Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет87/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Ерте готикалық
 
- ХІІ-ХІІІ ғасырлар;
Кемеліне келген готикалық
 - ХІІІ ХІV ғасырлар;
Кейінгі готикалық 
- ХІV-ХVІ ғасырлар бірнеше кезеңнен өтеді.
Готикаға тән белгілер:
• шіркеу идеологиясын көрсету – бүкіл сәулет және мүсін 
тәсілдерімен айқындалатын жанды аспан сферасына көтеруге 
ұмтылу; 
• композиция тіктігі;
• қасбеттер мен интерьерлердегі жебе тәріздес аркалардың 
мотивтері;
• тіреулердің күрделі қаңқа жүйесі;
• қабырғалы тоғыспа.
Готика кезеңінде азаматтық құрылыс ерекше мәнге ие болады. 
Ортағасырлық қалаларда әртүрлі құрылыстар пайда болады:
• ратуштер – қаланың өзін-өзі басқару органдарының 
мәжілісіне арналған ғимараттар;
• қаланың қорғаныс имараттары;
сауда және қойма имараттары;
• монастырлық және діни имараттар;
• сарайлар.
Азаматтық құрылыс негізінен қаланың және бай қала 
тұрғындарының қаражатымен салынды. Қалаларды жоспарлау ро-
ман кезеңіндегі сияқты негізінен былыққан, жүйесіз, жер бедеріне 
байланысты болып қалды. Дегенмен жүйелі орналастырылған, 
тікбұрыш торлы көшелер, сондай-ақ тарамдалған сұлбадағы қалалар 


93
да болды. Қалалар бұрынғыдай алдында суы бар ор орнатылған 
қамал қабырғалармен қоршалды. Әсіресе, көтерілмелі көпірлер 
қойылған қосымша мұнаралары бар қала қақпалары бекітілді. 
Қала орталығы қала соборы мен ратуштары және сауда алаңы 
орналасқан қала алаңы болып табылады. Кейде мұндай алаңдар 
бір аймақта қосылып жатты. Бұл жерде тек сауда қатарлары ғана 
емес, сонымен қатар шолғыншы (дабыл) мұнарасы, қала бұрқағы 
орналасқан.
Цех үйлер, ақсүйектердің сарайлары салынды. Құрылыс тас пен 
кірпіштен салынды. Қатардағы тұрғын құрылыс 3-4 қабатты болды. 
Бірінші қабаттарда дүкендер мен шеберханалар, жоғарыда тұрғын 
үйлер орналасқан. Жоғарғы қабаттар ағаш қаңқада және төменгі 
қабаттан шығыңқы бүйірлік етіп салынды. 
Ратуштар қаланың билік иелеріне және өзін-өзі басқару орган-
дарына арнап тұрғызылды. Бірінші қабатта ашық аркалы галерея-
лары және аралықтары бар бірінші қабатта қоймалар мен қосымша 
бөлмелер, екінші қабатта мәжіліс залдары мен фойе, үшінші қабатта 
кеңселер орналасқан. Ратуштардың қасында конусты төбемен 
жабылған қоңырауы және сағаты бар мұнаралар жиі кездеседі. Мы-
салы, флорентий ратушасы. 
Ерте готикалық кезеңіндегі көптеген имараттардың готикалық 
стиліне де, сондай-ақ роман стиліне тән белгілері болды. Мысалы, 
Париждегі Құдай ана соборын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   340




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет