Умкд 042-16-13 62/03-2013 №1 басылымы



бет6/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,07 Mb.
#38829
1   2   3   4   5   6   7   8

q = V * N * mэCu mэCu = 63.64 г/ моль

Титрлеуді екі рет жүргізеді.

СУДЫҢ ЖАЛПЫ КЕРМЕКТІГІН АНЫҚТАУ.
Әдіс комплексон III-пен сәйкес катиондардың әрекеттесуі нәтижесінде кальций және магний комплексонаттарының түзілуіне негізделген. Титрлеуді аммонийлі буфер ерітіндісі ортасында (рН=10) жүргізеді. Анықтауға алюминий иондары бөгет болмайды, егер олардың концентрациясы 20 мг/дм3 аспаса, және темір (III) иондары, егер концентрациясы 100мг/дм3 аспаса.

Жұмыс мақсаты – комплексонометриялық әдіс бойынша кондуктометриялық титрлеу дағдысын игеру.
Аппаратура, химиялық ыдыстар, реактивтер:


  1. Кондуктометриялық титрлеуге арналған құрылғы.

  2. 25 см3 көлемді бюретка.

  3. 10 см3 көлемді тамшуыр.

  4. Аммонийлі буфер ерітіндісі.

  5. Комплексон III ерітіндісі C (½ Н2Na2R) = 0.05 моль/дм3.


Жұмыс барысы.

Электрлік ұяшыққа тамшуырмен 2-ден 10 см3-қа дейін су енгізеді (су кермектігіне байланысты). 0,5 см3 аммонийлі буфер ерітіндісін және 50 см3-ге дистилденген су қосады. Буфер ерітіндісін судың біраз мөлшерін құйғаннан кейін барып қосады, себебі суда магний тұздары көп болса, тұнба түзіледі (магний гидроксиді). Алынған ерітіндіні электрлік ұяшыққа енгізіп, комплексона III ерітіндісімен титрлейді.

Титрлеу қисығын æ – Vтитранта координаталарында тұрғызады. Графиктегі сынық бойынша титрлеуге кеткен комплексон III ерітіндісінің көлемін табады.
Есептеу.

Су кермектігін (Ж, моль/дм3) мына формуламен есептейді:



мұнда, V1 – титрлеуге кеткен комплексон III ерітіндісінің көлемі, см3; К – С ( ½ Н2Na2R) = 0,05 моль/дм3 комплексона III ерітіндісі үшін түзету коэффициенті; V2зерттеуге алынған су көлемі, см3.


ӘЛСІЗ ЖӘНЕ КҮШТІ ҚЫШҚЫЛ ҚОСПАСЫН

КОНДУКТОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ.
Көлемі 150 мл стаканға 5-10 мл (мұғалімнің тапсырмасы бойынша) 0,1 М HСl және 0.1 M CH3COOH қоспасын алып, дистильденген сумен 50 мл-ге дейін сұйылтады. Дайындалған ерітіндіге электродтарды батырып, стандартты 0,1 М сілті ерітіндісімен титрлейді. Титранттың әрбір порциясын қосқаннан кейін ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшейді. Өлшеулер нәтижесін мына таблицаға жазады:

VKOH

æ, См/см

Алынған нәтижелер бойынша титрлеу қисығын æ – VКОН координатасына салып, қисықтағы екі сыну нүктесі бойынша эквиваленттік нүктелерді табады. Бірінші нүкте күшті қышқылға жұмсалған сілті көлеміне, ал екінші нүкте - әлсіз қышқылға жұмсалған сілті көлеміне сәйкес. Есептеулер мына формула бойынша жүргізіледі: ;
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет