Вирустық гепатит. Гепатит – бауырдың қабынуы



бет6/6
Дата13.09.2020
өлшемі1,6 Mb.
#78453
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гепатит презентация.

Гепатит Е вирусы

  • РНҚ-вирустар тобына кіреді. Жұғу жолдары, клиникасы гепатит А-ға ұқсас. Бірақ, екіқабат әйелдерде ауыр түрде өтіп, өлім себебі болуы мүмкін.
  • Негізгі симптомы сарғаюдың пайда болуы. Ерекшелігі сарғаю кезінде науқастың жағдайы жақсармайды.
  • Инкубациялық кезең – 14-50 күн.
  • Продромальды кезең симптомдары: астың қорытылуы бұзылады, жалпы хал-жағдай нашарлайды, температура жоғарлауы мүмкін. Өте ауыр формаларында вирус тек бауырды ғана емес бүйректі де зақымдайды.

Жұғу жолдары

  • Ағзаға екі жолмен түседі:
  • Энтеральды (ауа-тамшылы)
  • Парентеральды (қан арқылы)
  • Энтеральды жол арқылы А,Е вирустары жұғады. Вирус науқас адамнан ауа-тамшылы жолмен түсіп, су, ас арқылы сау адам ағзасына түседі және жеке бас гигиенасын, тазалықты сақтамаудан жұғады.
  • Парентеральды жол арқылы В, С, Д, G вирустары жұғады. Соның ішінде В, С вирустары өте қауіпті. Көбінесе науқаспен тікелей байланысқа түскенде, қан құйғанда, операция жасағанда қаны арқылы жұғады. Сондықтан С гепатиті - посттрансфузионды гепатит деп аталады.
  • Сонымен қатар гепатит вирусы татуаж жасағанда, стерильді емес инелермен құлақ тескенде, жыныс жолдарымен де жұғады, наркомандар арасында жиі кездеседі.
  • В, С, Д, G вирустары вертикальды жолмен, яғни анадан балаға жұғады. Ана сүті арқылы жұқпайды. 40% жағдайларда жұғу жолы белгісіз қалады.

Лабораторлық зерттеулер

  • Қанның жалпы анализінде бұзылыстар болмауы мүмкін жəне жиірек вирусқа қарсы терапияның жанама əсерлері байқалады. Қанның биохимиялық өзгерістері: - цитолиз синдромы (АЛТ, АСТ белсенділігінің артуы, альдолаза, ЛДГ,4,5 - орнитинкарбамилтрансфераза); - холестаз синдромы (ЩФ 5-нуклеотидаза белсенділігінің/құрамының артуы, ГГТП, билирубин (тура фракция), өт қышқылдары, холестерин, b-ЛП, фосфолипидтер);
  • - бауырлық - клеткалық жеткіліксіздік синдромы (альбумин, холинестераза, протромбин, проконвертин құрамының төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің тежелуі); - иммундық қабыну синдромы (g-глобулиндер IgA, IgM, IgG құрамының артуы, тимол сынамасының жоғарылауы, сулема сынамасының төмендеуі, аутоантиденелердің болуы кіреді: антинуклеарлық (ANA), антитегісбұлшықеттік (ASMA), бауыр жəне бүйрек микросомаларына 1 тип (LKM-1), бауырдың ерігіш антигендеріне (SLA)); - шунттау синдромы (аммиак, фенол, бос амин қышқылдары құрамының жоғарылауы).  
  • Вирустарды идентификациялау серологиялық маркерлердің негізінде жүргізіледі:
  • - HBsAg, HBeAg, анти-HBc, HBe IgG, анти-HBc IgM, анти HBe IgG, DNA HBV;
  • - анти-HCV total, RNA HCV;
  • - анти-HDV, RNA HDV.

Диагностикасы

  • Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
  • - Қан мен зəрдің жалпы анализдері; - Копрограмма; - Бауырдың биохимиялық сынамалары (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза, ГГТП немесе ГГТ, билирубин, қан сарысуының белогы, коагулограмма немесе протромбиндік уақыт, креатинин немесе мочевина), серологиялық маркерлер (HBsAg, HBeAg, анти-HBc, HBe IgG, анти-HBc IgM, анти HBe IgG, DNA HBV, анти-HCV total, RNA HCV, анти-HDV, RNA HDV;
  • - Гепатобилиарлы жүйені ультрадыбыстық зерттеу;
  • - Өңеш, асқазанды эндоскоптық зерттеу.
  • -Тікелей емес эластография  
  • Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
  • - Бауырлық жəне порталдық қан келуді доплерграфиялық зерттеу;
  • - Компьютерлік томография – бауыр құрылымын анық бағалау үшін;
  • - Магниттік-резонанстық томография;
  • - Бауыр биопсиясы;
  • - Өңешті баримен зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет