У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет25/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру еліміздің білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Сапалы білім алуға қол жеткізу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен барлық білім алушыларға, жеке мүмкіндіктеріне қарамастан, ерекше білім берілуіне қажеттілігінің (ЕБҚ) әртүрлілігін ескере отырып кепілдік берілген. ЕБҚ бар азаматтардың сапалы оқытуға тең қол жеткізуге жағдайларын жасау болашақта үлкен артықшылықтарға ие. Бұл, ең алдымен, табысты әлеуметтік бейімдеу және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі. Инклюзивтік ортада білім ала отырып, ЕБҚ бар балалар ашық болуға, өмірлік қажетті коммуникация дағдыларын, қоршаған адамдармен өзара іс-әрекет жасауға үйренеді. Ерте әлеуметтік инклюзия болашақта заманауи өмірге бейімделе алатынына сенімділіктің кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының саясаты барлық азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәртебесіне қарамастан сапалы білім алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»,-деп атап көрсетілді [1].

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді дамыту саясаты жарияланған. Сонымен бірге мектепке дейінгі және жоғары білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай түсінік аппараты мен осы саясатты іске асыру тетігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Инклюзивті білім беру – әрбір адамның қандай да бір кемсітушіліксіз білім алу құқығын жүзеге асырудың дамыған халықаралық қоғамдастықта танылған құралы, сондай-ақ, әлемнің көптеген елдерінде білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыты болып табылады.

Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің маңызды міндеті – әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

Әрбір педагогикалық ұжым жоғары инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жолында, инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асырудың күнделікті тәжірибесі мінез-құлықтың әдеттегі схемасына айналуына ұмтылуы тиіс. Мұның базалық негізі инклюзивті білім беруді нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді білу болуы тиіс. Білім беру ұйымдарының басшылығы қызметтін жоспарлау кезінде білім беру процесінің барлық қатысушыларын халықаралық және отандық деңгейде инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттармен ақпараттандыру мәселелерін ескеруі қажет.


125- кесте - Инклюзивті білім беру шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілер Халықаралық құжаттар

«Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы» БҰҰ Конвенциясы (1960 ж.)


Негізгі идея: білім берудің жалпыға қол жетімділігіне және оқыту сапасына қатысты тең жағдайларға құқық.

2016 жылғы қаңтарда ҚР Үкіметі бекіткен.



«Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясы (1989 ж.)

Негізгі идея: қандай да бір кемсітусіз тегін және міндетті білім алу құқығы.

1994 жылғы маусымда ҚР Үкіметі бекіткен.



«Барлығы үшін білім беру» Декларациясы (1990 ж.)


Негізгі идея: барлық адамдарға – балаларға, жастарға, ересектерге-олардың базалық білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған білім алуға мүмкіндік беріледі.

«Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру саласындағы ұстанымдары, саясаты және практикалық іс-әрекеттері туралы» Саламанка декларациясы.

Саламанка, Испания, 1994 ж

Негізгі идеялар: білім беру саласында ерекше қажеттілігі бар тұлғалар педагогикалық әдістер негізінде оларға жағдай жасауы тиіс, кәдімгі мектептерде оқуға қол жеткізуі тиіс.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция

(2006 ж.) Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы N 711 Жарлығы


24-баптың негізгі идеялары:

1. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға құқықтарын таниды. Осы құқықтарды кемсітусіз және мүмкіндіктерінің теңдігі негізінде жүзеге асыру мақсатында қатысушы мемлекеттер барлық деңгейлерде инклюзивті білім беруді және өмір бойы оқытуды қамтамасыз етеді, бұл ретте:

а) адами әлеуетін, сондай-ақ қадір-қасиеті мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін толық дамытуға және адам құқықтарын, негізгі бостандықтарын және адами алуан түрлілікті құрметтеуді күшейтуге;

b) мүгедектердің жеке тұлғасын, талантын және шығармашылығын, сондай-ақ олардың ақыл-ой мен дене қабілеттерін толық көлемде дамытуға;

с) мүгедектерге еркін қоғам өміріне тиімді қатысу мүмкіндігін беруге ұмтылады.

2. Бұл құқықты жүзеге асыру кезінде мемлекеттер:

а) мүгедектердің жалпы білім беру жүйесінен, ал мүгедек балалар – тегін және міндетті бастауыш және орта білім беру жүйесінен мүгедектігі себепті шығып қалмауын;

b) мүгедектердің өздерінің тұратын жерлерінде инклюзивті, сапалы әрі тегін бастауыш және орта білім беруге басқалармен теңдей дәрежеде қол жеткізуін;

c) жеке қажеттіліктерді ескеретін ақылға қонымды құрылғымен қамтамасыз етілуін;

d) мүгедектерді тиімді оқытуды жеңілдету үшін оларды жалпы білім беру жүйесінің ішінде қажетті қолдауға ие болуын;

e) білімді игеру мен әлеуметтік дамуға барынша жағдай жасайтын ахуалда, соған сай толық қамту мақсатындағы жеке қолдауды ұйымдастыру жөніндегі тиімді шаралар қабылдануын қамтамасыз етеді.

ҚР Үкіметі 2015 жылы бекіткен



Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет