Тулкина Г. Е. 2015 жыл Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға арналған «Дойбы ойынының бастапқы жүрістері» атты бағдарламасы


Дойбы ойынына арналған тақырыптық перспективалық жоспар



бет5/12
Дата08.02.2022
өлшемі294,32 Kb.
#124305
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1eaf702d4ba8494afe6207d5d11d1fb359af725a
Перевод лекция 3, Дәріс № 4, KR mur teor prakt umkd, Дәріс № 4, 0003d864-b5d2fc65, 0003d864-b5d2fc65
Дойбы ойынына арналған тақырыптық перспективалық жоспар





Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1

Ертегі кейіпкерлерінің қонаққа келуі

Дойбы туралы мәлімет

1

2

Спорт залға саяхат

Дойбы жайлы түсінікті кеңейту

1

3

Дойбының шығу тарихы туралы ертегі

Дойбының тарихын талқылау

1

4-5

Алтын тақтайша

Дойбы тақтайшасы мен тастары

2

6

Дойбы жиегін бояу

Дойбы алаңы туралы толық мәлімет беру

1

7-8

Дойбы алаңына саяхат

Дойбы алаңына бейімделу
Ойын «көшеде серуендеу» (а,ә,б...), «Лифтіге көтеру» (керек санына қарай), «Зымыран» (ақ пен қара түстер бойынша тігінен, ұзынынан жүріп отырып, ойын ережесін түсіндіру).

2

9-10

Дойбыны құру

Алаңға дойбыны құра білу

2

11,12,13

Дойбы жүрістері

Тастардың алаңда қиғаш жолдармен жүрістерді үйрету

3

14-15

Дойбы ойынының ережесі

Дойбы ойынының ережесімен танысу

2

16,17,18

Негізгі жүрістер

Негізгі жүрістерді бекіту. Қарсы жақты жеңу мақсатын ойлау. Ойлау қабілетін есептеу. Ойын ережесіне сүйену. Қарама-қарсы көзқарас орындарын айырбастау.



3

19-20

Дойбыны қағып алу

Дойбыны қағып алу әдісіне ережені сақтай отырып үйрету, таспен алға артқа жей отырып, қағып алынған дойбылар ойыннан алынады.

2

21-22

Би және оның мүмкіндігі

Би дойбысымен және оның мүмкіндігімен танысу

2

23

Бір дүркін ойында бастау

Ойынның бастапқы ережесімен танысу

1

24,25,26

Қысқа ойын

Қысқа дүркін ойындар ойнатуды үйрету (екі, үш дойбымен)

3

27

«Дойбы туралы не білем» викторинасы

Дойбы ойынының ережесін бекіту

1

28-29

Жұпталған қысқа ойын

Балаларға өздігімен қысқа дүркін ойындарды ойната отырып жұптасып ойнатуды дамыту

2

30

Топтық сайысқа дайындық

Сайысқа дайындық. Алдын-ала болатын қарсыластын болжамын сезе білу.

1

31

Дойбы сайысын іріктеу

Топтың қатысушысын анықтау

1

32

«Алтын дойбы» атты дойбы турнирі

Топтың жеңімпазын анықтау

1







Барлығы

32 сағат

1 қосымша


«Балаларды дойбы ойынына үйретудегі» әдістемелік нұсқаулықтар
Дойбы әрбір үйде бар, бірақта кішкентай балалардың санаулысы ғана оны сүйісіне онайды, ал үлкендердің бұған уақыты жоқ. Дойбыны ойнау кезіндегі қағида ойыншының ойлау қабілетін дамытады, алғырлықты талап етеді. Үстел үсті ойындары қазіргі заман технологиясы компьютерге жол берген. Комьютерге балалар сағаттап уақытын кетіреді. Қазіргі ата-аналар балаларының күн бойына копьютер алдында отырғанын құптайды, ол дұрыс емес. Үстел-үсті ойнында бала өзіне деген жауапкершілікті сезінеді, жұптасып, топтық жеңіске деген жігерлік сезімі пайда болады. Соның бір дәлелі «дойбы ойыны» бқл ойын барлығына таныс бірақ та қазіргі уақытта үлкендердің уақыт тапшылығына байланысты бұл ойынға сұраныс болмады.
Дойбы – зияткерлік спорт ойын түрі, баланың логикалық және жоспарлау ойын дамытады. Балаға әр жүрісті дойбы тақтайшасына ойлана отырып, жүру керек. Ойын барысында жүру маторикасы дамиды. Нәтижеге жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет.
- дойбы ойынына қызығушылық таныту;
- балаларды шығармашылық және спорттық ойын түріне жақындату;
- ата-аналарға ойын үйрету кезіндеі көмек;
- дойбы ойынын бала-бақшада ғана емес үйдегі бос уақытта ұйымдастыру.
Ойынды үйрету.
Бұл ойын сатылы түрде үйретіледі. Бірінші кезеңде, балалардың ойынмен танысқанда, тәрбиеші балалармен әңгіме жүргізеді. Балаларға үлкен, кіші, магнитті фишкаларды ұсынады. Одан кейін тақтайшаларды қарап, ақ және қара түсті жиекті белгілейді. Бала өзіне түсті, пішінді, материалдың үстін қарайла отыра, тәрбиешінің таратқан фишканы ішкі және сыртқы жағын зерттеп, қарайды. Екінші кезеңде тәрбиеші балаларға екі түрлі түсті фишка беріп түсіндіреді. Дойбы алаңда қара түсті торлармен қозғалып кедледі. Ол қарсыластарға ойын кезінде кездесу үшін айтылады. Тәрбиеші балаларға өздігінен фишкаларын дойб алаңының қалаған жеріне қойғызып, бірақ та қара түсті торларға қоюын қадағалу қажет.
Балалар дойбыны бақылап болғаннан кейін орындарына орналастырылады. Тәрбиеші балаларға екі түрлі фишкалардың тақтайшаның екі жағында орналасатының түсіндіреді. Добы тақтайшасының ортасы бос болып, ойын басталатын алаң болып есептеледі. Дойбыларды дойбы тақтайшасына 3 қатар, қара төркөздерге орналстырамыз. Екі балаға 12 фишкадан бөліп төркөздерге қоямыз. Мектепке дейінгі балалардың дойбы ойынына бірден сұранысы болмайды, ол біртіндеп жеке дара жұптасып, топтық жұмыс болып дамиды. Ойынды үйрету, ойын үстінде тәжірибе ретінде көрсетіледі. Басында ойынға қызығушылығы артпаған баланың ойынға деген сезімі екінші кезеңде оянады. Тәрбиеші өткен сабақтарды қайтала отырып үйренеді. Үйренген балалар келесі балаларды үйретеді. Ойын шартының мазмұны: қарсыластың дойбысын жою, дойбыны алға жүреотырып, қарсыласқа төтеп беру жәй фишка артқа жүре алмайды. Жеңілген деп дойбы алаңында дойбы қалмағанда немесе жүрістін алдын алып тастағанда есептеледі. Дайындық ойыны з фишкалармен ойнатылады. Олардың жүрістері ойын кезіндегі қиыншылықтарға төтеп беру. Қарсылас дойбылар қиғаш тұрғанда қарсыластың атқы алаңы бос . Тәрбиешіні балаларға ойын барысында дойбыны жеп қою тәсіліндегі дойбыны алаңнан алып тастау керектігін түсіндіру керек. Жәй добы ол тек бір адым алға және бір адым артқа жейді. Келесі кезеңде әрбір жеңістің өзінің батыры болатынын айту керек. Жәй дойбы және би дойбасы болады. Би дойбысы дойба тақтайшысының ұзын, көлденең қисық сызықтармен жүреді. Олар жәй дойбымен шатастырмау үшін басқа түс қоямыз. Осы жатттығуларды аяқтағаннан кейін ойынды бастаймыз. Ойынды үнемі ақ ойбы бастайды. Бірінші сабақтарда дойбы ойынын үйретуде ұқсас жұптарды табуға болады. Бұл топтық жұмыста екі баланың мықты қарсылас болатындығына сенудеміз. Балалардың өздеріне жұп іздеуіне жол бермеуіміз керек, себебі кейбір балалар өздерінен әлсіз балаларды қояды, бұл дұрыс емес. Баланың ойынды үйреніп келе жатқан баламен емес өзіне сай қарсыласпен күш сынстыруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет