6.3. Жобалық институттар
«Тыңжоба» мемлекеттік жобалық институттың Көкшетау филиалы
Қор 7, 114 сақт. бірл., 1958-1968 жылдары
Көкшетау облыстық атқару комитеттің 1958 жылдың 21 сәуіріндегі шешіміне сай колхоздарда құрылыс бойынша облыстық басқармасы жанында жобалық-сметалық топ ұйымдастырылған.
Облыстық атқару комитеттің 1961 жылдың 10 сәуі-ріндегі шешімі негізінде колхоздарда құрылыс бойынша облыс-тық басқармасы жабылған. 1961 жылы «Тыңжоба» Мемле-кетік жобалық институттың 1961 жылдың 18 қазанындағы бұйрығына сай облыстық колхоздараралық жобалық ұйым негізінде «Тыңжоба» Мемлекеттік жобалық институттың кешендік жобалау бөлімі құрылған. Тың халық шаруашылығы кеңесінің 1962 жылдың 9 сәуіріндегі өкімімен «Тыңжоба» жобалық институттың Көкшетау филиалына қайта құрыл-ған. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі құрылыс ісі бойынша Мемлекеттік комитетінің 1969 жылдың 20 қарашасындағы бұйрығымен республиканың жобалық институттарының іріктендіруіне байналысты филиал қызметін тоқтатқан.
Ауылдық құрылыстың объектілерін жобалық-сметалық құжаттамамен қамтамасыздандырған.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
Жобалық-іздестіру жұмыстардың жинақ, тақырыптық жоспарлары, еңбек бойынша жоспарлар, іздестіру және жобалық жұмыстардың титулді тізімдері, жобалық-іздестіру жұмыстарға тапсырыстар, құрылыс бойынша сметалар. Жоба-лық-іздестіру жұмыстарға есеп кәртішкелер. Жобалық-іздестіру жұмыстардың жоспарын орындау туралы есептер, мәліметтер, ақпараттар.
Штаттық кестелер және шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.
«Қазгипроауылшаруашылықсу» жобалық институттың Көкшетау филиалы
Қор 252, 130 сақт. бірл., 1960-1973 жылдары
[1955 жылы] Көкшетау облыстық су шаруашылығы басқармасының жобалық-іздестіру тобы құрылған, 1962 жыл-дың мамырынан – «Қазгипросуэлектро» институты Целино-град экспедициясының. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1966 жылдың 01 ақпанындағы қаулысына сай Қазақ КСР Мелиорация мен су шаруашылығы Министрлігі «Қазгипросу-шаруашылығы» Қазақ мемлекеттік су шаруашылығы құрылыс-тарын жобалау бойынша институтының жобалық-іздестіру экспедициясына өзгертілген, 1970 жылдан – «Қазгипроауыл-шаруашылықсу» институттың жобалық-іздестіру бөлімі. Қазақ КСР Мелиорация мен су шаруашылығы Министрлігінің 1972 жылдың 07 наурызындағы бұйрығымен бөлім негізінде «Қазгипроауылшаруашылықсу» институттың Көкшетау филиалы ұйымдастырылған.
Су шаруашылығы объектілері бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуімен айналысты.
1955-1959 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Институттың негізгі қызмет бойынша бұйрықтары, өкімдері.
Жобалық-іздестіру жұмыстарға жоспарлар, сметалар, еңбек бойынша жоспарлар. Гидрогеологиялық қорытындылар. Жобалық-іздестіру жұмыстардың жоспарын орындау туралы техникалық есептер, дайындық актілері. Өндірістік-қаржылық қызмет бойынша жылдық жоспарлар.
Штаттық кестелер және шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер және хат алмасу.
«Қазауылшаруашылықтехжоба» жобалық-технологиялық институттың Көкшетау филиалы
Қор 7, 86 сақт. бірл., 1965-1978 жылдары
Тың аймақтық атқару комитетінің 1965 жылдың 09 та-мызындағы өкімі негізінде «Қазауылшаруашылықтехника» Көкшетау облыстық бірлестігі жанында жобалық-сметалық бюро құрылған. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1968 жыл-дың 20 қыркүйегіндегі қаулысына сай «Қазауылшаруашы-лықтехника» Республикалық бірлестігінің «Қазауылшаруашы-лықтехжоба» жобалық-технологиялық институты құрылға-нына байланысты институтқа бағыныш өндірістік бөлімге қайта құрылған. «Қазауылшаруашылықтехника» Республика-лық бірлестігінің 1972 жылдың 06 қаңтарындағы бұйрығына сай «Қазауылшаруашылықтехжоба» жобалық-технологиялық институттың филиалына өзгертілген.
Өндірістік ауыл шаруашылық объектілерін салуына, қайта құруына, техникалық қайта жабдықтауына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен айналысты.
Өндірістік бөлім туралы қағида.
Бөлімнің, филиалдың өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтар.
Жобалық-іздестіру жұмыстарын орындау туралы жоспарлар, сметалар, актілер, реестрлер, есептер. Өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызмет туралы мәліметтер, еңбек бойынша көрсеткіштер анализі.
Штаттық кестелер мен шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер мен оларға түсіндірме жазбалар. Кадрлар бойынша жылдық есептер.
7. САУДА-САТТЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН КӘСІПОРЫНДАРЫ
7.1. Сауда-саттықты басқару органдары
Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің сауда-саттық бөлімі
Қор 372, 10 сақт. бірл., 1955-1957 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
[1954 жылы] құрылған. Аудандық атқару комитеттің шешімімен 1956 жылдың 17 қазанында жабылған, функция-лары сауда бойынша инспекторына тапсырылған.
Сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорында-рының қызметіне басшылық пен бақылау еткен.
Аудандық атқару комитеттің шешімдері, өкімдері, облыстық сауда басқармасының бұйрықтары.
Тауар айналымы жоспарларын орындау, азық-түлік тауарлардың, сауда орындардың бары туралы, кадрлар бойынша есептер, мәліметтер.
Көкшетау асханалар мен мейрамханалар тресі
Қор 22, 60 сақт. бірл., 1960-1968 жылдары
Қазақ КСР сауда Министрлігінің 1960 жылдың 25 қара-шасындағы бұйрығына сай құрылған. Облыстық сауда басқар-масына бағынған.
Қаладағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындардың жұмысына басшылық пен бақылау еткен.
Сауда-қаржылық жоспарлар.
Трестің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындардың өнді-рістік қызметі бойынша жылдық есептер. Еңбек, тауар айналы-мы бойынша жоспарларды орындау туралы мәліметтер, статис-тикалық есептер, қаржылық-шаруашылық қызметтің талдауы. Кадрлар бойынша есептер мен хат алмасу.
Штаттық кестелер және шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.
Ұжымдық шарттар. Социалистік міндеттемелер және оларды орындау туралы қорытындылар.
8. ЖАБДЫҚТАУ, ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ КӘСІПОРЫНДАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫ
8.1. Жабдықтау
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы «Қазбасмұнай-жабдықтау» мұнай өнімдерімен жабдықтау Бас басқарма-сының Көкшетау тауар-көлік басқармасы
Қор 404, 213 сақт. бірл., 1941-1966 жылдары
Көкшетау облыстық атқару комитеттің 1960 жылдың 16 қарашасындағы шешімімен ұйымдастырылған.
Колхоздар, совхоздар мен басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарын, ұйымдарын мұнай өнімдерінің барлық түрле-рімен жабдықтауын жүзеге асырды.
Қорда 1941-1965 жылдарғы Көкшетау және Тайынша мұнай базаларының құжаттары бар.
Өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтар. Еңбек бойын-ша жылдық жоспарлар. Мұнай базаларды, тұрпатты жағар жанар май станцияларды, тұрғын үйлерді толық жөндеуіне және құрылысына жылдық титулды тізімдер, шығындар смета-лары.
Басқарманың және мұнай базалардың жылдық өндірістік есептер, еңбек бойынша есептер. Мұнай базалардың қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері, статистикалық есептер. Жобалық, іздестіру жұмыстардың дайындық, толық құрылыс объектілерді іске қосу актілері.
Ғылыми-техникалық қоғамының жұмысы туралы, ашы-лымдар мен рационализаторлық ұсыныстарын енгізу туралы жоспарлар, мәліметтер, есептер.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.
8.2. Даярлау мен өткізу
Көкшетау аудандық тұтынушылар қоғамдарының одағы
Қор 391, 248 сақт. бірл., 1944-1983 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
[1928 жылы] құрылған. 1944 жылдан Көкшетау облыс-тық тұтынушылар одағына бағынған.
Селолық тұтынушылар қоғамдарының қызметіне сауда, қоғамдық тамақтандыру, сатып алу, халықтың тұрмыстық сұранымдарын жабдықтау саласында ұйымдастырушылық және шаруашылық бақылау етті.
1928-1943 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған. Қор-да Краснояр совхоздық жұмыс кооперативінің 1957-1963 жыл-дарғы, Көкшетау аудандық дүкеннің 1952,1955-1965 жылдарғы құжаттары бар.
Аудандық тұтынушылар одағының, совхоздық жұмыс кооперативтердің жарғылары. Одақтың қаулылары, басқарма-ның отырыстарына, уәкілетті жарнашылардың жалпы жиналыс-тарына хаттамалар.
Одақтың қаржылық-шаруашылық қызмет жоспарлары, тауар айналымын дамыту, еңбек бойынша жоспарлар.
Одақтың қызметі туралы, еңбек, тауар айналымы, халық-ты кооперациялау, жарналарды жинау бойынша жоспарларды орындау туралы есептер, мәліметтер, ақпараттар, шолулар.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер. Статистикалық есептер. Кадрлар бойын-ша, ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс бойынша есептер.
Жалпы кәсіподақ жиналыстарына, жергілікті комитет отырыстарына хаттамалар. Әлеуметтік міндеттемелер, оларды орындау туралы ақпараттар.
Көкшетау аудандық ауыл шаруашылық, кредиттік және қолөнер-өндіріс кооперативтер одағы
Қор 283, 119 сақт. бірл., 1921-1930 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
Қызметін 1925 жылдың қаңтарынан атқаруға баста-ған. 1930 жылы жабылған.
Кооперативтік ұйымдарын олардың қызметін нығайту мақсатымен біріктірген, жаңа кооперативтердің пайда болуына көмек еткен.
Қорда Көкшетау уезі ауыл шаруашылық коммуналары-ның 1921-1924 жылдарғы құжаттары бар.
Одақтың және кредиттік серіктестіктердің жарғылары.
Одақ басқармасының отырыстарына және ұйымдастыру-шылық-нұсқаулық мәжілістеріне, ауыл шаруашылық кредиттік серіктестіктердің жалпы жиналыстарына хаттамалар.
Одақ пен кредиттік серіктестіктердің қызметі, мал шаруашылығының, егін далалардың, ауыл шаруашылық өнім-дерін даярлау туралы жоспарлар, есептер, баяндамалар, мәліметтер. Кредиттік серіктестіктердің істері. Ауыл шаруашы-лық коммуналарын және серіктестіктерін зерттеу актілері мен баяндамалары. Коммуналармен, артельдермен хат алмасу.
Жалақылар бойынша тізімдемелер.
Қазақ, орыс тілдері.
Ақмола губерниялық тұтынушылар қоғамдары одағының Көкшетау аудандық бөлімшесі
Қор 279, 169 сақт. бірл., 1921-1929 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
1921 жылы құрылған. 1930 жылы округтардың жабылуынан қызметін тоқтатқан.
Негізгі функциялары: тұтынушылар қоғамдарын ұйым-дастыру, даярлау мен саудалық қызмет, алғаш коопера-тивтерін кең пайдаланудағы тауарлармен жабдықтау мен олардың қызметіне бақылау жасау.
Тұтынушылар қоғамдары одағының аудандық бөлімше-сінің қаулылары, өкімдері. Тұтынушылар қоғамдарының жарғылары. Тұтынушылар қоғамдары басқармасының отырыс-тарына және мүшелерінің жалпы жиналыстарына хаттамалар.
Аудандық бөлімшенің жұмыс жоспарлары, баяндама-лары, қызметі туралы есептер. Тұтынушылар қоғамдарының зерттеу нәтижелері бойынша олардың мекен-жайы, мүліктік жағдайы, әлеуметтік құрамы, сауда-саттық қызметі, ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау, мәдени-ағарту жұмыс туралы мәліметтерімен тексеріс баяндамалары, актілері. Статистикалық есептер. Тұтынушылар қоғамдарына мүшелердің сауалнама-лары, тізімдері.
9. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ, ҚАРЫЗ БЕРУ МЕН САҚТАНДЫРУ БАСҚАРМА ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРЫ
9.1. Қаржыландыруды басқару органдары
«Көкшетау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 363, 1140 сақт. бірл., 1944 – 2004 жылдары
1944 жылдың наурызында қалалық атқару комитеттің бөлімі ретінде құрылған, 1992 жылдың ақпанынан – қалалық әкімшіліктің, 1995 жылдың қазанынан - Көкшетау қаласы әкімінің. 2000 жылдың 11 қаңтарындағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлікке сай «Көкшетау қалалық қаржы бөлімі» ММ болып қайта құрылған. 2004 жылдың 27 шілдесіндегі Көкшетау қаласы әкімінің шешімімен қалалық қаржы бөлімі «Көкшетау қаласының қаржы басқармасы» ММ-не атауын өзгерткен. 2004 жылдың 31 желтоқсандағы Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысымен «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» ММ-не қайта құрылды.
Негізгі қызметі: қалалық бюджеті құрастыру мен орындауын ұйымдастыру, оның қаражатын рационалды және мақсатты пайдалануға бақылауын қамтамасыздандыру.
Қорда 1949-1952 жылдарғы көпбалалы аналарды орден-дер мен медальдармен марапаттау туралы құжаттар бар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, өндірістік мәжіліс-тердің хаттамалары, жұмыс жоспарлары.
Қаланың және Станционный поселкелік Кеңестің бюд-жеті, бюджетті орындағаны туралы жылдық есептер. Штаттық кестелер, қалалық бюджетте тұрған бөлімнің, қала мекеме-лердің, ұйымдардың жинақ шығындар сметалары.
Мемлекеттік табыстар мен салықтардың түсу жоспар-лары және оларды орындағаны туралы есептер.
Қорытынды-ревизиялық жұмыс туралы жылдық есептер, бухгалтерлік есептер. Жергілікті бюджетте тұрған мекемелер желістері мен штаттары бойынша көрсеткіштер.
Қалалық қаржы бөлімінің жұмысы туралы анықтамалар, мәліметтер, ақпараттар. Кадрлар бойынша статистикалық есеп-тер.
Штаттық кестелер, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік табыстар мен салықтардың түсуі туралы жоспарлар, бюджеттік бағдарламалар төлқұжаттары.
Жалпы жиналыстардың, кәсіптік комитет отырыстарың хаттамалары.
Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің қаржы бөлімі
Қор 348, 322 сақт. бірл., 1940-1968 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
1928 жылы құрылған.
Аудан кәсіпорындарын, мекемелерін, ұйымдарын қаржы-ландыруын жүзеге асыраған, жергілікті бюджет орындауына, аудандық кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарынның қаржы-лық-шаруашылық қызметіне бақылау еткен.
1928-1939 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Аудандық атқару комитеттің қаулылары, шешімдері, облыстық қаржы бөлімінің бұйрықтары.
Жергілікті Кеңестің бюджеттері, бюджетті орындағаны туралы жылдық есептер. Штаттық кестелер, аудан кәсіпорын-дары, мекемелері мен ұйымдарының шығындар сметалары. Қорытынды-тексеріс жұмыстардың жоспарлары.
Аудандық қаржы бөлімінің қызметі туралы есептер; салық түсімдері, қаражаттың мобилизациясы, мемлекеттік табыстардың жүзеге асыруы туралы есептер, мәліметтер. Бухгалтерлік есептер мен кадрлар бойынша есептер.
9.2. Қарыз беру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақ-стан облыстық басқармасының Көкшетау қаласындағы бөлімшесі
Қор 105, 778 сақт. бірл., 1944-1998 жылдары
1944 жылы КСРО Мемлекеттік Банкі Қазақ Республи-калық кеңсесінің бұйрығына сай КСРО Мемлекеттік Банкінің Көкшетау облыстық кеңсесі құрылған, 1988 жылдың 01 қаң-тарынан облыстық басқармасына өзгертілген. Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің 1991 жылдың 27 тамызындағы бұйрығымен Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің облыстық басқармасы деп атала басталған, 1991 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан Республикасының. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңын іс-әрекетке енгізу туралы» қаулысына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Көкшетау облыстық бас-қармасына қайта құрылған. 1997 жылдың 3 мамырынан Көк-шетау облысының жабылуына және оның жерін Солтүстік Қазақстан облысының құрамына тапсыруына байланысты, ҚР Ұлттық Банкі Басшылығының 1997 жылдың 19 мамырындағы қаулысымен облыстық басқарма негізінде ҚР Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасының Көкшетау қаласындағы бөлімшесі құрылған. ҚР Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалының 1999 жылдың 30 шілдесіндегі бұйры-ғына сай, оны ҚР Орталық Ұлттық Банкінің (Астана қаласы) құрамына енгізгеніне байланысты жабылған.
Негізгі міндеттері: Ұлттық Банкінің саясатын ақша айналымы, қарыз беру облысында, банкілік есептеулерді және валюталық қарым-қатынастарды, есеп-кассалық операция-ларды ұйымдастыруда жүзеге асыру, банкілік заңнамасын сақтауына бақылау жүргізу.
Облыстық басқарма туралы қағида (1993, 1996).
Облыстық кеңсенің, басқарманың, банк бөлімшенің негізгі қызмет бойынша бұйрықтары. Мәжілістердің хаттама-лары.
Жұмыс жоспарлары, бағдарламалық қамтамасыздандыру бойынша кешендік жоспарлар.
Банкілік жүйенің реформаларын тереңдету Бағдарлама-сын жүзеге асыру, есеп-кассалық орталықтардың, облыс банкі-лердің жұмысы, эмиссиондық-кассалық жұмыс туралы ақпарат-тар, анықтамалар, есептер.
Негізгі қызмет, кредиттік-экономикалық жұмыс, облыс-тың халық шаруашылығын қаржыландыру, қаржылық-шаруа-шылық жұмыс, бөлімшелердің жұмысы бойынша жылдық жинақ есептер. Шаруашылықтың, бактердің, айырбастау пунк-тердің қызметіне құжаттық ревизиялар мен тексеріс нәтижелері туралы анықтамалар, актілер. Кассалық және кредиттік жоспар-ларды орындау туралы статистикалық есептер, кассалық жоспарларды орындау көрсеткіштер динамикасы. Аудандық есеп-кассалық орталықтардың активтерін, пассивтерін және құжаттарын тапсыру-қабылдау актілері. Халықтың қаражаттық табыстар мен шығындар баланстары.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық жинақ бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.
9.3. Сақтандыру
Көкшетау өндіру және мүгедектер кооперациялар артел-дерінің мүшелерін кооперативті сақтандырудың Кеңесі
Қор 60, 124 сақт. бірл., 1935, 1945-1960 жылдары
1935 жылы Көкшетау облыстық өндіру кооперацияның өзара сақтандыру мен өзара көмек көрсету кассасы құрылған, 1952 жылдан - өндіру кооперация артелдерінің мүшелерін ко-оперативті сақтандыру Кеңесі. Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1960 жылдың 25 мау-сымындағы қаулысы негізінде 1960 жылдың 01 тамызында қызметі тоқтатылған.
Кооперативті кәсіпорындарда еңбек қорғау, қауіпсіздік техника мен өндірістік санитария жағдайларына бақылау жасаған.
1936-1944 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Облыстық өндіру сақтандыру кассасының жарғысы, басқарманың, президиумының отырыстарына, облыстық өндіру сақтандыру кеңесі уәкілеттілерінің жиналыстарына хаттамалар.
Жұмыс жоспарлары, бюджеттер, сметалар, штаттық кестелер.
Облыстық өндіру сақтандыру кеңесінің баланстары, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс бойынша есептер, баяндамалар. Жылдық бухгалтерлік есептер.
10. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМА ОРГАНДАРЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАРЫ
10.1. Коммуналды шаруашылықты басқару органдары
Көкшетау қалалық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің коммуналды шаруашылық бөлімі
Қор 389, 18 сақт. бірл., 1955-1960 жылдары
Көкшетау қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің 1940 жылдың 02 қаңтарындағы 1-інші сессиясының шешіміне сай құрылған.
Қаладағы коммуналды қызметтердің жұмыстарына басшылық және бақылау еткен.
1940-1954 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтар.
Жылдық титулды тізімдер, қаланы көркейту бойынша шығындар сметалары, капиталды жарналардың қаржыландыру жоспарлары. Штаттық кестелер, шығындар сметалары.
Қалалық коммуналды шаруашылық бөлімінің және оған бағынышты ұйымдардың негізгі қызмет бойынша, капиталды жарналар бойынша баланстар, есептер. Тексеріс акілері.
Қазақ, орыс тілдері.
«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 273, 68 сақт. бірл., 2005-2009 жылдары
2004 жылдың 31 желтоқсандағы Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысымен «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды.
Қаланың коммуналдық қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.
Негізгі қызмет бойынша жоғары тұрған органдардың қаулылары, өкімдері, негізгі қызмет бойынша бөлімнің бұйрықтары, жұмыс жоспарлары, Көкшетау қаласындағы автомобильді жолдардың ағымдағы және күрделі жөндеу көлемдері туралы, апаттық көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу туралы, қаланы көркейту бойынша қаржыландыру және орындаған жұмыстар туралы, нысандарды жөндеу туралы, қаланы сумен жабдықтау бойынша жұмыс нәтижелері туралы ақпарат, жолдарды жөндеу бойынша шаралар, міндеттемелере мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарлар, салалар дамуының стратегиялық жоспарлар.
Штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер, қаржыландыру жоспарларын орындау туралы, бюджеттік бағдарламаны оның тиімділігі бағасын есебімен жүзеге асыру туралы, өткізілген тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептер. Кадрлар құрамы мен ауыспалылығы туралы, мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны туралы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің бар болуы мен қозғалуы туралы, негізгі қорлар құрамы туралы статистикалық есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің коммуналды шаруашылық бөлімі
Қор 371, 67 сақт. бірл., 1953-1968 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
Аудандық атқару комитеттің 1949 жылдың 21 мамы-рындағы шешімі негізінде ұйымдастырылған.
Аудан аумағында коммуналды мекемелер мен кәсіпорын-дардың жұмысына басшылық және бақылау жүргізген.
1949-1952 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтар.
Еңбек бойынша, қаржыландыру, аудандық орталық Красный Яр селосын көркейту бойынша жоспарлар. Штаттық кестелер және шығындар сметалары.
Аудандық коммуналды шаруашылық бөлімінің негізгі қызмет бойынша жылдық есептер, орындалғаны туралы есеп-тер, шығындар сметалары, статистикалық есептер.
Жалақы бойынша тізімдемелер.
10.2. Коммуналды шаруашылық кәсіпорны
Көкшетау қалалық коммуналды шаруашылық бөлімінің көркейту бойынша кеңсесі
Қор 389, 18 сақт. бірл., 1953-1964 жылдары
[1952 жылы] ұйымдастырылған.
Құрылыспен, гравийлық және асфальт жолдарын, тро-туарларды, қалалық су құбырын жөндеумен, жасылдатуымен және басқа да қаланы көркейту мәселелерімен айналысты.
Қаржылық жоспарлар. Жылдық титулды тізімдер, еңбек бойынша жоспарлар, құрылысқа, жолдардың, көпірлердің, тротуарлардың толық жөндеуіне, қаланың көркейтуіне және жасылдатуына сметалар.
Штаттық кестелер және шығындар сметалары. Негізгі қызмет бойынша жылдық баланстар, бухгалтерлік есептер.
11. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША
МЕКЕМЕ
«Көкшетау қалалық суда батып кетуден сақтау қызметі» мемлекеттік мекемесі
Қор 265, 38 сақт. бірл., 1997-2004 жылдары
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1997 жылдың 20 тамызындағы шешімімен құрылған. Ақмола облысы әкімінің 2005 жылдың 11 ақпанындағы қаулысымен «Ақмола облыстық суда батып кетуден сақтау қызметі» ММ-не қосылуына байланысты қайта құрылған.
Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен, қала-ның су қоймаларында төтенше жағдайын жоққа шығарған.
2003-2005 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Орындалған жұмыс туралы анықтамалар, баяндау жазба-лар.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары. Мемлекеттік сатып алу бойынша хаттамалар, шарттар және оларды жүзеге асыруы туралы есептер.
Жылдық бухгалтерлік есептер, еңбек бойынша есептер.
12. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМА ОРГАНДАРЫ МЕН МЕКЕМЕЛЕРІ
12.1. Денсаулық сақтау
12.1.1. Денсаулық сақтау басқарма органдары
«Көкшетау қаласының қалалық денсаулық сақтау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 27, 360 сақт. бірл., 1949-1967, 1997-2004 жылдары
[1944 жылдың маусымында] қалалық еңбекші депутат-тар Кеңесі атқару комитетінің қалалық денсаулық сақтау бөлімі құрылған. Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 1989 жылдың 1 ақпанындағы бұйрығымен жабылған. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау Департамен-тінің 1997 жылдың 30 маусымындағы бұйрығымен Көкшетау қалалық денсаулық сақтау департаменті құрылған. Көкшетау қаласы әкімінің 1999 жылдың 25 ақпанындағы шешімі негізінде департамент таратылып, Көкшетау қаласының денсаулық сақтау бөлімі құрылған, 2003 жылдың 3 ақпанынан – «Көкше-тау қаласының әкімі жанындағы қалалық денсаулық сақтау бөлімі» ММ, 2003 жылдың 11 сәуірінен – «Көкшетау қаласы-ның қалалық денсаулық сақтау бөлімі» ММ. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы қаулысы негізінде мекеме қызметін тоқтатқан.
Қаланың емдеу-алдын алу және санитарлы-эпидемио-логиялық мекемелерінде қызметке басқару мен бақылау еткен.
1944-1948, 1968-1989 жылдарғы құжаттар тапсырыл-маған.
Департамент, бөлім туралы қағидалар. Қалалық денсау-лық сақтау бөлімінің негізгі қызмет бойынша бұйрықтары.
Департамент, бөлім коллегиясының, медициналық және қамқорлық кеңестерінің, емдеу-бақылау комиссиясының және медициналық мекемелерді реструктуризациялау комиссиясы-ның отырыс хаттамалары. Медицина қызметкерлерімен өндіріс-тік мәжіліс хаттамалары.
Негізгі ұйымдастырушылық шаралардың, «Денсаулық жылы» ұйымдастыру мен өткізу жоспарлары (2002).
Санитарлы ағарту бойынша жоспарлар, есептер, мәлі-меттер. Эпидемиялардан қарсы шаралар мен аурулар туралы есептер. Бөлімнің, қаладағы емдеу-алдын алу мекемелердің негізгі қызметі, халықты дәрі-дәрмектермен жабдықтау жүйесі, «Халықтың денсаулығы» мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру туралы анықтамалар, ақпараттар (1999).
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржы-ландыру жоспарлары, жылдық жинақ бухгалтерлік есептер, еңбек бойынша, қызмет көрсету көлемі туралы жоспар орын-далғаны статистикалық есептер.
Ұжымдық шарт (2002). Бөлім қызметкерлерінің тарифи-кациялық тізімдері.
Қазақ, орыс тілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |