1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»



бет3/16
Дата12.05.2023
өлшемі142,36 Kb.
#176557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі БЖБ, ТЖБ жұмыстары
1 сынып ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНЕН АРЫЛУ, РОДИТЕЛЬСКОЕ СОБРАНИЕ

Оқылым


Тапсырма
Екі мәтінді мұқият оқып, тақырыбын, құрылымын, мақсатын, аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстырып талдаңыз. Екі мәтін ақпаратын байланыстырып, пікір білдіріңіз.
[10]



  1. мәтін

Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

    • Анау тағаны, балам, ала жүр, – деп. Бала әкесіне:

    • Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, – деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, оған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма- жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

    • Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.




  1. мәтін

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде отбасы күні тойланады. Осы мереке қарсаңында Ruh.kz порталы Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Рақышевадан сұхбат алды. Отбасылық құндылықтар және Қазақстандағы отбасы институты туралы әңгімелесті.

  • Айгүл Қуанышбайқызы, мереке құтты болсын! Халықаралық Отбасы күнінің маңызы қандай?

-мммм.... “Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталад”. Осы халық мақалы арқылы бүгінгі әңгімемді бастағым келед. Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Адамның өмір жолы отбасынан басталад: туылу, тәрбиелеу, құндылық бағдарлары мен көзқарастарын қалыптастыру, дәстүрлерді беру, рухани-адамгершілік даму. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні жарияланды. ...
негізгі миссиясы мерекенің– қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет