Қуыршақ театры арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттін дамыту Мақсаты



бет2/3
Дата31.08.2022
өлшемі24,37 Kb.
#148476
1   2   3
Байланысты:
уырша театры ар ылы мектепке дейінгі балаларды шы армашылы
КТЖ 1-2-3-5-6 Гулнара-3, КТЖ 1-2-3-5-6 Гулнара-3, дебат, Көрсетілім1, Көрсетілім1, 6- сынып қазақ әдебиеті, дарынды 1, 8 ГИМ Медия Жоспар
Театрлардың әртүрлілігі балалардың жан-жақты дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы театр түрін таңдауда, рөлдерді бөліп беруде. Бұлар түзетушілік-логопедтік жұмыста баланың тіл кемістігіне, жас ерекшелігіне, жеке психологиялық ерекшелігіне байланысты таңдалады.Театрлық ойындарды балалардың саусақ жаттығуына, яғни логоритмикаға қызығушылығын арттыру үшін, әдеби шығармаларды оқытуда, оларды кішкене рөлдерге бөліп, қуыршақтармен ойнап түсіндіруде баланың әдеби шығармаларды түсініп, орындай білуге деген қызығушылықтарын арттырады. Жұмыс барысында тақпақты мәнерлеп айтуда, өз ойын айтуда, кейіпкерлердің сөздерін айтуда балалардың сөздік қоры жақсы дамиды. 

Театр әлемімен танысу екі жастан басталады.Бүлдіршіндер тәрбиешінің көмегімен қуыршақтар театрін көре бастайды.


Үстел үстіндегі театры – бірінші сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі етілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн.Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтартеатрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптарданжасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер-театр»; магнит театры; «мачалка театры»; үстел үстіндегі кейіпкерлерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстанғандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар..
Екінші сәбилер тобында балалар қарапайым қуыршақтар театрын,үстел үсті театрін үйрене бастайды.ол үшін резиналы,жүмсақ,әр түрлі пішінді ойыншақтар қажет.Қуыршақтарды балалар қолдарына алып, оның қандай екенін,сипатын,мінезін,тұлғасын ажырата бастайды.Өзі арнайы диалог тауып,қуыршақпен сөйлесіп,тілін дамытады.Бұл жерде үлкендердіің көмегі қажет болады,өйткені сөздерді дұрыс айтуға,дұрыс сұрақ қоюға септігін тигізеді. Жылдың соңында екінші сәбилер тобының балалары үстел үсті театрін толықтай меңгеріп,өздері сахналап,қысқаша спектакльдерді ойнап бере алады.
Ортаңғы топта балалар ширмамен танысады,қолдарына арнайы қуыршақтарды киіп іс-қимылдарын,әуен ырғағымен немесе әнмен жақсы келтіре бастайды.
Ең көп тараған түрі – ойыншықтар театры. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды 
жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемде спектакльдер ойнайды. Онда адамдар рөлін ойыншықтар ойнайды.Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалары арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндейболады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді, олар тірі 
қуыршаққа ұқсайды. Өздеріне қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болыпүш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екібұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақпен жүргізушінің мойнына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылышығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өзкүшіне сене білуге көмектеседі. 
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлауқабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзінеберілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады. 
Көлеңкелі театр – жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әңдері көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойылымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреу мазмұның оқиды, екуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе калың кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіпарқылықозғалтады.Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардыңшығармашылықтарын арттырады, ой өрістерін дамытады. 

Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынасқа түсіп,бір-бірімен тіл табысады, 


адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.Балалар таныс ертегілерін қазақ тілінде үлкен жауапкершілікпен,қызығушылықпен рөлдерге бөліп сахналайды. 
Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын,дауыс ырғақтарын дәл салып,диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта біледі. 
Педагог балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып,олардың бойына күнделікті өмірге қажетті әр түрлі машықтарды қалыптастырады.Олар мыналар:ұжымдық өмірдің машықтары жолдасы дер кезінде көмек беру,айтқанды тыңдап бағына білу және т.б. Мәдениетті сөйлеу машықтары сыпайы қарым-қатынас жасау, аты-жөнімен атау, байсалды сөйлеу, айтайын деген ойын толық жеткізу, сөйлесіп тұрған екінші адамды тыңдай білу және т.б. 
Көркемдік машықтар өздігінен ән айтып, би билеу, мәнерлеп ертек, тақпақ айтып 
беру, әр түрлі материалдардан ойыншықтар, атрибуттар, әсемдік бұйымдар 
жасай білуге итермелейді.
Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынасқа түсіп,бір-бірімен тіл табысады, 
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.Балалар таныс ертегілерін қазақ тіліндеүлкен жауапкершілікпен,қызығушылықпен рөлдерге бөліп сахналайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет