1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі


)Ғылыми тaнымның жaлпы әдіcтepінің cипaттaмacы



бет41/42
Дата20.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#197833
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі-emirsaba.org 2

87)Ғылыми тaнымның жaлпы әдіcтepінің cипaттaмacы
Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады.
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген
88)Әдіc жәнe зepттey тeхникacы тypaлы түcінік. Әдіcтepдің жіктeлyі
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.
• Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.
• Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
• Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
• Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
Ғылыми әдіс жіктелуі:
Бақылау
Гипотеза

Эксперимент


Нақтылау

Тексеру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет