Умкд "Речевая культура молодого специалиста"



бет14/25
Дата22.09.2023
өлшемі9,04 Mb.
#182095
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Оспанхан М срсп
Саба ты та ырыбы Азотты ты айт ыштарды нерк сіптік алынуы, 6 Сынып КТЖ (1), Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі-melimde.com, 9сын 2тоқБЖБ, ЖҰЛДЫЗДАР, электив кесте 9.10.2022 (1), Amitov S.A. tests 1.pdf (1)
Е вирусты гепатиті
  • Е вирусты гепатиті құрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV). Бұл гепатиттің таралу механизмі фекалды- оралды.
  • Е гепатиті, ДДҰ мәліметтері бойынша тропикалық және субтропикалық аумақтарынындағы (Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы, т.б.) ересек тұрғындарының арасында ең жиі кездесетін жедел вирусты гепатиті болып табылады.Бірақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседі.
  • Этиологиясы
  • 1990 жылы молекулярлы гибридизация әдісімен вирусспецификалық клон бөлініп алынған.Бұл клон Азияның әртүрлі аймақтарындағы эпидемияялық өршулер кезінде науқастардың нәжісінен бөлінген клонға ұқсас болды.Иммундық-электронды микроскопиялық зерттеу барысында Е гепатит вирусның құрылымы анықталды. Сынамаларда димаетрі 27-33 нм (көбінесе 32-34 нм) сфера тәрізді вирусқа ұқсас бөлшектер табылады. Вирус –бір жіпшелі құрамында РНҚ бар:қабықшасы жоқ.HEAAg –ге ие.Е гепатит вирусының таксономдық жіктелуі әлі толығымен анықталған емес.
  • Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизммен тарайтын антропонозды инфекция жатады.Инфекция көзі- жедел HEV- инфекциясымен, әсіресе оның сарғаюсыз, немесе латентті түрімен ауыратын адамдар.Таралу жолы- көбінесе су арқылы,HEV-ні water born hepatitis virus деп атайды.А гепатитпен ерекше қатынастық-тұрмыстық жолмен сирек тарайды.Жанұялық ошақтар тіркелген емес.Бұны HAV- мен салыстырғанда HEV- нің нәжістегі концентрациясы аз болатынымен түсіндіруге болады.
  • Е гепатімен көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тіркеледі.Ер адамдар жиірек ауырады.Бұл ауру кезіндегі өлім-жітім көрсеткіші жоғары емес.Е гепатитімен ауыру көбінесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, ірі өзендер толады.Осыған байланысты жер асты суларының деңгейі жоғарылап, сумен қамтамасыз ету көздері залалданады.
  • Эпидемиологиясы
  • Клиникасы
  • Е вирусты гепатиті клиникалық көріністері бойынша А вирусты гепатитке ұқсас.
  • Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бірте-бірте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негізгі белгілеріне әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбісі эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38° С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенінің ұзақтығы 1-3 апта. Вирусты А гепатиттен ерекше сарғаю пайда болған кезде итоксикация белгілері жоғалмайды. Е гепатиті көбінесе жеңіл және орташа ауыр түрде өтіп, сауығымен аяқталады. Бірақ кейбір науқастарды(әсіресе, ересек адамдарда) Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтіп, жедел бауыр жетіспеушілігіне әкеледі де өліммен аяқталады.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет