Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет80/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
165
Вавилонда, негізінен, басты екі мүмкіндік бол-
ды – құнарлы топырақ пен өзен суы. Жергілікті ин-
женерлер бөгет пен каналдар, яғни барша заманалар-
дың ұлы инженерлік құрылыстары арқылы еңістегі 
өзен суын биіктегі егін алқаптарына жеткізе білді. 
Аталған су арналары шөлейт алқаптарды сумен қам-
тамасыз етіп, құнарлы топырақтың берерін еселей 
түсті. Бұл тарихтан белгілі осындай кең көлемдегі су 
жүйелерінің алғашқысы. Осы инженерлік жүйенің 
арқасында алқаптардан әлем бұрын-соңды көрмеген 
мол көлемде өнім жиналды. 
Вавилонның ұзақ тарихында оны билеген патша-
лар басқыншылық пен тонауға ұмтылған емес. Олар 
жүргізген көптеген соғыстар, негізінен, жергілікті 
немесе қорғаныс сипатында болды, олар Вавилонның 
бас қазынасына ынтыққан шетжұрттық жауларға 
қарсы бағытталды. Бұл қаланы билеген көрнекті 
басшылардың есімдері кемеңгерлігі, іскерлігі және 
әділеттілігі арқасында бүгінге жетті. Вавилонда 
әлемді бағындыруға ұмтылған өркөкірек монархтар 
болған емес.
Қазір Вавилон деген қала жоқ. Оны тұрғызып, 
мыңдаған жылдар бойы сонда өмір сүрген жанкеш-
ті адамдар қаланы тастап кеткен соң, көп ұзамай ол 
шөлейттегі үйінді төбелерге айналды. Азиядағы бұл 
қала Суэц суарнасынан шығысқа қарай 950 шақы-
рымдай жерде, Парсы шығанағының солтүстігінде, 
америкалық Аризона штатына қарайтын Юма қа-
ласымен бір ендікте. Құрғақ әрі ыстық ауа райы бұл 
қалалардың екеуіне де тән. 
Бір кездері ауыл шаруашылығы қатты дамып, ха-
лық жиі қоныстанған Евфрат алабы бүгінде қайтадан 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
166
жел қыдырған шөл далаға айналды. Сирек өсімдік-
тер мен шөл бұталары құм көшкінімен жағаласып 
күн кешеді. Жайқалған алқаптар да, үлкен қалалар 
да, бай-көпестердің ұзын керуендері де жоқ болып 
кеткен. Біздің дәуіріміздің бастауынан осы күндерге 
дейін бұл жерді аз санды көшпелі араб малшылары 
мекен етеді. 
Бүкіл алапта көзге түсері төбешіктер ғана. 
Ғасырлары бойы саяхатшылар бұл үйінділерден 
ерекше ештеңені байқамай келді. Тек сирек жаңбыр 
сулары әсерінен құмнан аршылған керамика және 
кірпіш сынықтары археологтардың назарын аудар-
ды. Еуропалық және америкалық мұражайлар қар-
жыландыратын экспедициялар мұнда қазба жұмыс-
тарын жүргізіп, көп ұзамай бұл төбелердің астында 
ежелгі қалалар жасырынып жатқанын анықтады. 
Төбе-төбешіктер қалалардың қабіріне айналған бо-
лып шықты. 
Вавилон солардың бірі. Жиырма ғасырдай уақыт 
бойы суырынды құм оны жасырып келіпті. Оның 
саз кірпіштен қаланған қабырғалары құлап, езіліп, 
қайтадан топыраққа айналыпты. Бір кездегі ең бай 
Вавилон қаласы бүгінде құм, топырақ үйінділері 
ғана. Бірнеше ғасырлардан кейін ол мүлде ұмытыл-
ған, бірақ қазба жұмыстарының нәтижесінде оның 
көшелері құм, топырақ шөгінділерінен тазартылып, 
бір кездегі ұлы храмдар мен сарайлардың өзі болма-
са да, нобайы қайта оралды.
Көптеген оқымыстылар бұл алаптағы Вавилон мен 
басқа қалалардың өркениетін адамзат тарихындағы 
ең ежелгі құндылықтарға жатқызады. Ол жөніндегі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет