1 тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі (1 сағат)


- ТАҚЫРЫП. ТРАНЗИТТІК ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНЕЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ



бет4/23
Дата11.05.2022
өлшемі78,25 Kb.
#142227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ЭМР дәріс
Силлабус Философия 2022каз скан, Ұлпан. Ғабит Мүсірепов 2
4 - ТАҚЫРЫП. ТРАНЗИТТІК ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНЕЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
(1 сағат)
Жоспары:
1. Өтпелі экономика: мәні, негізгі сипаттамасы және трансформациялық процестегі мемлекеттің рөлі
2. Өтпелі кезеңдегі жалпыэкономикалық және макроэкрнрмикалық тенденциялар.
3. Өтпелі экономиканың модельдері
4. Нарық құрылымын қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі және олардың дамуын мемлекеттік реттеу


1. Өтпелі экономика дегеніміз-қоғамның бір экономикалық жағдайдан, екінші жағдайға өтуі. Өтпелі экономика типін өтпелі кезеңнің көлемі мен сипаты бойынша бөліп қарастыруға болады.
Өтпелі экономика глобальді (ауқымды) және локальді ( бөліктік) түрлерін ажыратып көрсетуге болады.
Глобальді (ауқымды) бір дәуірден екінші дәуірге өтумен байланысты. Яғни индустриалдыға дейінгіден индустриалдыға немесе индустриалдыдан постиндустриалдыға, екі өркениеттен ортақ әлемдік өркениетке өтумен байланысты. Жоғарыдағы көрсетілген яғни глобальді дәуір шегінде бөліктік өту процесі болады. Яғни дәстүрлі экономикадан нарықтық экономикаға өту. Қоғамның осындай бір экономикалық жағдайдан екінші жағдайға өту кезеңінде мемлекеттің рөлі ерекше.
2. Кез-келген экономикалық жүелердің қалыптасуы мен қызмет етуі 3 кезеңнен тұрады.
1. Жүйенің жай қалыптасуы қоғамда оның билік етіп, қалыптасуына әсер етеді.
2. Даму кезеңі яғни, тарихи қызмет ету процесінде оның барлық мүмкіндіктерінің толық көрінуі.
3. «Жаймен құлдырауы» болашақ жаңа жүйе элементтерінің қалыптасуы және дамуы.
Барлық жүйенің тарихи сипаты (қалыптасуы, дамуы, құлдырауы) қоғамның дамуы нәтижесінде өтпелі жағдайдың пайда болуы мен байланыстырылады.

3. Нарықтық экономикаға өтудің 3 мүмкін тәсілі бар:

Бірінші әдіс барынша қызығушылық тудырғанымен Польша, Венгрия, Ресей мен Қазақстандық тәжірибелерді көрсеткендей берілген процестің қаншама жақсы жағдай жасалса да ұзақ жылдарға созылатындығын анықтады.
Екінші біртіндеп өту қалыптасуы бойынша әрекеттердің кезеңдік өткерілуін пайымдайды.
Екі секторлы модель нарықты қалыптастыру бойынша әрекеттерде жоспарлы экономиканың элементтерінің сақталуын пайымдайды. Яғни анықталған уақыт бойымен экономикада нарықтық және жоспарлы секторларының қызмет етуі көрініс табады.
4. Қазақстан Республикасының элеуемттік бағыттылған аралас нарықтылық экономикаға өтуі ТМД елдердігі сияқты эволюциялық, реформаторлық сипат алды. Нарықтылық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:

  1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекшелендіру. Мемлекеттен алу мемлекет экономиканы тікелей басқару қызметін алып тастауын айтамыз. Меншікті жеке меншікке жекешелендіру мемлекеттің абсолютті монополиялық меншіктігін жоюды білдіреді.

  2. Қазақстандық кәсіпкерлерінің элеуеметтік иелігінің қалыптасуы. Бұл еңбекке қабілетті тұрғындырдың жалпы санынан 10 – 15 % құрайды.

  3. Нарықтылық инфрақұрылының қалыптасуы басты нәрсе тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтылықтың құрылуы және т.б.



Бекіту сұрақтары:
1. Өтпелі экономика дегенімізді қалай түсінесіз және қандай типтерін білесіз?
2. Өтпелі кезеңдегі қандай жалпыэкономикалық және макроэкрнрмикалық тенденцияларды білесіз?.
3. Нарықтық экономикаға өтудің қандай мүмкін тәсілі бар?
4. Нарық құрылымын қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі сипаттаңыз.


Әдебиет:
(8,9,10,11,12,13,14)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет