Витаминдік препараттар



бет1/5
Дата05.12.2022
өлшемі52 Kb.
#161358
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№9 Витамин
145069, ОШ СОЧ Англ.яз 8кл англ 161117, Aspect-for-Kazakhstan-Grammar-Schools-grade-11

Витаминдік препараттар
Витаминдер - организмнің қалыпты дамуына қажетті органикалық қоспалар. Олар ферменттердің құрылуына қатысады, әртүрлі жүйелер мен мүшелердің қызметтерін және зат алмасу процестерін реттейді. Көбісіне витаминдер организмде синтезделмейді, организмге тамақпен бірге түседі.
Тамақта витаминдердің мөлшері жетіспегенде гиповитаминоз немесе авитаминоз пайда болады. Бұл жағдайда витаминдік препараттар қолданылады.
Витаминдер – жоғарғы активті заттар, организмге көп мөлшерде түскен жағдайда гипервитаминоз болуы мүмкін.
Витаминдік препараттар екіге бөлінеді:
1). Суда еритін витаминдер препараттары
2). Майда еритін витаминдер препараттары


1. Суда еритін витаминдер препараттары
Суда еритін витаминдер препараттарына тиамин бромиді (витамин В1), рибофлавин (витамин В2), пиридоксин (витамин В6), никотин қышқылы (витамин РР), пантотен қышқылы (витамин В5), цианокобаламин (витамин В12), фолий қышқылы (витамин Вс), аскорбин қышқылы (витамин С) жатады.
Тиамин бромиді /Thiamini bromidum/ - витамин В1 препараты. Шығарылатын түрі: таблетка 0,0026г; ампула 3%, 6% 1мл; ішке және бұлшық етке күніне 1 рет.
Адам организмінде витамин В1 түзілмейді, дайын түрінде тек тамақпен түседі. Витамин В1 жетіспегенде полиневриттер, бұлшық ет әлсіздігі пайда болады. Авитаминоз кезінде бери-бери ауруы байқалады, жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметтері өте ауыр зақымдалады.
Қолданылуы: невритте, невралгияда, радикулитте, парезде және жүрек-қан тамырлар жүйесінің, асқазан-ішек жолының, тері ауруларында.
Қосымша әсері: кейбір жағдайларда аллергиялық реакциялар және анафилактикалық шок болуы мүмкін.
Рибофлавин /Riboflavinum/ - В2 витамины. Шығарылатын түрі: ұнтақ; таблетка 0,01; 0,01% көз тамшысы. Ішке және көзге тағайындалады.
Негізгі әсері: көмірсутегі, белок, май алмасуына белсенді қатысады. Көздің көру қызметіне және гемоглобин синтезіне қатысады. Рибофлавиннің жетіспеушілігінде гемералопия (көздің көруі кешқұрым нашарлайды; тауық көз), кератит, глоссит, хейлоз (еріннің сызаты) пайда болады.
Қолданылуы: гемералопия, конъюнктивит, кератит, ирит, терінің, ішектің зақымдалуы, гепатит, сәуле ауруы. Гипервитаминозы: бауырдың зақымдалуы.
Никотин қышқылы /Acidum nicotinicum/. Витамин РР.
Шығарылатын түрі: ұнтақ; таблетка 0,05г; ампула 1% 1мл; ішке, бұлшық етке, венаға.
Никотин қышқылы организмде никотинамидке айналады, тотығу процесіне қатысады. Никотин қышқылы жетіспегенде пеллагра ауруы пайда болады. Бұл аурудың белгілері: диарея (іш өту), дерматит (терінің зақымдануы), деменция (психиканың ауыр зақымдалуы, жарыместік).
Қолданылуы: пеллаграда, бауыр ауруында, қышқылы төмен гастритте, колитте, ұзақ жазылмайтын жараларда. Никотин қышқылы қан тамырларын кеңейтеді, сондықтан шеткері қан тамырларының спазмасында, атеросклерозда қолданылады.
Артық дозада препарат есекжем, бас айналу туғызады, терінің сезімталдығы бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет