Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева. Серия



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата21.07.2022
өлшемі481,23 Kb.
#147642
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
the-concept-of-oyan-kazak-in-the-world-information-space
7 қазақ әдебиеті Шортанбай, 1.7. ЭНДШПИЛЬ, 5-тақырып, мурагер 8практика, Презентация17
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Журналистика сериясы 
ISSN: 2616-7174, eISSN:2663-2500
ма беріп «Оян, қазақ!» кітабын түрік тіліне 
аударып шығарған. (1930 жылы Анкарадан 
жарық көрген нұсқасы Астанадағы С.Сей-
фуллин атындағы мұражайда сақтаулы). Мір-
жақыптанушы Марат Әбсеметтің дерегінше
осы кітапқа еліктеп «Оян, түрік!» деген кітап 
шыққан. [8] Бұл тұжырым туралы Алаш 
қайраткерлерінің біраз еңбегін қазақшадан 
түрікшеге аударып жүрген аудармашы Ашур 
Өздемирден сұрап-білгенімізде ол: «Ататүрік 
«Оян қaзaқты» түрiк тiлiне aудaрты дегендi 
бiрiншi рет естiп отырмын. Дегенмен егер aу-
дaрылып бaсылғaн болсa, бiр кiтaпxaнaдa бiр 
нұсқaсы болaтын едi. Сондықтaн дa оны iздеу 
керек», деп жауап берді.
Жалпы түрік ғалымдарының ішінде алаш 
қайраткерлерін зерттеп, ғылыми еңбегін ар-
нап жүрген ғалымдар баршылық. Олардың 
ішінде ғалым Хүлия Ченгелден бөлек, тарих 
ғылымдарының докторы Гүлжанат Ержила-
сун, сондай-ақ қазақ әдебиеті мен тарихына
оның ішінде Алаш қайраткерлерінің өмірі 
мен шығармашылығына ден қойып жүрген 
зерттеуші, аудармашылар ішінде Ашур Өз-
демир, Кенaн Коч, Емин Өздемир, Нергис 
Бирaй, Осмaн Йорйулмaз, Xилaл Шен Иде
Өмер Күчүкмеxметоғлу сынды көптеген 
ғaлымдaр мен зерттеушiлердi aтaуғa болaды. 
Ашур Өздемир мырзаның «Оян, қазақтың!» 
феномендік қырына қатысты пікірі келесідей: 
« М. Дулaтұлының «Оян, қaзaқ!» aтты шығaр-
мaсы тек қaнa Қaзaқ дaлaсындa емес, Ресейдiң 
езгiсiн көрiп отырғaн бaрлық елдерде үлкен 
сiлкiнiске себеп болды деп ойлaймын. Сон-
дықтaн дa aтaлмыш шығaрмa шынымен де 
феноменге aйнaлғaн. Aл Түркиядa Мiржақып 
және оның «Оян, қaзaқ!» кiтaбы лaйықты дәре-
жеде тaнылды деп aйту қиын. Әрине, бiрaз 
ғaлымдaр мен қaзaқтaнушылaр шығaрмaдaн 
xaбaрдaр. Дегенмен «Оян, қaзaқ!» әлi қaлың 
оқырмaнның қолынa жеткен жоқ. Ол үшiн 
кiтaп бiлiктi aудaрмaшы тaрaпынaн түрiк тiлi-
не тәржiмaлaнып, бaсылуы қaжет». [11]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет