Учебно методический



бет189/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

Тақырыптық жоспар
Гинекология бойынша студенттердің өзіндік жұмысы









Блок

Тақырып атауы

Өткізу түрі

Сағат саны



БЛОК №7. Жалпы гинекология





1

7

Аналық безінің апоплексиясы. Клиникасы, диагностикасы, оперативті емге көрсеткіштері.


Аналық безінің апоплексиясымен ауру тарихын рецензиялау. Ситуациялық есеп. Диагностикалық, дифференциалды диагностикалық және емдеу алгоритмдері.

6



2

7

Жатырдан тыс жүктіліктің хирургиялық емінен кейінгі гинекологиялық науқастардың реабилитациясы.



Жобалық жұмыс (презентация)

6



3

7

Ерте және кеш кезеңдерде жүктілікті жасанды үзу әдістері. Қауіпсіз түсік.

Жобалық жұмыс (презентация)

6



4

8

Жатыр миомасының диагностикасы мен емінің заманауи аспекттері.

Диагностикалық алгоритм, ситуациялық есеп

6



5

8

Эндометриоздың диагностикасы мен емінің заманауи аспекттері. Қыздар мен менопауза кезіндегі эндометриоздың ерекшеліктері.

Ситуациялық есеп

6



6

8

Некедегі бедеулікті емдеудегі заманауи қосымша репродуктивті технологиялар.

Жобалық жұмыс (презентация)

3



Барлық сағат саны: 33





Блок №7
Сабақ № 1
Тақырыбы:Аналық безінің апоплексиясы. Клиникасы, диагностикасы, оперативті
емге көрсеткіштері.

2. Мақсаты:


● Аналық без апоплексиясының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емдеу әдістерін оқу.
3. Тапсырма:
● Аналық без апоплексиясы ауру тарихын талдау, ситуациялық есептер құру және шешу, тесттік тапсырмаларды шешу, аналық без апоплексиясы кезіндегі диагностикалық және дифференциалды диагностикалық алгоритмін, емдеу жоспарын құру.
4. Орындалу түрі:
● Ситуациялық есептер, диагностикалық және дифференциалды диагностикалық алгоритмін, емдеу принциптерін құру.
5. Орындалу критерилері

    • Ситуациялық есепте гинекологиялық анамнездің, етеккір циклының ерекшеліктері, шағымдар, клиникалық жағдай, қосымша зерттеу әдістердің нәтижелері, емдеу жоспары көрсетілу қажет.

    • Диагностикалық, дифференциалды диагностикалық алгоритм және емдеу жоспары кесте түрінде ретті құрастырылу қажет.

6. Өтізу мерзімі5күн
7. Бағалау критерилері:
Кафедра талаптарына сәйкес тапсырманы мерзімінде өткізу
Ескерту:студентке «қанағаттанарлықсыз»бағасы берілген тақырып бойынша білімінде қиындықтары туса және тапсырманы орындау барысында күрделі қателіктері жіберілген болса қойылады. «Қанағаттанарлық»бағасы берілген тақырып бойынша көлемді білімі бар, бірақ тапсырманы орындау барысында қателіктері кеткен студентке қойылады. «Жақсы» бағасы тақырып бойынша толық материалды игерген, бірақ тапсырманы орындау барысында кішігірім қателіктері бар студентке қойылады. «Өте жақсы»бағасын тақырып бойынша жан-жақты, терең білімі бар және тапсырманы орындау барысында ешқандай қателіктері жоқ, шығармашылықпен орындаған студентке қояды.

8. Әдебиеттер:


Негізгі
●Орыс тілінде
1.Дәрістер.
2.Василевская Л.Н. Гинекология, М., Москва, 1995, стр 75-130.
3. Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология, С-Петербург, 1995, книга 2, стр 11-21, 45-64.
4. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 200
5. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

●Қазақ тілінде


Негізгі
1. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

2.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.


3. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.


Қосымша:
●1. Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология, С-Петербург, 1995, книга 2, стр 11-21, 45-64.
● А.Н. Стрижаков, А.И. Давыдов и др. Избранные лекции по акушерству и гинекологии.-Ростов на Дону, 2000.
●Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- С 251-316.

9. Бақылау


Тесттер
1. Аналық без апоплексиясы жиі пайда болады:
А) етеккір циклының бірінші фазасында
Б) етеккір циклының ортасында және екінші фазасында
В) етеккір циклының екінші фазасында
Г) етеккір циклының ортасында
Д) етеккір циклының фазаларына тәуелді емес

2.Аналық без апоплексиясының келесі клиникалық түрлері бар:


А) ауру, анемиялық
Б) гипотониялық, гипертониялық
В) геморрагиялық, анемиялық
Г) жедел, созылмалы
Д) серозды, іріңді

3. Аналық без апоплексиясы кезінде келесі лабораторлы нәтижелер байқалады:


А) ХГ теріс тест
Б) ХГ оң тест
В) лейкоцитоз
Г) тромбоцитоз
Д) гипрепролактинемия

4. Шокты индекс мыналардың қатынасынан тұрады:


А) артериалды қысымның пульсқа
Б) пульстің систолалық артериалды қысымға
В) пульстің диастолалық артериалды қысымға
Г) пульстің орта артериалды қысымға
Д) систолалық артериалды қысымның пульсқа

5. Аналық без апоплексиясының консервативті емі көрсетілген:


А) анемиялық түрінде
Б) ауру сезімі түрінде
В) аралас түрінде
Г) жедел түрінде
Д) созылмалы түрінде

6. Аналық без апоплексиясының оперативті емі көрсетілген:


А) анемиялық түрінде
Б) ауру сезімі түрінде
В) аралас түрінде
Г) жедел түрінде
Д) созылмалы түрінде

7. Аналық без апоплексиясының дифференциалды диагностикасы жүргізіледі:


А) жатырдан тыс жүктілікпен
Б) сальпингооофоритпен
В) эндометритпен
Г) кольпитпен
Д) бартолинитпен

8. Геморрагиялық шок кезінде шокты индекстің 1 дәрежесі тең:


А) 0,5
Б) 1,0
В) 1,5
Г) 2,0
Д) 2,5

9. Геморрагиялық шок кезінде шокты индекстің 2 дәрежесі тең:


А) 0,5
Б) 1,0
В) 1,5
Г) 2,0
Д) 2,5

10. Геморрагиялық шок кезінде шокты индекстің 3 дәрежесі тең:


А) 0,5
Б) 1,0
В) 1,5
Г) 2,0
Д) 2,5

Жауаптар эталоны:


1.Б
2.А
3.А
4.Б
5.Б
6.А
7.А
8.Б
9.В
10.Г


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   199




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет