Тәрбиенің принциптері – педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.
Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады (29-сурет).
Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін есепке алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, практикамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.
Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудың шынайы алғышартын жасайды. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түрлеріне қатыстырып, ол әрекеттің қоғамнық түпкі мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.
Тәрбиенің мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптарға тәуелділік принципі. Мұғалім оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік стилі бар қатынастарды таңдап алады.
Достарыңызбен бөлісу: |