«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»



бет7/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)
айтылымдар, 1, 36. Ш-Университет студенттері үшін сауалнама (жұмысқа орналастыру бойынша), music - exercises 0, 2 5247087251178918766
Белжайлау - табиғаты өте тамаша, хош иісті өсімдіктер түрлері (еңлікгүл, еркекшөп, қозыгүл, күреңот, қорғасын, т.б.) көп кездеседі. Әр қапталдан тау беткейлерінен гүрілдеп қырық бұлақ ағады.
Қорыта келгенде, болашақта Панфилов ауданында туризм саласының дамытуға зор мүмкіншілік бар.
13.Қола дәуірінде Алматы аумағы мен оның өңіріндегідей, б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтың бас кезеңіне жататын «Анронов мәдениетінің» тұрақтары мен қорған-обалары пайда бола бастайды. Қоныс егіншілікпен, мал өсірумен және қолөнерімен айналысты. Ол жергілікті жерде «Тянь-шань» және «Көлсай мәдениеті» деп аталды. Ою-өрнекпен әшекейленген керамика бұйымдар, балталар, егін оратын қола орақ, тастан әллеміш заттар жасады. Жартастардың күн қақтаған жазық беттеріне көне суретшілер екі аяқты күйме арбалардың, күн басты құдайлардың бейнесін, ғұрыптық билер мен басқа да көріністерді шекіп түсірді . Алтыннан соғылған, көркемдік деңгейі жоғары алғашқы зергерлік заттар да осы кезеңге жатады. Жетісудағы Қапал селосының маңындағы Мыңшұңқыр обасынан табылған қола ғасырының кейінгі кезеңіне (б.д.д. ХІІ-Х ғғ.) жататын сырғалар ерекше жасалған. Олардың ішкі бетінде құланға ұқсайтын, тұрқы аласа дала жылқысының екі мүсіншесі орнатылған. Қола дәуірінде мыс пен қалайының, қорғасынның қоспасынан қола қорытылып шығарылды. Өте берік әрі созылмалы металдан қару-жарақ пен еңбек құралдары: найзаның ұштары, айбалталар, ағаш ұқсату мен топырақты өңдеуге арналған балта-шоттар, пішен шабатын қол шалғылар жасалды. Сұрғылт түсті тастан жасалып, жақсылап қырналып, өңделген тас келсаптар өте әсемдігімен ерекшеленеді. Олар ем-домдық дәрі-дәрмекті келіде түйіп, ұсақтау үшін қолданылған. К.М. Байпақов пен Т.В. Савельева еңбегінде: «Бұл шамандық емдеу тәсілінде еліктіргіш әсер тудырып, адамды ерекше күйге бөлейтін дәрі-дәрмек түрлері де болуы ықтимал» деп түйін жасайды. Тастан бидай тартатын қол диірмендер жасалған. Қола дәуірінде көзешілер, әдетте олар әйелдер болып келетін, саз балшықтан отқа күйдіріп құмыралар жасады. Керамика бұйымдар көне замандардың өзінде-ақ ою-өрнектермен безендірілген, оларды шикі балшықтың бетіне сызып түсірген немесе арнайы ирек тісті қалыппен бедерін басып шығарған
14.Іле ауданданында 1997 жылға дейін етті-сүтті мал, биязы жүнді қой, жылқы, шошқа, құс, астық, қант қызылшасы, көкөніс, бақша, жүзім-жеміс, балық аулауға маманданған 2 ұжымшар, 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, 1 құс фабрикасы, 1 құс зауыты болды. 1997 жылдан олардың барлығы жекешелендіріліп, 6 АҚ-ға, ЖШС-ке, 1,2 мыңға жуық шаруа қожалықтарына біріктірілді. Ауданда 17 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын бар, олар: темір-бетон өндіретін “Ремстройтехника” АҚ (Первомайский кентінде), қағаз-картон өнімдерін жасайтын “Іле қағаз-картон комбинаты” АҚ (Боралдай кентінде), “Алкан Пекинджиг Қазақстан” ЖШС-і (Өтеген батыр кенті), “Алматы қанты” АҚ, сүт өнімдерін өндіретін “Райымбек Агро” ЖШС-і (Өтеген батыр кенті), темекі өнімдерін өндіретін “Филипп Моррис” пен Галлахер Қазақстан” ЖШС-тері (Өтеген батыр кенті), темір-бетон шпалдары, құс еті мен құс шұжығын өндіретін “Бент” АҚ-ы (Первомайский кенті), “Стекольный комбинат САФ” АҚ-ы (Первомайский кенті) және жүзім шарабын өндіретін “Ақжол” ЖШС-і (Түймебаев а.), сонымен бірге Өтеген батыр кентінде ЖЭО-3 (бұр. Алматы ГРЭС-і) орналасқан. Ауданда 2006 ж. басында 38,7 мың ірі қара, 102,0 мың қой, 3,9 мың жылқы, 0,86 мың түйе, 32,3 мың шошқа, 1,65 млн. құс болды. А. ш-на жарамды жердің жалпы аум. 592,0 мың га, оның ішінде: жыртылатын жер 76,4 мың га, жайылымы 511,8 мың га, шабындығы 1,0 мың га.
15. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен. Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры ІІ Юстинианның стратгі Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар он атаған.Осымен қатар ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған. Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа енген. Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойын
дағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін қазір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның бінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерде, Талас бойымен теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Нуджикес қаласы тұратын
16.
Жетісуда 9 – 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 – 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 – 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. 10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 – 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалғанОңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанменжалғастыратын Ұлы жібек жолыныңбойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы АспараШігілбалық, Атын, СемекинаТалхизМеркеҚұланИсфиджабУсбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.
17. Мушкетов Иван Васильевич (1850 жылы9 қаңтар, Ресей, қазіргі Волгоград облысыАлексеевская станциясы – 1902 жылы 10 қаңтар, Санкт-Петербург) – орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілердің бірі. Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1872). 1874 жылы Түркістан генерал-губернаторыныңжанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алтай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға ат салысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық құрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 ж. Г.Д.Романовскийменбірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмыныңшығу тегін, Каспий теңізі. деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттепБатыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. 1887 ж. Верныйға келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық “Түркістан” деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геологиялық және орографиялық толық сипаттамасы берілді. Мушкетов әр жылдары Оңтүстік ОралдаКавказдагеологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық “Физикалық геология” атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған.
Шығармалары

  • Туркестан, т. 1 – 2, СПб., 1886 – 1906; Физическая геология, ч. 1 – 2, СПб., 1888 – 91;

  • Геологические исследования в Киргизской степи в 1814, Тр. Геол. ком., т. XІV, ғ5, 1896.

18. Қарасай ауданы — Алматы облыстыңоңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 ж. құрылған. Алғашында Ленин, кейіннен (1935 ж. дейін) Калинин, 1935 жылдан Қаскелең, 1998 ж. қыркүйек айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің аумағы 2,1 мың км². Тұрғын халқының саны 159,1 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 67 елді мекен 1 қалалық әкімшілікке және 12 ауылыдық әкімшілік округке біріктірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет