Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет14/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Орта патшалық
Халық көтерілістері, өзара соғыстар мен билік үшін күрестер 
Ежелгі және Орта патшалықты бөліп тұрады.
Елдің жаңа бірлестігі ХІ-ХІІІ әулеттерге жатады. Суландыратын 
арналарды көбейту мен кеңейту, Ніл атырауының үлкен аумағын 
құрғату, бөгеттер мен су қоймаларын салу сияқты (Меридов көлі 
және б.з.д. 1934 жылы Сезострис перғауынның Суэцк арнасын 
жүргізуінің 1-әрекеті) қарқынды гидротехникалық жұмыстардың 
арқасында сауда айналымы көбейіп, Мысыр мемлекеті гүлдену 
шегіне жетті – Орта патшалық келді. Астанасы Фива қаласы болды.
Қаланы сыртқы шабуылдар мен су тасқынынан қорғау үшін 
дуалмен қоршайды. Қабырғасының қалыңдығы 8 метрге дейін 
баратын және арматураның рөлін атқаратын бөренелермен 
қамалдар тұрғызылады. Қорғаныс қасиетін күшейту үшін қабырға 
сызығын қисық етіп жасайды, контрфорсты (шала өңделген) соғыс 
мұнараларын алға шығарып қояды.
Қала құрылысы дұрыс жолға қойылмаған, тек астрономиялық 
бағыт есебімен діни орталықтарда ғана дұрыс ұйымдастырылған. 
Ғибадатхана жолдарына пальмалар отырғызылады. Ақсүйектер 
тұратын қала бөліктері – мекендер ғана көркейтілген. Құлдар мен 
кедейлер тұратын қала бөліктері казармалық сипатта және олардың 
тікбұрышты жайғастыру жоспары бар.
Ақсүйектер үйлерін ішкі баспалдақпен 2-3 қабатты етіп 
тұрғызады. Тұрғын бөлмелер солтүстікке бағытталып, хауызды 
баққа шығады.
Сарай құрылыстар күйдірілмеген кірпіштен салынған, 
сондықтан ескерткіштер сақталмаған, тек Аменемхет І перғауынның 
сарайы туралы жазбаларында айтылады. 


21
Әр перғауын әдетте, өзіне жаңа резиденция салғызған. Онымен 
бірге жақындарының мекендері орналастырылған. Ескі мекендер 
босап отырған.
Ежелгі Мысырда бірнеше қала түрлері: патша резиденциялары 
(Фива, Мемфис), шекара жанындағы аумақтардаға қамал-қалалар, 
ғибадатхана орталықтары (Луксор, Элефантина), сауда қалалары 
мен өлілер қаласы (Ғиза) қалыптасады.
Орта патшалық кезеңінде 
мысырлық бағаналардың
негізгі 
түрлері пайда болады. Бағана түптабан, оқпан және әсембағаннан 
тұрады. Тұрғын үй сәулетінде ағаш бағаналар – бағандар жиі 
қолданылды. Монументті имараттарда бағаналар тастан орындалды. 
Олардың типологиясы алуан түрлі, әсембаған пішініне байланысты. 
Бағаналардың ерекше түрлерін бөліп қарауға болады 
(4-сурет):
4-сурет
• бағаналар – бағандар, соның ішінде ойық тікжолақты, 
протодорикалық;
• пальма тәрізді;
• папирус тәрізді (ашық және жабық сібірткімен);
• лотос тәрізді (түйнектерімен және ашылған гүдерімен);
• композитті;
• гаторикалық (Гатор немесе Хатор әдемілік құдайы);
• осириялық бағандар.
Тұрғын үй аражабындарының ағаш арқалықтары тікелей баға-
наға жиі орнатылады. Монументті имараттардың тас бағаналарын-
да, әсембағандардың жоғарғы бөлігінде бағананы бөлшектердің 


22
уатылуынан сақтандыратын төрт бұрышты қималы қабақтас-
тақта болды. Қабақтасқа аражабындардың тас арқалықтары мен 
жабындардың тақталары орнатылды. Ежелгі Мысырда алғаш рет 
ордерлік жүйе 
қолданылды.
Ордер
– (тәртіп, қатар, лат.) – тірек-арқалық конструкциялардың 
белгілі көркемдік жүйесі. Мысырлық ордер бағаналар қатарынан 
және көркемдік безендірілген аражабын – антаблементтен, 
мысырлық антаблемент архиграв, білікше және биік өрнекернеуден 
тұрады.
Орта патшалық кезеңінде 
тасты
және 
жартылай тасты
марқұмдар ғибадатханасы дамыды, яғни молалар (пирамидалармен) 
марқұм ғибадатханаларымен және дұға оқу орындарымен қатар кел-
генде канондардан ауытқиды 
(5-сурет).
5-сурет
Фива қаласына жақын жерде орналасқан Дейр-әл-Бахридегі ке-
шен мысал бола алады. Оның құрамына бірнеше ғибадатханалық 
ансамбльдер кіреді. Жақсы сақталғаны Ментухотеп І, Аменем-
хет ІІІ марқұмдар ғибадатханасы және Хатшепсут әйел-перғауын 
ғибадатханасы болып табылады. Салтанатты залдар пандустар 
арқылы баруға болатын террасалаларда орналасқан. Діңмаңдайша 


23
бағаналары төрт қырлы бағандар пішінінде орындалған. Баға-
налардың бірінші қатарындағы иероглифтер сары түске, ал екіншісі 
көгілдір түске боялған. Діңмаңдайша қабырғалары түрлі түсті 
бедерлі болып келген. Перғауын моласы тізбекбағанды залдың 
астында, ал ашық аула еденінің астында перғауын әйелдерінің, 
жақындардың қабірлері болған.
Жарды жарып кірген ансамбльдердің жалпы ұзындығы 300 м-ге 
дейін жетеді. 
Әйел-перғауын Хатшепсут ғибадатханасында (б.з.д. 1525-1503 
ж.) сәулетші Сененмут Хатшепсутпен портреттік ұқсастығы бар 
құдай ана Хатордың басы орнатылған гаторикалық бағаналар, әдемі 
бедерлі бейнелер қолданылған. 
Орта патшалықтың маңызды ансамбльдерінің бірі – ауданы 
Аменемхет ІІІ тұсындағы 74 мың шаршы метр (305 х 244 м) аңыз 
болған Лабиринт құрылысы. 1,5 мың жерүсті және соншалықты же-
расты бөлмелер қазына қоймасының күрделі құрылымын құрады, 
олар таңдаулы абыз касталары үшін ғана ашық болды.
Орта патшалық өнері ақсүйектік сипатта болды. Бұл уақытта 
бедер өнері жетіле түсті, қабырғалар ойылған пішінді сурет-
мәтіндермен боялып әшекейленді.
Орта патшалық мәдениетінің көтерілуі азиялық тайпалар 
гиксостардың басып енуімен аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   340




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет