Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет22/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам
9 апта реферат, Муз терминдер, Сабак
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
52
Шәкірттерім, мынаны да естеріңе салғым келеді: 
өсімқорлар, өсіммен қарыз ақша берушілер өз отба-
сылары үшін үй мен жер сатып алуға ниетті адамдар-
ға көмектесуден бас тартпайды. Егер қалталарыңда 
құрылыс жүргізуді бастайтындай қаржы болмаса, 
құрылысшыларға төлейтін ақшаны да несиеге беру-
ге дайын.
Үй салынып біткенде сендер өсімқорға бұрынғы 
баспана иесіне жарна төлегендей тәртіппен тұрақты 
түрде беріп отырасыңдар. Осындай әр жолғы төлем 
берешектеріңді азайтып, бірнеше жылдан соң қа-
рыздан біржола құтыласыңдар.
Сол күннен бастап еңселерің көтеріледі, себебі ба-
ғалы меншікке ие боласыңдар да, ендігі жерде патша 
салығынан басқа ешкімге ештеңе төлемейсіңдер.
Ал әйелдерің кір жуу үшін өзенге жиі барып
қайтар жолда мес толы су ала келіп, өсімдіктерін 
суғарады.
Жеке үйі бар адамның артықшылығы көп. Ең бас-
тысы – ол күнделікті шығыстарды азайтып, ақшаны 
жаны қалаған қажеттіліктеріне көбірек жұмсай ала-
ды. Бос әмиянды толтырудың бесінші жолы дегені-
міз осы – жеке меншігіңде баспанаңның болуы.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
53
АЛТЫНШЫ ЖОЛ
э
Болашақтың жай-күйін осы бастан 
қамдаңдар
Әр адамның ғұмыры оның балалық шағынан қарт-
тыққа дейін созылады. Біздің өмір жолымыз сондай
егер құдайлар уақытынан бұрын өзіне шақырмаса, 
ешкім де одан ауытқи алмайды. Әркім «Жасымда 
бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген мақсатпен 
іс-әрекет етіп, қайраты тасып тұрғанда болашақтың 
жай-күйін қамдастыра бастауы, яғни өзі кеткенде 
отбасының қиналмауы үшін жағдай жасап қоюға 
тиіс. – Аркадтың алтыншы күнгі сабағы осындай 
сөздермен басталды. – Байлықтың өсу заңдылығын 
түсініп, қаржы қорын жасай алған адам ылғи да ке-
лешек туралы ойлауы керек. Бүгінгі дәріс үйренуге 
де, белсенді әрекет етуге де мүмкіндік қалмайтын 
кездің өзінде әмияндарыңның босап қалмауына мүм-
кіндік береді. Сондай-ақ ол алдын ала көп жылдарға 
жететін бірқатар шығыс пен азық-түлік жайын жос-
парлап алуға тиіс.
Сенімді болашақты қамтамасыз етудің сан түрлі 
жолдары бар. Көзден таса жер тауып, алтыныңды 
құпия түрде көміп тастауға болады. Алайда қанша-
лықты мұқият жасырсаңыз да, ол ұрылардың олжа-
сына айналуы мүмкін. Сондықтан бұндай жолмен 
жүруге кеңес бермеймін.
Өзіңе көп үй мен жер сатып алуға болады. Егер 
олар дұрыс таңдалып, болашақта өз бағасын сақтай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет