Туралы әдістеме қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін


Банкроттыққа арыз тапсырған соң Борышкер осы жөнінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кредиторға хабарлама жіберуге міндетті



бет2/5
Дата16.03.2023
өлшемі107,32 Kb.
#172680
1   2   3   4   5
Байланысты:
банкротство әдістеме
аид

Банкроттыққа арыз тапсырған соң Борышкер осы жөнінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кредиторға хабарлама жіберуге міндетті.

  1. Банрот деп тану

Туралы шешім қабылдау

Арызды қабылдаған соң уәкілетті орган мыналарды істейді:


  1. Егер құжаттар дұрыс жиналса Уәкілетті орган борышкер туралы мәліметтерді 15 (он бес) жұмыс күні ішінде «Электрондық үкімет» веб- порталында орналастырады.

  2. Егер борышкердің өткізген құжаттары заңның 5-бабында көрсетілген талапатарға сай келмесе оған қатысты банкроттық рәсімін қолданудан бас тартылады.



Егер арыз қабылдаудан бас тартса не істейміз?


Банкроттықтан бас тартылған жағдайда Борышкер қайтадан арыз тапсыра ала ма?


Егер борышкерге соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізуден бас тартылса, бас тартуға себеп болған негіздерді жойғаннан кейін, бірақ бас тартуды алған күннен кейін 3 үш ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды қайтадан беруге құқылы.


Банкроттыққа арыз тапсырған соң Борышкер не істеуге міндетті?


Заңның 7-бабының 2-тармағында соттан тыс банкроттық кезіндегі міндеттері бекітілген.
Соттан тыс банкроттық кезінде арыз тапсырылған соң Борышкер ол жөнінде Кредиторды жазбаша хабардар ету керек.
Заңның 7-бабының 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Соттан тыс банкроттық рәсіміне арыз тапсырғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Кредиторларды осындай арызбен жүгінгені туралы хабардар ету.


Кредиторларды хабардар ету әдіс-тәсілі:


Кредиторларды хабардар ету туралы хат жазбаша түрде жасалады.


Хабарламада келесі ақпарат көрестілуі тиіс:


  1. Кредитордың атауы;

  2. Борышкердің аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, телефон нөмірі, болса электронды поштасы;

  3. Банкроттыққа арыз тапсырылғанын және оның күнін көрсету керек;

  4. Банкроттыққа тапсырылған арыздың көшірмесі және тапсырғанын растайтын дәлелді тіркеу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет