілеттінің қалыптасқандығы сұрақтар қою, тәрбиешімен ойын барысын қадағалау, ата-аналармен балаларының үйде дойбы ойнауын әңгімелесу арқылы анықталады.


Зерттеу картасының үлгісі





Тәрбиелену
шінің
аты-жөні

Тақтайша
дағы тастардың орналасуы

Ойынның
басы

Тастардың
жүрісі

Қарсыластың
тас алысы

Шешім диаграмма
сы

Би

Ойынның соңы



















жүріс

алыс




Кестенің тармақтарына түсіндірме:


1. Ойынды бастау үшін балаға екі түсті дойбының 24 тасын орналастыруды тапсыру.
2. Тәрбиеші баладан: «Ойынды кім және неге бастайтының?» «Ақ тастармен кім ойнайтынын қалай анықтауға болатынын?» сұрайды.
3. Ойынды бастауды тәрбиеші балаға жүктейді де, жүрістер бағыттарын қадағалайды.
4. Дойбы ойнауда тәрбиеші балаға қарсыластың бір немесе бірнеше тастарын алуға мүмкіндік береді.
5. Арнайы шарттар негізінде тәрбиеші диаграмманы шешуді ұсынады.
6. Тәрбиеші ойын барысында «би» жүрісін қалай жүргізілетінің байқайды.
7. Тексерісті үлкендер мен балалардың ойнауы кезінде жүргізеді.
8. Егер бала ойынды аяғына дейін апармаса, тәрбиеші «неліктен?» соңына дейін ойнамау себебін анықтауы қажет. Баланың ойында жеңілгісі келмейтіндігі, қарсыласқа деген реніші, тастардың қарсыластың ұтып алған тастарынан аз болуы ойнауға деген ынтсының төмен екендігімен түсіндіріледі.
Бағалау нәтижесінің критерийлері

Жоғары деңгей – баланың берілген тапсырманы өзі және дұрыс орындауы.


Орташа деңгей – баланың тапсырманы орындауы үшін бірнеше өзіндік талпыныс немесе тәрбишінің еске түсіруі қажет.
Төмен деңгей – баланың тәрбиеші көмегінен кейін де тапсырманы орындай алмауы.

Ата-аналарға арналған «Отбасындағы дойбы ойыны» атты тақырыптағы сауалнама





  1. Сіз қандай үстел үсті ойындарын білесіз?__________________________

________________________________________________________________
2. Сіз дойбы ойынымен таныссыз ба?
а) иә
ә) жоқ
б) жартылай
3. Қай жаста дойбы ойнуды үйрендіңіз?

а) 2-5 жас
ә) 6-8 жас
б) 9-11
в) 12-15 жас
г) 16-20
д) 21-30
е) 3-40
ж) 41-60

з) 60 және одан үлкен жаста.
4. Отбасымен дойбы ойнайсыз ба?
а) иә
ә) жоқ
б) кейде
5. Сіздің балаңыз қандай үстел үсті ойында ұнатады?___________________
_________________________________________________________________
6. Сіздің ойыңызша, баланы қай жастан дойбы ойнауды үйретуді бастау дұрыс деп санайсыз?_____________________________________________
______________________________________________________________
7. Баланың жетілуі үшін дойбы ойнау қалай әсер етеді?_________________
________________________________________________________________
8. Дойбы ойыны бала-бақшадан үйретуді бастаса сіздің көзқарасыңыз?
________________________________________________________________
9. Сіздің балаңыз ойнай алады ма?
а) иә
ә) жоқ
б) кейде
в) қызыққан емес
10. Дойбы ойнауды қандай деңгейде білесіз?
а) өте жақсы
ә) жақсы
б) нашар ойнаймын
в)ойнай алмаймын




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет