Ветеринариялық медицина кафедрасы


сүрет. Дефинитивтің ие ішегінде парамфистомата тіркелуі Ауру белгiлерi



бет7/11
Дата18.02.2017
өлшемі16,52 Mb.
#9826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5 сүрет. Дефинитивтің ие ішегінде парамфистомата тіркелуі

Ауру белгiлерi. Iрi қара малда аурудың жiтi түрi ауыр түрде өтедi; көп жағдайда өлiммен аяқталады немесе созылмалы түрге айналады. Малдарды ауру тараған жайылымға шығарғаннан кейiн 3-4 аптадан кейiн клиникалық белгілері көрiнедi және 17-35 күн iшiнде байқалады, ауру малдар әлсiзденедi, аз қозғалады, оларда көрiнетiн кiлегейлi қабықтары бозарады, ыңырсуы, тістерiн қайрады, тәбетi жоғалады, арықтайды, жатып қалуы, қосалқы қарындардың гипотониясы мен атониясы, iш қатумен алмасып отыратын iш өтуi, жақасты және кеуде асты аумақтарда iсiктер байқалады. Мал несебiнде ақ зат пайда болады. Қанда эритроцит саны азаяды, гемоглобин төмендейдi, лейкопения немесе лейкоцитоз байқалады.

Iрi қара малдың парамфистоматозының созылмалы түрi ұзақ тоқталмайтын іш өтумен, арықтаумен, қан аздықпен сипатталады.

Қойларда ауру жiтi және созылмалы өтедi, бiрақ бiздiң елде сирек тiркеледi. Көп санды толық жынысты емес паразиттердi тапқанда, әсересе олар iшек қабырғасының қалыңдығы мен оның сол аппаратында орын алмастырғанда iш өту болады. Қойлар арық болады. Жақ аралық аумағында, кеуде асты аумағында және iштiң төменгi бөлiгiнде iсiктер көрiнедi. Толық жынысты гельминттер мес қарын мен кітапша қарында жиналғанда ауру көрiнбейтiн клиникалық белгiсiз өтедi, бiрақ та жануарлар өсу мен дамуы баяулайды, арықтауы да мүмкiн.

Патологоанатомиялық өзгерiстер: негiзiнен жас, толық жынысты емес гельминттер мекен ететiн жерлерде байқалады: он екi елi iшек, ұлтабардың пилорикалық бөлiгi. Өзгеру сипаты зақымдану дәрежесiне байланысты және iсiнумен, он екi елi iшектiң және ұлтабардың пилорикалық бөлiгiнiң қабынуымен, шажырқайлы сөл түйiндерiнiң үлкеюiмен, арықтаумен, көрiнетiн кiлегейлi қабықтардың қаназдығымен байқалады. Жақ асты және кеуде асты аумақтарда қоймалжын инфильтраттар. Он екi елi iшекте мыңдаған парамфистоматидтердi табады. Созылмалы түрiнде трематода тапқан жерлерде мес қарын талшықтының атрофиясы байқалады.

Диагнозды: тiрi кезiнде клиникалық белгілеріне, эпизоотологиялық деректерге және нәжiсiн зерттеу арқылы қояды. Соңғы диагнозды өлген кезiнде жiңiшке iшек пен ұлтабарда жас трематодаларды тапқаннан кейiн қояды.

Емi: ірi қара малды парамфистоматозының созылмалы түрiнде битионолды малдың салмағына 0,07 г/кг мөлшерде ұнтақталған жеммен немесе құрама азықпен қосып, жеке 1:10-1:20 қатынасында 8-12 сағат ашыққаннан кейiн бередi.

Битионалдан дайындалған суспензия түрiнде гексахлорэтан 0,2-0,4 г/кг дозада тиiмдiлiгi аз. Инвазияның жiтi түрiнде битионолды 48 сағат интервалында 2 рет еңгiзедi. Қойдың созылмалы және жiтi парамфистоматозында жақсы антигельминтик 0,15 г/кг дозадағы битионол болып табылады. Осымен қатар симптоматикалық емдік дәрiлердi бередi.



Алдын алу және күресу шаралары: Фасциолездегi алдын алу шараларын қолданады. Қорада ұстау кезеңiнде барлық зақымдалған iрi қара малға жоспарлы дегельминтизацияны жасайды. Қажет болған жағдайда дегельминтизацияны қайталайды, бiрақ та алғашқы рет жасағаннан кейiн 2 апта өткен соң жасайды. Жазда аурудың шығуы мүмкiн болған кезiнде 3-4 аптадан кейiн жайылымға шығарған соң 10 күн аралығында екi мәрте преимагинальдi дегельминтизацияны 2 жасқа дейiнгі төлдерге жүргiзедi.

Паразиттiң жұмыртқаларына көңдi биотермиялық өндеу арқылы әсер тигiзедi. Аралық иелер мекендейтiн суаттарға жақын орналасқан мал тұратын жерлерге көң суға түспесіне аса көңiл аударады.

Сезiмтал жануарларды парамфистоматозбен зақымданудан қорғаудың маңызы зор. Сондықтан малдарды қолайсыз ойпат жерлерде жаюға, ағынды суаттарда және шалшықтарда суаруға болмайды.

Шаруашылыққа iрi қара малдың жаңа партиясы түскенде олардың iрiктеу гельминтокопрологиялық байқау (қарау) жүргiзедi. Зақымдалған жануарларды айқындағаннан кейiн соңғыларын дегельминтизациялайды, сосын жалпы табынға қосады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Парамфистоматоз қоздырушының құрылысында қандай ерекшесі бар?

  2. Парамфистомалар қай мүшелерде мекендейді?

  3. Парамфистоматоздар қандай зиян келтіреді?

  4. Ересек парамфистомалардың өмір үзақтығы?

  5. Аурудың зақымдалу кезі?

Лабораторлық сабақ 8

Тақырып: Етқоректiлердiң описторхозы.

Сабақтын мақсаты: Описторхоз қоздырушысының құрылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және бояулы препараттар.

Описторхоз – сүтқоректiлер қатарының, көбiнесе ит, мысық, терiсi бағалы аңдар, сирек шошқалардың, сонымен қатар адамның Opishorchidae тұқымдасы, Opistorchis felineus трематодасымен шақырылатын бауырдың өт жолдарында, өт қабында және сирек ұйқы безiнде тiршiлiк ететiн табиғи – ошақты ауруы.

Қоздурышысы. Трематода денесiнiң ұзындығы 8-13 мм, енi 1-3,5 мм. Ауыз сорғышынан кейiн фаринкс орналасқан, өңешi бар, ол екi iшек бұтағына бөлiнiп, трематоданың артқы жағына жақын тұйық болып аяқталады. Құрсақ сорғышы дененiң бiрiншi және екiншi дене бөлігінің аралығында орналасқан. Еннiң алдында жұмыртқалықпен iрi шәует қабылдаушы орналасқан. Дене ұзындығының ортасынан үштен бiрi бөлігін жатыр iлмегiмен толған. Жыныс тесiктерi құрсақ сорғышының алдында орналасқан.

Аралық иелер – Bithynia leachi тұшысу ұлуы, қосымша иелері – тұқы балықтарының көптеген түрлерi: шабақ балық, қара балық, сазан тұқымдас кішкене балық (язь), тұқы, табан балық, шабақ, сазан және т.б.

Қоздырушының биологиясы: сыртқы ортаға бөлiнiп шыққан трематода жұмыртқаларында қалыптасқан мирацидий болады. Жұтылған жұмыртқасынан мирацидий аралық иенiң iшегiне шығады, iшек қабырғасы арқылы қуысқа енiп, спорацистаға айналады. Бiр айдан кейiн спороцистадан редия құрылады, онда церкарийлер дамиды. Церкарий редияны тастап, ұлудың ас қорыту безiнде инвазиялық сатысына дейiн пiсiп жетіледi. Кейiн шамамен екi айдан сон церкарий ұлу организмiнен шығып, суат түбiнде жүзедi. Осындай инвазионды церкарийлер қосымша иелерге – тұщы су балықтарына жабысып, олардың терi жабындысы арқылы бұлшықет және дәнекер ұлпасына енедi, онда олар қабықпен қапталады да метацеркарийге айналады. Балық бұлшықетiне енген метацеркарийлер тек 6 апта өткен соң инвазионды сатысына жетедi: олар беткей және терең арқа бұлшықеттерiнде, қабырғааралық бұлшықетте, желбезекте, жүзу қанатында, ішек қабырғасында және уылдырықта тiршiлiк етедi.

Соңғы иелер описторхозбен метацеркариймен зақымдалған шикі, қақталған немесе тоңазытылған балықты жегенде зақымданады. Соңғы иенiң жiңiшке iшегiнде олар цистадан босатылып, бауырдығы өт жолдарына өт өзегi арқылы енедi. Мұнда паразиттер тоқтайды да, өседi және 3-4 апта өткесiн толық жынысты сатысына жетедi.

Осылай Opistorchis felineus жұмыртқадан толық жынысты сатысының даму циклы 4-4,5 айға дейін созылады.

Эпизоотологиялық деректер. Описторхоз өзен бассейндерiнде O. felineus ареалы – Обь бассейiнен Батыс Европаға дейін ошақты таралған.

Инвазияның негiзгi қайнар көзi – описторхиспен зақымдалған адам. Сонымен қатар суаттардан ит пен мысықтар су ішкенде жұқтырады. Битинийдiң негiзгi биотопы – суаттар. Битиниялар ағысы баяу, өсiмдiктерге бай өзендерде мекен етедi.

Адам описторхозбен шикi немесе шала пiсiрiлген және қуырылған балықты жеу арқылы зақымданады. Азыққа жұқа етiп тiлiнген, тоңартылған шикi балықты пайдалану әдiсi Сiбiрде кең таралған, ол ауруға әкеп соғуы мүмкiн.



Патогенез: описторхистар бауырдың өт жолдарында тiршiлiк етiп, паразит-тердiң токсикалық әсерiн күшейетiп, өт өзегiнiң кiлегейлi қабығына механикалық

6 сүрет. Opistorchis felineus тiтiркендiргiшін тудырады. Бұл үдемелi және созылмалы инвазияға, өт өзегiнiң қабынуына әкеп соғады. Бұдан басқа, описторхистар бауырда цирротикалық өзгерiстер тудырады. Паразиттердiң зат алмасу өнiмдерiн бауыр мен басқа мүшелердiң антигендiк әсер нәтижесiндегi патологиялық процесс қиындатады.

Ауру белгiлерi: описторхозбен зақымдалған ақ түлкiлерде сары ауру, тәбеттiң төмендеуi, жабырқаулық жағдай, арықтау, ас қорыту жолының бұзылуы (iш өту iш қатумен алмасып отырады) байқалады, дене температурасы қалыпты. Жануарлар бауыр аумағында ауырсынуы сезiледi. Бауыры үлкейген, тығыздалған, жиi көптеген түрлi пiшiндi және мөлшерлi төмпешiктермен, сонымен қатар ұлпалардың сарғаюы байқалады. Инвазия шамалы болғанда клиникалық белгiлерi болмауы мүмкiн.

Патологоанатомиялық өзгерiстер. Бауыр тығызданған, өт өзегi кеңейген, кесiлген өзектерден сары-жасыл масса ағады, қабырғалары қалыңдаған. Кейде бауырда папиломатозды және аденоматозды өсiндiлер байқалады, ал иттерде iсiктер болуы мүмкiн.

Диагноз: клиникалық және эпизоотологиялық негiзiнде, гельминто-копрологиялық зерттеу нәтижесiнде қояды.

Жұмыртқалары ұсақ, мөлшерi 0,01-0,02 х 0,02-0,03 мм, сарғыштау, қақпақшасымен, қабығы қалыңдаған. Иммунобиологиялық реакцияларды пайдалануға болады. Аллергендi еңгiзген соң, 10-20 минуттан кейiн (құлақ қалқанын бетiне 0,1 мг терi iшiне) зақымдалған жануарларда көрiнетiн және жеңiл ұстап қаралатын диаметрi 1,5-2 см папула пайда болады.



Емi: түлкi мен ақ түлкiлерге дозасы 0,2-0,3 г/кг гексихолды бiр мәрте етпен қоса 12 сағаттық ашыққаннан кейiн бередi. Ауыр өткенде препаратты 0,1-0,15 г/кг дозада 2 күн қатарынан бередi. Гексахлорэтанды 0,1-0,2 г/кг дозада етпен қоса, 12-18 сағ ашыққаннан бергеннен кейiн берудiң тиiмдiлiгi аз.

Иттерге гексахлорпараксилол немесе гексахлорэтанды 0,1-0,2 г/кг дозада екi күн қатарынан беруі ұсынылады.



Алдын алу және күресу шаралары: етқоректi жануарларды описторхоздан зақымданудан сақтау үшiн ит, мысық терiсi бағалы аңдарды шикi, қақталған балықпен азықтандыруға болмайды. Аса қауiптi – Обь, Ертiс, Едiл өзендердiң балықтары.

Қоғамдық профилактика суаттардың нәжiспен лайланбауын қадағалайды. Балық аулайтын флотта жапқыш жиыстырғыштарды жабдықтау керек. Бұдан басқа, кәсiпшiлiктiң жағдайын жақсартуда санитарлық талаптарды сақтау керек: халықтың гельминтологиялық сауаттылығын көтеру, әсiресе балықшылардың, аңшылардың, балық зауты персоналдарының, балық аулайтын флоттың.



Описторхоз ауруы бар жерде адам шикi, шала пiсiрiлген немесе қуырылған, сонымен қатар аз тұздалған түрiнде балықты жеуден бас тарту керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Описторхоз қандай түрде өтеді?

  2. Описторхозды неге табиғи-ошақты ауру деп айтады?

  3. Аралық және қосымша иелері кім болады?

  4. Паразиттер қай жерде мекендейді?

  5. Описторхоздың дефинитивтік иелері кім болады?

Лабораторлық сабақ 9

Тақырып: Ориентобильхарциоз.

Сабақтың мақсаты: Ориентобильхарциоз қоздырушының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және бояулы препараттар.

Ориентобильхарциоз - Oricnthobilharzia тұқымына, Schistosomatida отрядына жататын трематодалардан туындайтын iрi қара мал, ешкi, қойдың ошақты ауруы. Бұл бөлек жынысты трематодалар, олар жыныстық жетiлуде омыртқалы жануарлардың қандарында - шажырқай, бауыр, ұйқы безi, iшектiң кiлегей асты қабығының тамырында болады.

Қоздырушысы – O. turkestanica. Аталығының ұзындығы 6,4-12,9 мм және көлемi 0,48-0,64 мм. Ауыз емiзiкшесi дөнгелек, ендерi ұзыншалы сопақ жиындi, саны 78-80, iшек бөлiгiнiң арасында екi қатарда орналасқан. Аналығының 4,8-6,8 мм және көлемi 0,08-0,14 мм. емiзiктерi рудиментарлы. Жатырда бiр жұмыртқасы созылған – сопақша пiшiндi, әр полюсiнде бiр түртiктерден болады: бiреуiнiң түрi жеңiл иiлген өсiндi сияқты ал басқасы – жұмыртқа денесiнiң шетiнде қисайған қосалқы сияқты. Жетiлген жұмыртқалардың ұзындығы 0,13-0,14 мм және көлемi 0,04-0,04 мм; оларда қозғалмалы мирацидий болады.

Аралық иесi – құлақ тәрiздi моллюска Lymnaea auricularia.

Қоздырғыш биологиясы: Тремато-далар дефинитивтi иелерiнiң iшек қабырға-сына жақын жердегi ұсақ тамырға енедi де, осында толық жетiлмеген жұмыртқаларын ұсақ тамырға қалдырып кетедi. Жұмыртқа-да мирацидийдiң кұрылуы және әрi дамуы иесiнiң ұлпасында өтедi. Жетiлген жұмыртқалар iшекке өтедi, нәжiспен сыртқы ортаға бөлiнiп, мирацидий шығады, сосын моллюскаға енедi. Моллюскада мирацидий партеногенетиялы көбейтiн аналық спороцистаға айналады, бастапқыда ұрық жалғастырушы спороцистаға, содан кейiн церкарийға бөлінедi. Соңғылары моллюскадан суға шығып, терi және кiлегей қабық арқылы

7 сүрет. Oriеntobilharzia turkestanica белсендi ену жолымен қой және iрi қара

мал ағзасына түсуi мүмкiн. Церкарийдiң моллюскада 28-32Со-та дамуы 22-ден 25 күнге дейiн созылады. Қой ағзасында ориентобильхарцийдiң дамуы 35-40 күнде жыныстық жетiлуiне дейiн созылады; жануар нәжiсiнде жетiлген жұмыртқалардың байқалуы зақымдалғаннан 50 күннен соң ғана бiлiнедi.



Эпизоотологиялық белгiлер: қойлар мен iрi қара мал кез келген жаста зақымдалады. Трематодаларда жылдың барлық айларында, соның iшiнде әсерi күз-қыс кезеңiнде табылады. Жануарлар моллюска болатын тұщы судан суарылғанда, жайылғанда зақымдалады. КСРО-да бұл инвазияның ошағы Қазақстан, Өзбекстан, Азербайжан, Түрiкменстан, Алыс Шығыста (O. bornfordi) тiркелген. Iрi қара мал осы ауруға өте беймдi келедi.

Патогенез және ауру симптомдары: Шистосомататтар аса патогендi гельминттерге жатады және өлiмге әкеп соғатын ауыр аурудың таралуының эндемиялық ошағын тудырады. Қой ағзасына түркiстан ориентобильхарцтдiң патогендi әсерi ену және көшу процесiнде, жетiлген трематоданың механикалық әсерi және олардың жұмыртқаларының қанда болуы, ие ұлпасына жұмыртқалардың көшуi, иесiнiң улану нәтижесiнде болады. Клиникалық байқылау аллергиялық көрiнiске негiзделген. Ориентобильхар-цийлар әсiресе қой мен ешкiге патогендi. Жануарларда әлсiздiк, одан кейiн қан және фибриндi қабыршақ тұнбасынан болатын iш өту байқалады. Көрiнетiн кiлегей қабықтары анемиялы. Температурасы 41,2 - 41,4 Со, тамыр соғу мен тыныс жиiленген. Бұл кезеңде жиi өлiмге ұшырайды, әсiресе жас төлдер.

2 кесте. Orientobilharzia turkestanicа даму схемасы

Патологоанатомиялық белгілері: ащ iшектін кiлегейінде интенсивтi гиперемия байқалады, бiрдей және бiрнеше түйiндердің кiлегейi iсiнген. Жарықта қарағанда мезентериальды қан тамырында ориентобильхарцийдi оңай байқауға болады. Iшектiң кiлегей қабықпен бiрге жұғындыда қой ориентобильхарциозбен зақымдалғанда, микроскоппен қарау арқылы паразит жұмыртқаларын көруге болады.

Диагноз: тiршiлiк кезiндегi диагностика үшiн қоздырғыш жұмыртқаларын табу әдiсiн келесi қолдану ұсынылады.

Емi: фуадиндi 0,3 мл/кг мөлшерде бұлшық етке (күн ара) еңгiзу ұсынылады.

Алдын алу және күресу шаралары: құлақ тәрiздi моллюсканы жоюға негiзделедi. Ол үшiн оның биотоптарын батпақ және батпақты жайылымды кептiру жолымен жояды, сондай-ақ моллюскацидтердi қолданады. Мыс купоросының 1:5000 – 1:25000 мөлшерi және 5,4-дихлорсалициланимидтiң 1:500000 қатынасы 100-ке құлақтәрiздi прудовиктi жояды. Моллюскацидтердi инвазияның интенсивтi ошағында қолдануда сақтық ережелерiн қадағалау керек.

Лабораторлық сабақ 10

Тақырып: Құстардың простогонимозы

Сабақтын мақсаты: Простогонимоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және бояулы препараттар.

Простогонимоздар – Prosthogonimidae тұқымдасына, Prosthogonimus туыстастығына жататын трематодалардың әр түрлi түрлерiмен шақырылынатын тауықтардың, күрке тауықтардың, сирек үйректердiң және қаздардың ауруы. Осы паразиттер жас құстарда фабрицийлi қапшықта ал ересек құстарда – жұмыртқа жолында тiршiлiк етедi. Осы ауру кезінде жұмыртқалау бұзылады және қабықсыз жұмыртқа құрылады «литье яиц» деп аталады.



8 сүрет. Солжақтағы - Prosthogonimus ovatus; онжақтағы – Prosthogonimus cuneatus: По – аталық және аналық жыныс тесiгi; Рп – ауыз сорғышы; Гл – жұтқыншақ; Пщ - өңеш; Мб – аталық бурсасы; М– жатыр; К – iшек; Я – жұмыртқалық; Бп – құрсақ сорғышы; Ж – желточник; С – ендер; Эк – экскреторлы өзек (Скрябин мен Шульц бойынша).

Қоздырушысы. Prosthogonimus туыстығы үшiн келесi белгiлер тән: жыныс тесiктерi бүйiр жағында ашылады, ауыз сорғыштың қасында, жыныс бурсасы ұзын және цилиндрлi; құрсақ сорғыштың артында бiрнен-бiрi ендер орналасқан. Жұмыртқалық лопасты, дорсальды түрде немесе құрсақ сорғыштың артында орналасқан. Ең жиi таралғандар: P. ovatus және P. cuneatus.

P. ovatus - денесi алмұрт тәрiздi, ұзындығы 3-6 мм енi 1-2 мм. Құрсақ сорғышы ауыз сорғышқа қарағанда екi есе үлкен. Iшек ауыз бен құрсақ сорғыштардың арасының ортасында орналасады.

Ендер сопақша, дененiң артқы жағында, жұмыртқалық құрсақ сорғыштан дорсальды орналасқан. Жатырдың артқы жағын және ендердiң арасында жерін қамтиды. Олар құрсақ сорғыштың алдында және айналасында қатты иiлген.


  1. cuneatus - жұмыртқалық құрсақ сорғыштың артында орналасқан. Жатыр құрсақ сорғыштың алдында иiлмейдi.

Аралық иелер – тұщысу ұлулар тұқымдасы Bithynia, Gyroulus; қосымша - Libellila, Anax, Sympetrum тұқымдасына жататын инеліктердің көптеген түрлерi.

Даму циклы (биологиясы): Простогонимустармен зақымдалған ауру құстар сыртқы ортаға жұмыртқаларын бөледi (тек суда өмiр сүредi). 8-14 күннен кейңн жұмыртқада мирацидий дамиды, ол суға шығып, аралық иеге кездескенде оған енiп, кiрпiкшелерін тастап, бауырда спороцистаға айналады. Одан церкарий дамиды да, ұлулардан шығып, құйрық қосалқысы арқылы суда жүзiп жүредi. Церкарийлер сумен қосымша иелерге түсiп, құйрығын тастап, басына, кеудесiне немесе құрсағына еніп, цистамен қапталып, метацеркарийға айналады. 70 күннен кейiн ол инвазионды болады. Құстар зақымдалған инелiктердi жұтып, өздерi зақымданады. Құстардың iшегiнде инелiктер қорытылып, ал босатылған метацеркарий жас құстардың фабриций қапшығына немесе ересек құстардың жұмыртқа жолына енедi.

Эпизоотологиялық деректер: жиi тауықтар, күрке тауықтар ауырады. Простогонимоз – ошақты ауру, әсiресе жұмыртқалайтын тауықтар қатты ауырады. Аурудың эпизоотологиясында үлкен мағынасы бар – жабайы құстар (қараторғай, ала қарға, қарға).

Зақымдану ересек инелiктердi және олардың личинкаларын жегенде байқалады. Метацеркариялармен зақымдалған инелiк личинкалары қыстап, көктемде жағаның қасында жиналады да сондықтан простогонимоз су қоймаларға жақын орналасқан құс фермаларында жиi кездеседi. Тауықтар зақымдалудың тұтануы белгiлi мезгiлде болады – көктемнiң соңы және жаздың басы.



Патогенез: простогонимустар ең алдымен жұмыртқа жолының артына, кейiн оның белоктық бөлiгiне енiп, онда ол кiлегейлi қабықтарына жабысып, тiтiркенiп (шипиктермен), алдында қабықтың, кейiн белок бездерiң қызметің бұзады. Нәтижесiнде гипер функцияға немесе белок пен өнiм шығаруының тоқталуына әкеп соғады.

3 кесте. Prosthogonimus sp.даму схемасы

Жұмыртқа жолының кiлегейлi қабықтардың қабынуының нәтижесiнде бездердiң секрециясы, белоктық және қабыну процесстердiң жиналуы жоғарлайды. Жұмыртқа жолының жиырылу функциясы толық бұзылады. Соңында жұмыртқалардың шығуы тоқталады, деформировалды жұмыртқалардың шығуы (жұмсақ, қабыршақсыз) және сұйық әк массаның бөлінуi басталады.

Ауру белгiлерi: инвазияның ағымында 3 сатысы бар:


  1. Тауық түрiне қарай сау. Онымен салынған жұмыртқалар басында мөлшерi мен құралы қалыпты, бiрақ скорлупасы жiңiшкерiп, жұмсақ болады, кейiн (қабықсыз) қабықсыз жұмыртқалар пайда болады. Сосын жұмыртқа салу қиындайды және жұмыртқа шығуы тоқталады. Простогонимоздың 1-шi сатысы мамырдың 2-шi жартысында немесе маусымның басында басталып, 1 айға дейiн созылады да, ауру тауықтар жазылуы мүмкiн.

  2. Құстардың көпшiлiгі ауру. Олар солғын, азықтануы төмен, кейде клоакадан жұмсақ скорлупаның шетi шығып тұрады немесе қою сұйықтық ағады (әк ерiтіндiсiне ұқсас). Тауықтардың iшi үлкейген. Тепе-теңдiгi бұзылады. Құлап кетпеу үшiн құс аяқтарын әр түрлi жақтарына қояды. Осылай 1 аптаға дейiн созылады.

  3. Дене температурасының жоғарлауымен, шөлдеудiң күшеюiмен, ауру түрмен, күштердiң төмендеуiмен сипатталады. Құрсақтын басып көргенде ауырсынады. Клоака қызыл түстi, оның қасында және iштiң артқы жағында қанаттары түсiп қалады. Осындай ауыр жағдай 2-8 аптаға дейiн созылады да, кейiн құс өледi. Ауру 1,5 - 2 айға созылуы мүмкiн.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет