1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі



бет1/42
Дата20.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#197833
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі-emirsaba.org 2


1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі

1)Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі
Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты ақиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдыльқтары, танымның өзі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропадағылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзіндік өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.

Ғылым және оның қоғамдағы рөлі
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика,геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика,физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына — тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пөндерді күрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет