Ветеринарлык медицина 3-курс Алибай Динара Даулеткызы!



Дата07.02.2022
өлшемі14,23 Kb.
#85161
Байланысты:
Динара Алибаева


Ветеринарлык медицина
3-курс
Алибай Динара Даулеткызы!
Физиотерапия жане физиопрофилактика

*1.Физиотерапия* — табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың қолдануы.


*2.Курортология*-физиотерапияның жеке бөлімі.
3.*Гальванизация*. Гальванизация бұл дененің ауру аймағына жанасатын электродтар арқылы төмен күштегі (50Ам дейін) және кернеуі (30-80В) тұрақты үздіксіз электр тогы қолданылатын электротерапиялық процедура.
4.*Электрофорез* - бұл электротерапия процедурасы, тұрақты қуат тоғының көмегімен дененің зақымдалмаған бөлігі және кілегей қабат арқылы дәрілік заттардың иондарын енгізу.
5.*Дарсонвализация* -Жиілігі, кернеуі жоғары, бірақ күші болмашы физиотерапевтік электрмен емдеу тәсілдерінің бір түрі.
6. *Диадинамотерапия* – жиілігі 50 және 100 Гц жартылай синусоидальды пішінді импульстерімен тұрақты токпен емдеу.
7. *Электростимуляция* – электр тогын белгілі органдар немесе жүйелердің қызметін қозу немесе күшейту мақсатында қолдану.
8. *Магнитотерапия* – бұл қосымша әсері жоқ магниттік өрістерді қолданатын физиотерапиялық емшаралардың қауіпсіз бөлімі. Көптеген ауру түрлерінде магниттік өрістер сан қырлы емдеу әрекеттеріне ие болады.
9. *Электротерапия* – электр тоғын, электр, магниттік немесе электрмагниттік өңірін организмге мөлшермен пайдалануға негізделген физиотерапия әдісі.
10. *Ультрадыбыстық терапия*-ультрадыбыс өзімен бірге жоғары жиіліктегі дыбыс толқындарын қабылдайды. Олар адам құлағына естілмейді және 20 мың – 1 млрд. Герц диапазонын құрайды.
11. *УЖЖ-терапия*– электрмен емдеу әдісінің кең тараған түрі. Ауру адам денесінің тканіне (УЖЖ) ультра жоғары жиілікті электр өрісімен әсер етеді. УЖЖ-терапия кезінде (25-50МГц) иондық өткізгіш арқылы тканьде біршама шығындармен қатар, дипольдік белоктық молекулалар-дың ориентациялық тербелісі әсерінен диэлектрлік шығындарға ұшырайды.
12. *Флюктуоризация* – ретсіз өзгеретін жиілікпен (2000 Гц дейін) және амплитудамен (3 мА/см2 дейін) төмен кернеулі (100 В дейін) жартылай немесе толық түзетілген ауыспалы токты емдік мақсатпен қолдану.
13. *Дәрілік электофорез* – бұл тұрақты, жиірек қолданылатын гальваникалық токтың және бірнеше емдік дәрі-дәрмектен тұратын токпен бірге организмге баратын дәрілік заттың немесе коктейльдің әсері.
14.*Амплипульстерапия* - күші төмен айнымалы синусоидальды модульдік токтармен науқасқа әсер ететін электрмен емдеу әдісі.
15.**Физиотерапия дегеніміз **ауруды емдеу үшін табиғаттың әр түрлі күштерін қолдану деп түсініледі. Физиотерапия физикалық факторлардың емдік қасиеттерін зерттейді: суық, жылу, жарық, ауа, су, табиғи су қоймалары, емдік балшық көздері, қозғалыс, электр және радиоактивті энергия.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет