1-дәріс: Мәдениет морфологиясы


Мәдениет – көп деңгейлі жүйе



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1

Мәдениет – көп деңгейлі жүйе. Мәдениет – аса күрделі, көп деігейлі жүйе. Мәдениет дүниежүзілік және ұлттық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік мәдениет – біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.
Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір қоғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің синтезін алға тартады. Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.
Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.

Сонымен, материалдық мәдениет – еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, яғни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті.
Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойлық, философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. Кейбір мәдениеттанушылардың пікірінше, мәдениеттің жекелеген салалары материалдық та, рухани да мәдениеттің құрамына кірмей, өз беттерімен мәдениеттің қосылысын құрай отырып, мәдениетті байыта түседі. Бұлар – экономикалық, саяси, экологиялық және эстетикалық мәдениет.
Мәдениетті тарихи гуманизммен байланыстырады. Мәдениеттің негізінде адам дамуының мөлшері жатыр. Техниканың жетістіктері де, ғылыми жаңалықтардың ашылуы да, егер онда адамгершілік болмаса, егер мәдениет адамды жетілдіруге жұмсалмаса, өз беттерімен қоғам мәдениетінің деңгейін анықтай алмайды. Сондықтан да мәдениеттің өлшемі – қоғамды имандандыру болып табылады. Мәдениеттің мақсаты – адамды жан-жақты тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет