Учебная программа по предмету «русский язык»


Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөзжасам. Туынды сөздер топтары. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері



бет12/19
Дата08.07.2017
өлшемі3,82 Mb.
#20783
түріУчебная программа
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөзжасам. Туынды сөздер топтары. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.


Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; ыңғайлас салалас, себептес салалас, қарсылықты салалас сөйлемдерді қолдану. Сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері. Төл сөз бен төлеу сөз.


Бақылау жұмысы: Мазмұндама (1сағат).
Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлау элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлау элементтері арқылы сипаттау.

Тақырыптар мен тақырыпшалардағы ойды, ақпараттарды түсініп, сол тақырыптар аясында өз ойын еркін жеткізеді, өз пікірін, көзқарасын білдіреді, оның дұрыстығын дәлелдейді.



Бағалау параметрлері:

Қазақстандағы таңдаулы білім ошақтары, бәсекеге қабілетті мамандар, ұлттық кадрлар, еліміздегі білім беру жүйесіндегі тың серпіліс, кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар, Болон конвенциясы туралы түсінік қалыптастыру.

Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:


  1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

  • Қазақстан білім беру жүйесіндегі жаңалықтар, мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды даярлауға жасалып жатқан мүмкіндіктер, функционалдық пен құзыреттілікке басты мағына беретін Болон конвенциясы мен кредиттік оқу жүйесінің артықшылықтары туралы мәліметтер алу, оған өз көзқарастарын білдіру, айтылған пікірлерін дәлелдеу.

    1. Монологтық сөйлесім бойынша:

- лексикалық мәтіндердегі негізгі ойды түсініп, оған өз көзқарасын, пікірін білдіре отырып баяндау.

1.2. Диалогтық сөйлесім түрінде:

- мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, берілген ой төңірегінде сұхбаттаса алуы.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.

1.4. Жазбаша түрде:

- меңгерген тақырып бойынша өз ойын қысқаша әрі жазбаша түрде бере алу, берілген мәтіндегі сөйлемдердің түрлерін анықтап, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу, мәтіндегі тілдік көркем-бейнелегіш құралдарды жазуда қолдана алу.

Оқушы:

- көрген және оқыған мәтіндерді бағалап, қажетті ақпараттар ала отырып, өз пікірлерін білдіре ;

- оқу бағдарламасындағы қажетті тілдік материалды, грамматикамен жұмыс істеу барысында терминдердің мәнін, қолданысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп түсіндіріп айта алуы тиіс;
10-модуль. Заманауи технологиялар (10 сағат)

XXI ғасыр ақпараттық технологиялар дәуірі

Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың дамуы. Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы. Ғаламтор – әлемдік желі.


Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; себеп бағыныңқылы сабақтас, мезгіл бағыныңқылы сабақтас, мақсат бағыныңқылы сабақтас, шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді қолдану. Сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.


Бақылау жұмысы: Шығарма (2сағат).

Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлау элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлау элементтері арқылы сипаттау.

Бағалау параметрлері:

Қазақстандағы ақпараттық технологиялар саласының дамуы, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық сауаттылық, ғаламтор және әлеуметтік желілер, компьютердің зияны мен пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:

1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

1.1. Монологтық сөйлесімде:

- ақпараттық технологиялар туралы мәтіндер арқылы меңгерген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтіндегі ойды өз сөзімен, өз пікірі мен көзқарасын білдіре отырып баяндау.

- осы мәселеге қатысты қосымша ақпараттарды әзірлеп, жеткізе білу.

1.2. Диалогтық сөйлесім түрінде:

- екі немесе одан да көп адамдармен аталған тақырып аясында диалогқа түсуі, олардың пікіріне өз қарсылығын немесе құптауын білдіру, пікір сайысқа қатысып, өз ойының дұрыстығын дәлелдеу.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.

1.4. Жазбаша түрде:

- мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, күрделі жоспар құру, шағын эссе жазу.

Оқушы:

- жаңа сөздерді өзара қарым-қатынаста мағынасына қарай дұрыс қолдана алуы;

- тақырып төңірегінде және қатысым жағдайында өз ойын, пікірін айта білуі;

- тіл мәдениеті нормаларын (сөйлеу, тыңдау әдебі, әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік қолданыстар т.б.) сақтай отырып, сауатты да әсерлі жаза алуы;

- сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерінің жасалу жолын меңгеруі тиіс.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Қазақ тілі пәнінен ұсынылатын білім мазмұны бойынша 12-сынып оқушылары:

Тыңдалым бойынша:

- хабарламаны тыңдай отырып, әдеби нормаға сай сөйлемдерді, нақты айтылған ойды, тақырыпқа қатысты айтылған  ақпараттарды түсіне және өмірде қолдана алу, ғаламдық тақырыптағы мәтіндерде көтерілген мәселенің астарлы ойын, сөйлеушілердің ойын толық түсінуі тиіс.



Айтылым бойынша:

- өз ойын жеткізу барысында түрлі  оқиғалар, өзінің алдына қойған мақсаттары туралы айта алуы, өз көзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіруі, өз ойын жеткізу барысында түрлі  оқиғалар, өз арманы, үміті, жоспарлары жайлы айта білуі тиіс.



Оқылым бойынша:

- мәтін бөліктерінің өзара байланысын ажырата отырып, күнделікті және өзінің жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне байланысты мәтіндерді оқып түсінуі, адамның көңіл-күйіне қатысты және сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғынуы тиіс.



Жазылым бойынша:

- ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша  өз ойын, өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа мәтіндерді жазып, берілген мәтінді түріне қарай ажырата, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізе білу, мәтіндегі тілдік көркем-бейнелегіш құралдарды таба біліп, салыстыруы тиіс.

Лексика:

Сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажырата;

Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, афоризмдер, омоним, антоним, синоним сөздерді сөйлеуде қолдана білуі тиіс;

Грамматика:

Сөз таптарының сөйлемдегі синтаксистік қызметін ажырата;

Құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата;

Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтарын меңгере білуі тиіс.



Оқушылардың өздік жұмысының тақырыптары

Каталог: materials
materials -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
materials -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
materials -> Д. И. Победаш Международные режимы
materials -> Книга Юрия Никулина «Почти серьезно »
materials -> Темы контрольных работ по дисциплине «История бухгалтерского учета»
materials -> Сабақтың тақырыбы : Квадраттық функция Сабақтың мақсаты: Білімділік
materials -> Материалдары
materials -> «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»
materials -> Сабақ тақырыбы Жер және ғарыш Ғарыш дегеніміз не? Оқу мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет