№7 ТОӨЖ Базарбаева Н.У



Дата13.06.2021
өлшемі26,13 Kb.
#114758
Байланысты:
№7 ТОӨЖ Базарбаева Н.У


Базарбаева Нургайса Умирхановна
«Приурал « мектеп -бөбекжай – балабақша» кешені» КММ
Өзіндік жұмыстың тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби стандартының және аттестациялау рәсімдерінің талаптары тұрғысынан мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру
Адамның рухани ізденіс, сілкіністері
үш- ақ сауалдың аясына: « Не біле аламын?
Не істеуім керек? Үміт артарым не?»
О. Сүлейменов

ҚР орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында «Кез келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да,оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген. Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде.Сол ұрпақты тәрбиелейтін өмірдегі көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейрімділікті қажет ететін мамандық-ұстаздық.Ұстаздың қадір-қасиет,құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Солай ғана ол бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Елбасы Н.Назарбаев «Ғасырлар мақсаты-саяси-экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым жасаған. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Осы орайда педагогикалық ұжымға білім бағдарламасының табысты орындалуына,оқу жоспарын биік деңгейде жүзеге асыруға, нәтижеге бағытталған білім беруге-тек кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденіс қажет.


Қазіргі жаңашыл мұғалім өз пәнін жетік білумен қатар, жаңа заман талабына сай озық технологияларды жетік меңгерген, әлемдік стандарттарға сай ілесе білетін, сонымен қатар өз тарихы мен танымын жоғалтпаған озық ойлы болуы қажет. Мен де сол қағидаға сай ұстаз болу жолында үзбей, үздіксіз еңбек етіп, өз білімім мен біліктілігімді дамыта отырып, білімді шәкірт тәрбиелеу жолында мұғалімдік жолды таңдадым. Кәсіби біліктілігімді дамыту мақсатында мектеп ішілік «Мен білікті жас маман» тақырыбында семинар-практикумына қатыстым. Семинар барысында адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктер, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыныптағы диалогтің маңызы, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ қолдану т.б тақырыптар бойынша дәрістер тыңдадым және түрлі тақырыпта кәсіби әңгімелер арқылы әріптестеріммен тәжірибе алмастым. Мен үшін сәттілігі – сабақ беруден қол үзбей жүріп бағдарламамен танысуым. Үйренген әдіс-тәсілдерімді ретіне қарай сабақ барысында қолдана отырып жетілдірдім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына кеңіне тоқталады. Сындарлы оқытудың мақсаты: оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді деп түсіндіреді. Ал мұғалімнің сыни ойлануы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі проблемаларды анықтауға, оны шешудің тиімді жолдарын табуға, тәжірибеде болып жатқан өзгерістер жайлы орынды дәлелдемелерді жинап, жіктеуге және сенімді қорытындылар жасауға негізделетіндігін айқындайтынын түсіндім.
Мен өз сабақтарымда тиімді пайдаланған әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабағымда жетістікке жете білуге жол таптым. Білім берудің жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану оқушылардың сабаққа ынта-жігері бұрынғыдан арта түскенін байқадым. Өзім сабақ беретін математика пәні бойынша өткізген сабақтарыма тоқталатын болсам. Мысалы: геометрия пәнінен «Дұрыс көпбұрыштар» тақырыбында сабағымды 9а – сыныбына өттім. Сабағымда оқытудың түрлі жаңа тәсілдерін пайдаландым. Ең алдымен оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйлерін білдім. Сонан соң оқушыларды геометриялық фигураларды таңдата отырып, топқа бөлдім, әр топ өз топтарының топ басшысын сайлады. Себебі оқушыларды топқа бөліп оқытуда мектепте І,ІІ деңгейлі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, топтық жұмыстың тиімділігі оқушының еркін білім алуына жағдай туғызатынын байқағанмын. Сондықтан сабақтың өн бойына топтастыру әдісі болды.Үй жұмысын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Сөзжұмбақ» шешкіздім. Сол тапсырма бойынша үш топ бір-бірінің жұмыстарын тексеріп және қате кеткен тұстарында өзім дер кезінде түзетулер енгіздім. Жаңа сабақты бастауда АКТ-ні пайдаландым. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Осыған байланысты Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан, интерактивті тақтаны қолдана отырып оқушыларға тақырыпқа байланысты қол жетімді, видео, суреттерді көрсетуге тырыстым. Бұндай деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырып, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, көмектесетінін білдім. Жаңа тақырып бойынша оқушылар жаңа сабақты өздері меңгереді. Олар топпен пікірлесіп, берілген тапсырмаға топтың бір мүшесі жауап береді. Топтық жұмыстың ерекшелігі оқушылар ұйымдасып және ынтымақтастықпен жұмыс жасайды. Мен бүгінгі сабағымда топтық жұмысты тиімді пайдалана ала білдім. Үш топ бір-бірлерін «бас бармақ» әдісі арқылы бағалады. Сонан соң бүгінгі тақырып бойынша есептер шығарылды. Үш топқа «Конверт» әдісі бойынша әртүрлі есептер таратылды және сол есептерді тақтаға жазып, шығарылу жолын түсіндірілді. Есеп шығару барысында қате кеткен тұстарын сол мезетте түзетіп отырдым. Жаңа сабақты бекіту үшін «Сұрақтар бекеті» әдісін пайдаландым. Яғни бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша және бүгінгі өтілген тақырыпты байланыстырдым.Сабақ соңында оқушылармен «Ralli caoush» әдісі арқылы кері байланыс жасадым. Мұнда «Не?, Қандай?, Неліктен?, Қалай?» деген сұрақтар арқылы үш топқа тапсырма бердім. Бұл тапсырма арқылы топтар осы сұрақтар арқылы бір-біріне сұрақ қойып, талқылады. Сонан соң оқушылар өздерін бағалау парақшалары арқылы бағалады. Бүгінгі сабақ барысында белсенділік танытып, сабаққа жақсы атсалысқан оқушыларды өз тарапымнан мақтап, мадақтадым. Осындай жаңа үлгідегі сабақтарды өту барысында мен өзімнің педогогикалық деңгейімнің өсу кезеңдерінің басталғанын байқадым. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. А.Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ», — деп білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстазға сипаттама береді. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде десек, сол жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы, білімді игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру ұстаз шеберлігіне байланысты екен. Тәжірибелі ұстаздардың тәлім-тәрбиесіне сүйеніп, мұғалім үшін маңызды негізгі үш саланы білдім. Оның біріншісі – оқушылардың әлеуеттік тұрғыдан қалай дамып, оқитындығы туралы білім. Екіншісі оқу бағдарламасының мазмұны мен мақсаттарының тұжырымдамалары: оқытылатын пәнді және әлеуметтік білім беру мақсаттары тұрғысынан қалыптасатын дағдыларды түсінуі. Үшіншіден: Бағалау мен оқу ортасын қолдауға бағытталған пән мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдері тұрғысынан оқытуды түсіну жатады.Мұғалімнің кәсіби дамуының бір мүмкіндігі ол- сынып жетекшілік жұмысын атқару. Мен уақытша сынып жетекшілік еткен 9 «А» сыныптың қазіргі кезеңде білім деңгейі мектептегі алдыңғы қатарлы сыныптар қатарында. Бұл менің жас маман ретінде кәсіби тұрғыда өсуіме көп септігін тигізді. Мектептегі атқаратын қоғамдық жұмыстарды да өзім жетекшілік еткен оқушыларыммен бірлесе отырып атқардым. Сынып жетекші ретінде де мұғалім ретінде де оқушылармен еркін түрде аралысып отыру керек. Оқушылар мен ата-аналар бірлесіп тәрбиелік шаралар өттім. Бұл тұрғыда маған мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі әдістемелік көмектер беріп отырды. Сонымен қатар мұғалімнің кәсіби дамуының бір мүмкіндігі оқушылармен өз пәні бойынша жеке жұмыс жасау. Осы орайда өзім 9 сыныптағы оқушыларды оқушы жетістігін сырттай бағалауға дайындау арқылы да өз білімімді жетілдірудемін. Оқушының сұранысына орай олардың білімдерін жетілдіру үшін өзім де көп іздену үстіндемін. Соның нәтижесінде математика пәні бойынша оқушылар жақсы нәтижеге жетіп келеді. Тәлімгерлердің нұсқауымен оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы әдістемелік оқулықтар мен математикалық құралдарды пайдалануды түсініп келемін.
Себебі бұл өзгермелі өмірде оқушылар кәсіби тұрғыда қаруланған ұстаздарды күтеді. Мен оқушылардан жақсы нәтиже күту үшін, мұғалім мектеп бағдарламасымен шектеліп қалмай, оқытудың жаңа әдістерін білу қажет деп ойлаймын. Сондықтан өз бойыма құзырлы мұғалімге тән қасиеттерді жинақтағым келді. Әр баланың жеке тұлға есебінде табысқа жетуіне, өз білімі мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кәсіби міндеттер қажет? Ол мұғалімде кәсіби тәжірибе туралы көзқарас болу керек. Осы орайда өзімнің кәсіби білімімді дамытудың мүмкіндіктерін қарастырдым.Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен ұштастыра оқыту, оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқудағы ерекшеліктерді түсіну, көптеген тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық және дағдының, қызығушылық және оқыту амалдарының болатыны жете түсіну қажет болады. Жас аман ретінде мектепте және мектептен тыс жерлерде де түрлі сайыстар мен байқауларға қатыстым. Себебі бұл ұстаздық жолды алға бастайтын педогогикалық үдеріс. Өйткені оқушыға білім мен тәрбие беру бір басқа, халықпен араласып, олардың алдында ұстаз деген ұлағатты есімді насихаттау өз алдына бір бөлек міндет. Қорыта келгенде мамандағам-мақтанышым болатынына осы бір жыл ішінде көзім жетті. Жас аман алдына бірнеше мақсат қояды. Сол мақсаттан шығу жолын өмір бойы іздестіреді екен. “Ұстаз – тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек”, – деп Шығыстың ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Бұл үшін өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты бола алады. Сондықтан әр мұғалім үздіксіз кәсіби даму үстінде болу керек.

Пайдаланған әдебиеттер



1. Ж.Нұрғалиева «Сапалы білім – болашақ кепілі» Кәсіптік мектеп № 6 2016 жыл 3-бет
2. Г.Нұрмағамбетова. «Мұғалімнің кәсіби біліктілігі – білім сапасының негізі»Журнал «Қазақстан мектебі», №8, 2016 жыл 23-бет
3. К.Найманбаева. «Кәсіби педагогикалық іс – әрекеті дамуының шығармашылық табиғаты»Журнал «Қазақстан мектебі», №6, 2016 жыл 20-бет
4. Л.Пангереева. «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – білім сапасының кепілі» Журнал «Қазақстан мектебі», №1, 2017 жыл 13-бет
5. Ж.Аубакирова. «Мамандығым – менің мақтанышым» Журнал «Қазақстан мектебі», №2, 2017 жыл 13-бет

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет