1 тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі (1 сағат)


– ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет5/23
Дата11.05.2022
өлшемі78,25 Kb.
#142227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ЭМР дәріс
Силлабус Философия 2022каз скан, Ұлпан. Ғабит Мүсірепов 2
5 – ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(1 сағат)
Жоспары:
1.Экономикалық өсуді мемлекеттік қамтамасыз етудің негізгі бағыттары.
2. Макроэкономикалық тұрақтылық және оны қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік шаралар жиынтығы.
3. Өндіріс факторларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштері және ынталандыру.
4. Экономикалық өсудің негізгі модельдері.


1. Экономикалық өсу тұтынудың жаңа түрін қанағаттандыру қабілеті болып саналады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан да экономикалық ғаламдарда экономикалық өсу категориясы теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән беріледі. Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі.
Сұранымының қалыпты жағдайында экономикалық өсудің экстенсивті типіне қосымша табиғи ресурстарға жетіспеушілік тууы мүмкін. Әдетте берілген жағдай туындаса өндірісте пайдаланылатын ресурстардың қымбаттылығына немесе одан өндірілетін өнімдердің қымбаттауы орын алады. Бұл жағдай экономикалық тиімділіктің төмендеп, сәйкесінше экономикалық өсу қарқынының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан да берілген жағдайға тап болған елдер өзінің экономикалық бағытын өзгертуі қажет, яғни берілген қоғам ғылыми техникалық жаңалықтар негізінде ресурстарды үнемді пайдаланалатын өндіріс салаларын дамытуы керек. Осы мақсатта мемлекет экономикалық өсуді қамтамассыз ету үшін бағдарламалар жасап өндірістік мүмкіндіктерді толық қолдануға көңіл бөледі. Сонымен қатар экономика үшін маңызды салаларды мемлекет тарапынан инвестициялайды (дотация,субсидия, т.б)
2. Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті қалыптастыру үшін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті қалыптастырады.
Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікті қалыптастыруда халықаралық тәжірибеге сәйкес индустриалды инновациялық стратегияларды жүзеге асыру, елдің дамуын жоспарлау маңызды болып саналады. Сонымен қатар жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті реттеуде төмендегідей әдістер пайдаланылады :

  • Ақша айналымын реттеу;

  • Монополияға қарсы саясатты;

  • Нарықтағы бәсекелестік жағдайды бақылау;

  • Бағаны реттеу;

3.Өндірістің негізгі факторлары:Адам, Жер, Капитал, Кәсіпкерлік қабілет. Аталған өнідіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы қоғам ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ете алады.
Өндіріс факторларын тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында мемлекет келесі шараларды жүзеге асырады:

  • Жедел амортизацияны енгізеді;

  • Экономика үшін маңызды өндірістік салаларды қаржыландыру мақсатында ұлттық қорларды құрады;

  • Жаңа техника, технология енгізген және жұмыс күшінің біліктілігін жоғарылатуға көңіл бөлген салаларға салықтық жеңілдіктер жасайды;

  • Ірі монополиялық кәсіпорындарға технология жетістіктерін енгізуі үшін мәжбүрлеу шараларын іске асырады;

  • Кәсіпкерлік пен бизнесті мемлекеттік қолдайды;

  • Мемлекеттік тапсырыстар арқылы сұранысқа ие мамандарды даярлайды;

  • Құрылымдық өзгерістерге сәйкес көне мамандықтағы қызметкерлердің жаңа қосымша мамандықтарды игеруінің тегін курстарын ұйымдастырады.

4. Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан да берілген құбылысты тудыратын жағдайларды талдау өте маңызды.
Экономистер көптеген жылдар бойы берілген құбылысты тудыратын себептерді талдап экономикалық тепе–теңдік динамикасының моделін іздестірумен айналысуда. Себебі экономикалық тепе-теңдік экономикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік тудырады. Жалпы тепе-теңдік моделі классикалық және кейнстік болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар Р. Солоу өз моделінде жинақтаудың «алтын ережесін» ұсынды.


Бекіту сұрақтары:
1.Экономикалық өсуді мемлекеттік қамтамасыз етудің қандай негізгі бағыттарын білесіз?
2. Макроэкономикалық тұрақтылық және оны қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік шаралар жиынтығын атаңыз..
3. Өндіріс факторлары дегеніміз не және оны тиімді пайдаланудың қандай негізгі көрсеткіштерін білесіз?
4. Экономикалық өсудің қандай негізгі модельдері бар және мемелекеттің рөлі?


Әдебиет:
(8,9,10,11,12,13,14)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет