Версия для печати


Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясы



бет3/12
Дата08.02.2022
өлшемі127,5 Kb.
#98220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
құқық
құқық
Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясы шетелдіктердің баланың абзал мүдделеріне орай оның құқықтарын сақтай отырып, бала асырап алуды жүзеге асыруына кепілдіктерді көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының арасындағы ынтымақтастық тетігін көздейді. 2004 жылғы
2 желтоқсанда өткен, Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясына қосылуының орындылығы және осы Конвенцияға қосылу жөніндегі жұмысты бастау қажеттігі туралы шешім қабылданды.
Нормалары Қазақстан аумағында қолданылатын, балалар құқықтарын қорғау саласындағы неғұрлым маңызды халықаралық құжат Бала құқықтары туралы конвенция болып табылады. Бала құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының қандай да бір ескертулерсіз бекітуі шеңберінде мемлекеттің балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдіктерін қоғамға беруге тиіс шекараларын белгіледі.
Конвенция нормалары баяндаманы шартқа қосылғаннан кейінгі екі жылдан соң ұсынуды көздейтін уақытта, Қазақстан Республикасы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманы 2001 жылғы наурызда дайындады. Баяндама екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының 1994 және 2000 жыл аралығындағы кезеңде Конвенцияны жүзеге асыру жөнінде қабылдаған шаралары туралы ақпаратты қамтыды. Баяндамамен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары дереу шара қабылдады, олар 2002 жылы Қазақстанның Конвенцияны орындауы туралы, үкіметтік баяндамаға түсініктемені қамтыған балама баяндама дайындады.
Бірінші үкіметтік есеп 2003 жылғы маусымда Женева қаласында
БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің 33-сессиясында тыңдалды, оның нәтижелері бойынша Комитет баяндамаға ескертулер мен ұсынымдардың топтамасын дайындады. Осы сессияда БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің балалар құқықтарын қорғау саласында қабылдаған шараларына оң баға берген. Оң жетістіктердің бірі ретінде жаңа заңнама базасының дамуы мен жетілдірілуін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың балалық мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен және БҰҰ-ның әр түрлі органдарымен ынтымақтастығын мойындады.
Қазақстанға бірқатар ұсынымдар берілді, олардың ішінде негізгілері ретінде еліміздегі балалардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын әзірлеу қажеттігін және балалықты қорғау мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін арнайы уәкілетті орган құру қажеттігін атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет