Урология жіті паренхиматоздық проститте ауырсыну


Оң бүйректің 4x4 көлемді абцессі бар (төменгі полюста). Жасау қажет



бет7/15
Дата13.06.2023
өлшемі43 Kb.
#178748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
УРОЛОГИЯ 1-120
Жедел жәрдем 1-1000 (1)
43. Оң бүйректің 4x4 көлемді абцессі бар (төменгі полюста). Жасау қажет:
a) Интенсивті антибактериялық ем
b) Нефрэктомия
+ c) Операция – абсцессті жару және дренаждау немесе тері арқылы пункция жасау және абцесс қуыстарының дренаждалуы
d) Бүйректің төменгі полюсының резекциясы
e) Бүйректің декапсуляциясы
44. Жүктіліктің 20 аптасы. Оң жақтама жіті серозды пиелонефрит. Оң несепағардың жамбас бөліміне дейін кеңеюі. Тас жоқ. Науқасты емдеуді келесіден бастау қажет.
a) Оң жақтама нефрэктомия
b) Жүктілікті үзуден
c) Несепағардың катетерленуінен
d) Тері арқылы пункциялық нефростомиядан
+ e) Науқастың тұрақты түрде қарама қарсы жанында жатуы, антибактериялық ем.
45. Жіті пиелонефриттің асқынуларына жатады:
a) Бүйрек емізікшелердің некрозы, паранефрит
b) Шок
c) Сепсис
d) Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі
+ e) Көрсетілгендердің бәрі дұрыс
46. Циститтің пайда болуында негізгі себепке келесі жатады:
a) Қанайналымның жергілікті бұзылыстары
b) Физикалық факторлар
+ c) Инфекция
d) Химиялық факторлар
e) Жалпы факторлар
47. Қуыққа инфекция өтуінің ең жиі жолы:
+ a) Уретра арқылы
b) Төмен қарай жол
c) Лимфогенді
d) Гематогенді
e) Контакты (жанаспалы) жол
48. Жіті циститтің негізгі симптомдарына көрсетілгендердің қай бірінен басқасына жатпайды:
a) Поллакиурия
+ b) Полиурия
c) Терминальды гематурия
d) Зәр шығару кезіндегі ауырсынулар
e) Пиурия
49. Жіті циститтің диагностикасы көрсетілгендердің қай бірінен басқасына негізделген:
a) Анемнез және клиникалық белгілер
b) Несеп тұнбасының микроскопиясы мәліметтері
c) Несептің себілуі мәліметтері
+ d) Экскреторлық урография және уретроцистография мәліметтері
e) Несептің жалпы анализі
50. Жіті циститте жасау қажет:
a) Экскреторлық урография
+ b) Цистоскопия (ерекше жағдайларда)
c) Троакарлық цистостомия
d) Уретерореноскопия
e) Цистометрия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет