Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет12/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Пирамидалардың даму кезеңдері
1. Алғашқыда бейіттердің жерасты бөлігі үстінде топырақ 
үйіндісі бар жерлеу камералары түрінде жасалды. Перғауындардың 
еңкіш қабырғалы және жазық төбелі 
мастаба
деп аталатын (тас 
орындық-араб.) алғашқы мәйіттері егіншілердің лашықтарына ұқсас 
болып келді. Біртіндеп жерасты бөлік кеңейтіліп, жерүсті бөлік тас-
пен қапталды. Бірнеше 
кенотаф 
– жалған молалы камералар жаса-
лып, үй аспаптары, әшекейлерді салуға арналған бөлмелер орнаты-
лып, нағыз молалар жасалды. Кіреберісте аласа алаңда бұқалардың 
бас мүсіні орнатылды (тотемдік наным).
Ішкі өңдеуге ағаш пен тас пайдаланылды. Кейінірек мастаба ал-
дында сыйыну алаңдары пайда болды. Жерүстіндегі бөлікте құдайлар 
мен перғауындардың мүсіні мен өлген адамдарға ғибадатханалар 
тұрғызылды. Тотемизм жойылған кезде кіреберістегі бұқа бастары 
да жойылады.
2. 
Сатылы
пирамидалар бірінің үстіне бірі қойылып, 
жоғарылаған сайын кішірейе түсетін бірқатар мастаба пішіндерінен 
тұрады. Саккарадағы Джосер пирамидасы мысал бола алады (б.з.д. 
2650 ж., сәулетшісі – Имхотеп). Пирамида ІІІ әулеттің негізін 
қалаушы Санахта пирамидасының орнына ұсақ тас блоктардан са-
лынады. Жоспарда пирамида тік бұрышты (107 х 116 м). Кешеннің 
сәнді етіп безендірілуінің маңызы зор. Сыйыну орны уреялы ернеу-


17
мен аяқталған. Моланың тас қалауы ағаш конструкцияларға ұқсайды. 
Әшекейбедер өрнегінде және бағаналардың әсембағандарында лотос, 
папирус гүлдері түйнектерінің стильденген бейнесі пайдаланылған.
Пирамиданың әшекейі жоқ, ол қарапайым, ықшамды, әсерлі. 
Алғаш рет қабырғамен қатар тұрған және күшті көтермейтін жарты-
лай бағаналар мен бағаналар қолданылады. Пирамиданың 6 қабаты 
және 1 жерасты қабаты бар. Пирамиданың биіктігі 60 м. Кейбір 
бөлмелердің ішінде жасыл фаянс тақталардан панно сақталған.
Тас ғимараттың алғашқы құрылысшысы, астроном және 
дәрігер Имхотептің данышпандығы – ежелгі мысырлық сәулет та-
рихында алғаш рет 1500 шаршы метрлік алаңда сәулет кешенін 
құруы. Басты құрылыс айналасына Имхотеп аулалар, соның 
ішінде перғауындардың жүгіру рәсіміне, сыйынуға, марқұмдардың 
ғибадатханаларына арналған аулалар, жартылай бағаналармен 
безендірілген дәліз тәрізді жол орнатты.
3. Медумдағы үш сатылы пирамида 
(2а-сурет)
пирамида-
лар құрылысының келесі сатысы болып табылады. Ол ІІІ әулет 
перғауыны пирамидасының орнына салынды. Алғашында пира-
мида қалау қатарын тұрғызғанда біртіндеп қапталған 7 сатыдан 
тұрды, ал олардың арасындағы аралықтар құрылыс материалының 
сынықтарымен толтырылып, олар да қапталды. Қазір пирамиданың 
2 сатысы қалған және үстіңгі бөлігі қатты бүлінген.
4. Дашурадағы Снофру пирамидасының қырлары түзу емес 
қисық, 
(26-сурет)
жоғарғы бөлігі еңкіш болып келген. Оның ішіне 
алғаш рет тіреудің конструктивтік рөлін атқаратын еркін тұрған 
бағандар қолданылған. Жанында марқұмдардың 2 ғибадатханасы 
бар.
5. Ғизадағы классикалық пирамидалар, б.з.д. 27 ғ. 
(3-сурет).
Гректер Хеопс, Хефрен және Миккерин деп атаған ІV әулетті 
басқарған, Хуфу, Хафра және Менкаура перғауындардың Ғизадағы 
әйгілі пирамидаларының құрылысы талайларды тамсандырып 
келеді. Ондағы айбындылық пен қуаттылық идеясы толық іске 
асырылды. Пирамида дұрыс бағытталған, кенотафтары, қазына 
қоймасы, көптеген жалған жолдар мен камералар, әртүрлі дыбыстық 
және басқа «қорғау» әсерлері бар.
Хеопс пирамидасының биіктігі 146,6 м. (қазір – 137 м.) және 
негіз ұзындығы 234 м. Сәулетшісі Хеопстың жиені Хемиун.


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   340




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет