1-дәріс: Мәдениет морфологиясы


О.Шпенглердің мәдениет тұжырымы



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1

О.Шпенглердің мәдениет тұжырымы. Дүниені дүр сілкіндірген оқиғаларға толы болған өткен ғасырдың танымал ойшылдарының бірі неміс ойшылы – Освальд Шпенглер. Оның шығармашылық өрлеуі екі дүниежүзілік соғыс аралығына сай келді және осы жағдай ойшылдың дүние түйсінуіне, ой қорыту ерекшеліктеріне өз әсерін тигізді.
О.Шпенглер тарихи құбылыс тек бірақ рет байқалады, сондықтан оны ғылыми әдіспен танып білуге болмайды, ол тек интуиция арқылы ғана танылады деп санайды. Адамзат тарихын ол қайталанбайтын, шектелген сегіз циклды, ошақтың (локальды) мәдениеттерге бөледі. Олар Қытай, Вавилон, Египет, Антикалық, Араб, Батыс Еуропалық, Майя және Орыс сібір мәдениеті.
Бұлардың әрқайсысының өз идеясы, өз құштарлығы, сезімі, арманы, өлімі бар. Әрбір ошақтық мәдениет, өз ерекшелігін сақтай отырып, туғаннан өлгенге дейін белгілі бір сатылардан өтеді. Әрбір мәдениеттің балалық шағы, жастық шағы, қалыптасу, өлу дәуірін бастан кешіреді. Кезкелген мәдениет, оның өзіне тән рухы (халықтар түріндегі, тіл, дін, өнер, ғылым түріндегі барлық мүмкіншіліктерін сарқыған кезде өледі). Сөйтіп алғашқы рухани стихиялық қалпына қайтып оралады. О.Шпенглердің пікірі бойынша әрбір ошақтық мәдениеттің айқындаушы факторы – рухани бастау. Осы рухани бастаудың пайда болуы, гүлдену, солуы арқылы мәдениет айналымы орын алады. Ол бұл жолы адамзаттың мәдениеттің дамуын жоққа шығарады. Бұл мәдениеттер бір-біріне әсер етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет