В072-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «Гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы» пәні бойынша №2 Аралық бақылау сұрақтары 2021-2022 оқу жылына арналған


Гомеопатиялық гранулаларды (түйіршіктерді) қанықтыру әдістері



бет28/36
Дата01.03.2022
өлшемі1,6 Mb.
#133765
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
1РК ответы

Гомеопатиялық гранулаларды (түйіршіктерді) қанықтыру әдістері.

  • Гомеопатиялық гранулалардың (түйіршіктердің) медицинада қандай өлшемдері қолданылады?

  • Гомеопатиялық гранулалардың (түйіршіктердің) артықшылықтары.

    Гомеопатиялық түйіршіктер (Granulae homoeopathiae) – ішке қолдануға арналған қатты дозаланған дәрілік түр.
    Гомеопатиялық тритурациялар мен түйіршіктерді әдетте тіл астына тағайындайдыі. Себебі ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы тез сіңірлуі әсерін қамтамасыз ету үшін.
    Оларды сұйық гомеопатиялық дәрілік зат сұйылтулары немесе олардың негізгі түйіршіктері қосымша заттармен қоспалары, медицинада қолдануға рұқсат етілген жағу жолдары бойынша дайындайды.
    Қазіргі кезде түйіршіктерді жоғарғы сападағы таза тростник қантынан жасайды. Олар таза суда толық (қалдықсыз) еруі керек.
    Гомеопатиялық түйіршіктерді қанттың түйіршіктеріне сұйық препараттарды, сұйылтуларды, дәрілік заттарды немесе олардың қоспаларын жаға отырып алады. Қанттың негізгі (бастапқы) түйіршіктеріне жағылған дәрілік заттардың мӛлшері, оларды ӛлшемі мен басқа да физикалық- механикалық кӛрсеткіштеріне әсер етпейді. Сондықтан гомепатиялық түйіршіктерді, ӛлшемі бойынша, орташа диаметрі бойынша негізгі (бастапқы) түйіршіктермен бағалайды.
    Едәуір жиі бесінші, алтыншы нӛмірдегі түйіршіктер қолданылады. Түйіршік нӛмірін 1 г – дағы түйіршік саны бойынша немесе елеуіш кӛмегімен жіктелінеді. Түйіршік саны екі паралельді бірдей салмақты сынамада 0,01 г дейін дәл ӛлшенеді.

    Гранулалар (пилюлалар, түйіршіктер). Гранулаларды рафинад қантымен дайындайды. Гранулалар суда жақсы еруге тиіс. Гранулалар гомеопатиялық сұйылтуларды жақсы сіңіру үшін олардың салмақтары 0,002 ден 0,5 г дейін болады. Жиірек пайдаланылатын гранулалар массалары 0,022 ден 0,033 г дейін. Гранулаларды қанықтыру үшін оларды әрқайсысы 0,022 г гранулалардың 1 кг құбырға салып 10 г сұйылтылған дәрілік зат ерітіндісін және 10 г 70 % этил спиртін қосып тығыздап тығындайды және қолмен 10 мин., арнаулы қондырғыда 3-4 мин. шайқайды. Гранулаларды ауада кептіреді. Дәрілік заттар ауыз қуысы шырышты қабатында гомеопатиялық ұнтақтар және гранулаларды жақсы сіңуі үшін оларды тіл астында қабылдайды.


    Гранулаларды (түйіршіктер) жоғары сапалы қант құрағынан алынған таза қантта дайындайды. Қант тазартылған суда қалдықсыз еріп кетуі керек.


    Гранулалар, гомеопатиялық сұйылтулармен қанығуы үшін біркелкі және белгілі өлшемде болуы керек. Олар бекітілген нөмірлерімен ажыратылады:
    № 1 бір гранула салмағы 2 миллиграмм: 500 гранула салмағы 1 грамм.
    № 2 бір гранула салмағы 4 миллиграмм: 250 гранула салмағы 1 грамм.
    № 3 бір гранула салмағы 8,3 миллиграмм: 120 гранула салмағы 1 грамм.
    № 4 бір гранула салмағы 12,5 миллиграмм: 80 гранула салмағы 1 грамм.
    № 5 бір гранула салмағы 2,2 миллиграмм: 45 гранула салмағы 1 грамм.
    № 6 бір гранула салмағы 4 центиграмм: 25 гранула салмағы 1 грамм.
    № 7 бір гранула салмағы 1 дециграмм: 10 гранула салмағы 1 грамм.
    № 8 бір гранула салмағы 2 дециграмм: 5 гранула салмағы 1 грамм.
    № 9 бір гранула салмағы 3,3 дециграмм: 3 гранула салмағы 1 грамм.
    № 10 бір гранула салмағы 5 дециграмм: 2 гранула салмағы 1 грамм.
    Жиі қолданылатын түйіршіктер өлшемдері № 4 және № 5.
    Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру кезеңінде, әрбір түйіршікке дәрілік заттың бір тамшысы сәйкес келуін қамтамасыз ету керек.
    Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру 3-ші жүздік немесе одан жоғары сұйылтудан және 70% спиртпен жүргізілуі керек.
    Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру төмендегіше жүргізіледі: Көлемі, ішіне салынатын түйіршіктер салмағынан 1,5 немесе 2 есе үлкен, шыны банкалар алынады. Олардың біреуіне, 1 кг № 5 түйіршіктерге дәрінің 10 г тиесілі сұйылтуы есебінен және түйіршіктер біркелкі араласып қанығулары үшін соншалықты салмақты 70% этил спиртін қосады. Банканы қақпақпен жауып, пергамент қағазымен орап банканы бірден 10 минут бойына қолмен немесе 3-4 минут машина көмегімен шайқайды. Үрдіс аяқталғаннан кейін, түйіршіктерді пергаментпен жабылған тесік көздері бар ағаш тақтай бетіне төгіп, кептіреді.
    Түйіршіктерді толық кептіру ауада жүргізіледі, содан кейін арнаулы ыдысқа көшіріледі.
    Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру ұшқыш, иісті заттармен және барлық қышқылдарда 3-ші жүздік сұйылтудан төмен болмауы керек.
    Дайындау технологиясы
    1 - Тәсіл. Негізгі түйіршікке түйіршіктермен сіңірілетін сулы – этанолды гомеопатиялық дәрілік зат сұйылтулары жағылады. Әрбір ұсақ түйіршікке сұйық сұйылтудың тамшысы сәйкес келеді. Қанығыу тек 62% (масса бойынша) немесе 70 % (кӛлем бойынша ) этанолды қолдана отырып үшінші және одан да жоғары сұйылтулардан (массасы бойынша) басталады, қант ұсақ түйіршік саңлауларын ашуын және оларды дәрілік заттармен қанықтыруын қамтамасыз етеді.
    Араластыру кӛлемі тиейтін негізгі түйіршік массасынан 1,5 –2 есе кӛп болуы керек.
    100 г негізгі қант түйіршігіне тек 62% этил спиртінде дайындалған 1,0г дәрілік зат ерітіндісіне сәйкес келетін сұйылтуды алады. Бұл үшін сұйылту құрамында этанол 60 мас. % немесе 68 кӛл. % - тен аз болмауы керек. Егер этанол концентрациясы талап етілген концентрациядан аз болса, онда жағуға арналған ондық немесе жүздік сұйылтуларды 62% этанолды пайдалана отырып дайындайды.
    Түйіршіктерді алдын –ала сондай концентрациядағы (100 г негізгі түйіршікке 1 г) этанолмен жібітеді, қозғалатын элементтері жоқ (барабанды араластырғыштар, қалақшалы араластырғыштар және т.б.) механикалық араластырғыштарда 3-4 минут бойы араластырады.
    Жақсы жабылатын шыны араластырғышта 10 минут бойы қолмен араластырады.
    Дайындалған түйіршіктер бӛлме температурасында тұрақты массаға дейін (технологиялық регламентке сәйкес) ауада кептіріледі.
    Түйіршіктерге ұшқыш және иісті заттардан, сондай-ақ барлық қышқылдардың С3 тӛмен сұйылтуларынан дайындалған дәрілік заттарды жағуға болмайды.
    2- Тәсіл. Жағу үшін пайдаланады:
    - сулы сұйық сұйылтуларды (ерітінділерді, сығындыларды және т.б)
    - тритурацияларды;
    - тӛмен ондық сұйылтуы бар препарат қоспалары;
    - 1- ші тәсілде этанолды қолданбау барысында.
    Кептіру операциялар аралығында дәрілік зат 64% қант шырынымен гомеопатиялық сұйылту кезінде бастапқы түйіршіктер кӛп қабатты біртекті қабатталады.
    1. Сұйық препараттардың қабатталуы. 100 г гомеопатиялық түйіршікті дайындау үшін 1 г сұйық препаратты 9 г қант шырынымен шайқап, алынған 10 г қоспаны біркелкі бастапқы түйіршіктің (100- Х) граммына қабаттайды, мұнда Х – қант шырынындағы қант массасы, г.
    2. Тритурацияның қабатталуы. 100 г түйіршік дайындау үшін 10 г тритурацияны 20 г қант шырынымен шайқайды, алынған қоспаны (100-Х-Y) граммына біркелкі қабаттайды. Мұнда Х - қант шырынындағы қант массасы, г; Y – тритурация құрамындағы қосымша заттың массасы, г.
    3. Қоспаның қабатталуы. Қоспа сұйық препараттардың гомеапатиялық сұйылтуы мен қант шырынында тритурацияны бірге шайқау жолымен дайындайды. 100 г гомеопатиялық түйіршікті алу үшін 1 г қоспаны 9 г қант шырынымен шайқайды; осы сұйылтудың 10 г (100-Х - Y) бастапқы түйіршік граммына біркелкі қабаттайды. Мұнда: Х - қант шырынындағы қант массасы, г; Y – тритурация құрамындағы қосымша заттың массасы, г.
    Бастапқы түйіршіктердің қант шырынындағы дәрілік заттың гомеопатиялық сұйылтулары қыздыруын реттейтін драждейтін қазандарда қабатталады.
    Бастапқы түйіршіктерді алдын – ала 37-42 0 С температурада қыздырылған драждейтін қазанға салып, барлық масса сол температураға қызғанға дейін баяу араластырады. Қант шырынындағы гомеопатиялық дәрілік заттың сұйылтуын бірдей уақыт аралығында, аздаған үлеспен драждейтін қазанға жайлап құяды.
    Қабаттау аяқталған соң драждейтін қазанды қыздыру аяқталады, бірақ оның айналдыруын түйіршік кеуіп тұрақты бір массаға айналғанша жалғастырады.
    Гомеопатиялық түйіршіктер құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 2 жылға дейін сақталуы мүмкін.
    1. Arnica 2 gran.
    Күніне 8 түйіршіктен 4 рет
    Алдымен екінші ондық немесе бірінші жүздік сұйылту дайындалады, ол үшін құтыға С1 белгісінен 9 г 90% спирт және 1 г арника тұндырмасын ӛлшеп салады. Құтыны 10 рет үстіден астыға қарай шайқайды, сосын құтыға С2 белгісінен 9,9 г 70% спирт және 0,1 г бірінші жүздік сұйылтуды ӛлшеп құяды, 10 рет шайқайды. Осылай екінші жүздік сұйылтуды алады.
    Сыйымдылығы 15-20 мл банкаға 10г 4-ші 5-ші ӛлшемдегі түйіршікті және 0,1 г екінші жүздік сұйылтуды ӛлшейді. Банканы пергамент қағазымен жауып тығындайды, 10 минут бойы шайқайды. Ауада біркелкі массаға дейін пергамент қағазбен жабылған ағаш щитте кептіреді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет