Vi-viii ғасырларда басталған. Атақты араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслим



бет4/4
Дата11.10.2022
өлшемі48,14 Mb.
#152553
1   2   3   4
Байланысты:
дәріссс
Ғұндар с, жіберу, Этикет презентация.

ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИСЛАМ


XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан жерін отарлай бастаған Ресей империясының Ислам дініне деген қарым-қатынасы да қазақтардың исламдану үдерісіне шешуші рөл атқарды. XVII ғасырда Ресей үкіметі көшпелі халық арасына христиан дінін тарата бастады. Патша үкіметі христиан дінін тықпалаумен қатар, Ислам дінін әлсірету саясатын ұстанды. Қазақтардың шығыс елінде мәселен, Түркияда оқуына тыйым салды. Молдалардың қызметіне үкімет тарапынан қатаң бақылау орнатылды. Әр болыста бір ғана молда болды. Көшпелілер арасында молда Ресей империясына шын берілген қазақ болуы тиіс деді. Мешіт салу үшін генералгубернатор рұқсаты керек болды. Молдалардың, жергілікті тұрғындардың сауатын ашу үшін уезд басшысының рұқсаты талап етілінді.
Дегенмен, қоғамдағы дін ықпалының қаншалықты күшті екенінің негізігі көрсеткішін ғибадатханалар мен діни білім беру жүйелерінің көптігінен көруге болады. XIX ғасырдың 60 жылдары Түркістан қаласында 20-ға жуық мешіт, 2 медресе болған. Ал, 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейін Ақтөбе аймағында 200-дей, Жетісу өлкесінде 269, Бөкей ордасында 78, Әулие ата қаласында 15 мешіт болған. Зерттеулер орыс отарлауына дейін Түркістан өлкесінде білім берудің негізгі түрі дәстүрлі мектептер мен медреселер болғандығын көрсетеді. Кейбір зерттеулерде XX ғасыр басында 5892мектеп пен 353 медресе болғандығын мәлімдейді. Бұлардың басым бөлігі «заңнан тыс» ашылғандар еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет