1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті



бет5/86
Дата02.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#183269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы Ñ‚ас Ò“асырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org

5 Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
Ботай мәдениеті тұлпар тұяғымен жазылған тарих — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалардың қонысы саналады. Тарихтың бір парасында өркениеттің ошағы болған. Көне қоныс Айыртау ауданына қарасты Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Осы күні бұл өңір, тек еліміздің ғана емес, бүкіл әлем тарихына белгілі болып отыр. Ботай ауылының түбінде осыдан бес мың жыл­дан артық уақыт бұрын ежелгінылденгеннен кейін тарих дөңгелегін 53 ғасырға кейін айналдыры де­сек те болатындай
Ботай мәдениеті тұлпар тұяғымен жазылған тарих — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалардың қонысы саналады. Тарихтың бір парасында өркениеттің ошағы болған. Көне қоныс Айыртау ауданына қарасты Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Осы күні бұл өңір, тек еліміздің ғана емес, бүкіл әлем тарихына белгілі болып отыр. Ботай ауылының түбінде осыдан бес мың жыл­дан артық уақыт бұрын ежелгінылденгеннен кейін тарих дөңгелегін 53 ғасырға кейін айналдыры де­сек те болатындай.
Егер осы оқиғаға дейін біз өз тарихымызды үш мың жыл деп, яғни көбінесе сақ дәуірінен бастап келген болсақ, енді оны бес мың жыл ауқымында айшықтауға мүмкін­дік берді. Сол кезде профессор Виктор Зайберт жетекшілік еткен экспедиция барысында ғалымдар аумағы 15 гектардан асатын қоныстан 158 үйдің орнын аршып, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Олар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алған. Ал ондағы қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80 см, аумағы – 30-70 шаршы метрге дейін жеткен еді. Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салып, сыртын жануарлар сүйегімен бекіткен. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылбыша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылғаны белгілі болды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-бодың жазында ежелгі тұрғын-жайдың орнына көне Ботай қонысының үлгісі тұрғызылған. Әрине, жыл сайын қабырға, қазан-ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырған.«Осылайша өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындағанын, тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштықтарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқындап берді», – дейді Виктор Зайберт.Ботай қонысынан әр жылдары ұйымдастырылған қазба жұмыстары кезінде сондай-ақ, ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар берсе керек. Ғалымдарды табылған жылқы сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Сол себепті бұл жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар жиі шақырылып отырған. Соның арқасында 133 мыңдай жылқының сүйегі зерттеуден өткен. Нәтижесінде Ботай аттары бұрынырақта белгілі болған жылқы түріне жатпайтын болып шықты. Ботайдан табылған жылқы сүйегі басқаларынан ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілгенін және олардың жабайы жануар болмағанын айтқан. Осыдан бастап қоныстан табылған заттарға әлемнің барлық елдерінің ғылымдары қызығушылық таныта бастаған. «Ботай жылқысын зерттеу үшін елімізге Англия, Германия мен Ресейдің ғалымдар жиі келіп тұрады. Олар ортақ пікірге сүйене отырып, Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы, һәм дала өркениетінің бастауы болғанын мойындайды», – деді Виктор Зайберт. Қазақстандық ғалымның осы пікірі жер-көкке тарағаннан кейін оны әлемнің әр түкпірінде өткізіліп тұратын симпозиумдар, семинарлар мен лекцияға шақырушылар қатарына еселеп көбейген. Мәселен еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Виктор Зайбертті Англияның Кембридж университеті Ботай қонысы бойынша лекция өткізуге жиі шақырады. Ғалым осылайша қазақ жерінің қадір-қасиетін бүкіл әлемге паш етті десек те болатындай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет