V республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңінің ережесі І. Мақсаты мен міндеті



Дата22.11.2023
өлшемі15,58 Kb.
#192918
Байланысты:
Ділмар облыстық кезең ережесі
Параграф - 32 гдз по биологии 8 класс Соловьёва, Ибрагимова, 2021-2022 Тәрбие жоспары Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің, 3-сынып (1), Ұстазым тәрбие сағаты, 5 Д.ТАРИХ БЖБ, 10 бжб 0гб, 8кл геом 3 ток, 8 ҚТ ТЖБ ІІ тоқсан (1), 17.04 Қайталау есептері, №24 МЛ әдістемелік есебі 2022-23жж

V Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының
облыстық кезеңінің ережесі

І. Мақсаты мен міндеті

Оқушыларға сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, сауатты әрі жатық сөйлеу дағдысын - сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; сөз өнеріміздің тарихи-мәдени және этномәдени болмысын тану, сөз құндылығын бағалау, ұлттық тәрбие беру, сол арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру.




ІІ. Байқаудың өткізілу тәртібі

Қатысушылар тақырыптарды жеребе арқылы таңдап жұптасады. Байқау тақырыптары төменде ұсынылған мәселелерге негізделген тапсырмалардан құралады. Әр мәселеден екі-үш тақырып ұсынылады. Қатысушы нақты тақырыпты жеребе түрінде алып қорғайды. Ой қисынын сақтай отырып, жылдам әрі сауатты пікір білдіреді, сөз тапқырлығы, ой қисыны, логикалық жүйелілік, сөз көркемдігі, тіл тазалығы, тақырып нақтылығы міндеттеледі (1-қосымша).


Шешендік байқауға аудан, қала, облыстық мамандандырылған мектептерден жеңімпаз атанған 1 ғана оқушы қатыса алады.


ІІІ. Байқау кезеңдері


Байқау мектеп оқушыларының арасында 4 кезең бойынша өтеді:
І кезең
Қатысушы сұрақ түрінде берілген тақырыптың қай бағытында (1-ұстаным – пікірді жақтаушы; 2-ұстаным – пікір терістеуші бағыт) әңгіме өрбітуді сайыс кезінде екеуара келісіп анықтайды. Әр қатысушыға берілетін уақыт – 3 минут. Бұл кезеңде тақырыпты нақты мәлімет, дәйекті дерек, мысал, мақал-мәтел, тұрақты тіркес, шешендік сөздер арқылы ашуы керек. Егер жүйесіз, жалаң сөзбен сөйлесе, бағасы кемітіледі. (3+3 / жалпы – 6 минут)
ІІ кезең
Әрбір қатысушы 1-кезеңдегі ұстанымына теріс бағытта ой өрбітіп, мәселе көтеріп, пікірін қорғауы қажет, қисынды уәжбен тақырыпты толық ашуы тиіс. (3+3/6 минут)
ІІІ кезең – «Кесімді сөз»
Қатысушы талқыланған өзекті мәселенің шығу жолдарын, ұсыныс пікірін, ұстанымын, осы мәселені шешудің оң қадамдарын ұтымды пікірмен, ойлы толғам, дәлел, дәйекпен ұтқыр сөзбен қорғайды. Егер жүйесіз, ұран сөзбен ғана сөйлесе, бағасы кемітіледі. (3+3 /6 жалпы – 6 минут)
ІV кезең – «Сұрақ-жауап»
Екі қатысушы тақырып аясында бір-біріне нақты әрі өзекті сауал қоюы шарт. Сұрақтың тақырыпқа сай келуі мен өзектілігі, оған берілетін жауаптың қысқа әрі дәл болуы тиіс. (Ескертпе: қиыннан қиыстырып сөз тауып, тапқырлық танытса, бағаланады. Сұрақ пен жауап тақырыпқа сай болмаса, бағаланбайды). (3+3 / жалпы – 6 минут)


ІV. Бағалау критерийлері

1.Байқаудың қатысушыларын бағалау қазылар алқасы мүшелерінің тарапынан жүргізіледі. Жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен анықталады.


2.Қазылар алқасы екі қатысушының артықшылық - кемшілігін талдап-таразылап пікір айтады. Жүлделі орындарға талас туындаған жағдайда қосымша тапсырмалар арқылы жүлдегер анықталады. (5-6 минут)
Жалпы уақыты: 30 минут
3.Қатысушылар қарым-қатынас мәдениетін сақтауы тиіс: сөзге тоқтауы, қарсыласының сөзін орынсыз бөлмеуі, дау туғызбауы, дұрыс жауаптасуы және т.б.
4.Сахна мәдениетін сақтауы: ұлттық киімі болуы, жүріс-тұрысының сыпайы, өзін мәдениетті ұстауы т.б.
5.Тіл тазалығы мен сөз мәдениетін сақтауы тиіс: орфоэпиялық шарттарды сақтауы (ң, р, ұ, е, л,. т.б.) дұрыс әрі анық айтуы, дыбыс үндестігін қатаң сақтауы талап етіледі.


V. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Маңғыстау облысы білім басқармасының Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.




VIІ. Ұйымдастыру

Байқаудың өтетін күні: 15.11.2023


Уақыты: 09:00
1-қосымша


Байқауда талдауға ұсынылатын тақырыптар:



  1. Ұлттық құндылық (жеті қазына, ұлттық өнер т.б.)

  2. «Жаһандықдық үдерісте бірегейлігімізді сақтау»(ұлттық тіл, ата кәсіп, ұлттық мінез, ұлттық сана, тарихи тағылым, т.б.)

  3. «Алашшыл жас» (мемлекеттік басқару, «Құтты білім», азаматтық ұстаным т.б.)

  4. «Іскерлік-ісмерлік»

  5. «Алдау қоспай, еңбегін сатқан – қазақтың әулиесі»

  6. «Ғылым мен ақыл сақтайтұғын мінез - сауыт»

  7. «Пайда ойлама, Ар ойла, Талап қыл артық білуге»

  8. Тәрбие мен тағылым: («Ер азамат – көшбасшы», «Әжелер мектебінің шәкіртімін», т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет