2 I. Негізгі бөлім


Сілекей бөлінуінің реттелуі



бет5/16
Дата20.11.2023
өлшемі322,32 Kb.
#192156
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ас орыту физиологиясы
Қ.тарих 1000сұрақ-жауап, 9 а 12.04.22, 4 Б В синф Математика узб тест, квант, Пиза 2020-2021 жоспар (1)
Сілекей бөлінуінің реттелуі: Жүйкелік- сопақша ми ВЖЖ екі бөлімімен реттелінеді. Парасимпатикалық жүйке жүйе – сілекей бөлуді арттырады, ал симпатикалық жүйке жүйе - төмендетеді.Гуморальдық- гормондармен реттеледі.

1.3 Қарындағы ас қорыту

Көп бөлімді қарынның тек бір ғана бөлімінде ферменттер бар. Қарын сөлі бөлінеді, оны нағыз қарын деп атайды. Қарын қабырғасы сірлі, етті және кілегейлі қабықтардан құралған. Етті қабық 3-қабаттан – бойлама, сақинаша және қиғаш еттерден түзілген. Жалғыз бөлімді қарынның кілегейлі қабығында қарын аймақтары мен шұңқырлары болады. Қарында ас қорытуда маңызы зор HCI пепсиногенді – пепсинге айналдырып, бактерицидтік қасиет көрсетеді де, белокты амин қышқылына дейін ыдыратады.


Қарын бездерінің сөл бөлу қызметінің реттелуі.
1) Күрделі рефлекстік және милық кезең– шартты және шартсыз рефлекторлық әрекетке негізделген. Шартсыз рефлекторлық әрекет – тамақ дайындау, иіс, түрі қарын сөлін бөлдіреді. Шартсыз рефлекторлар – дистантты рецепторлардың қоздырғышы. Шартты рефлекторлар – ауыз қуысына тағам келіп түсуі, рецепторлардың қозуы.
2) Қарындық және жүйкелік - гуморальдық кезең.
3) Ішектік кезең– қарыннан ас ішекке жылжығанда қарын сөлі бөлінеді.
Қарын қимылы– қарын қабырғасының асты араластыруға, ішекке қарай жылжытып, қарыннан ішекке өтуіне мүмкіндік беретін әрекет жиынтығы.
Қарын қимылының реттелуі:
Жиырылу түрлері:
А) Перистальтикалық жиырылу– 5-20 сек, бір фазалы, төменгі амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын жиырылу.
Ә) Ширықпа жиырылу– бойлама және қиғаш қабаттарының толқын тәрізді жиырылуы. 15-20сек, 2-4рет
Б) Систолалық жиырылу- қарын кіреберісінен басталып, 60сек дейін созылады, ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды да, жынның белгілі бір бөлігін ішекке өткізеді.
Зерттеу әдістері:баллонография, рентгенография, электромиография
Он екі елі ішектегі астың қорытылуы. Он екі елі ішекке түскен тағам ұйқы безі сөлі, өт сонымен қатар, он екі елі ішек бездерімен (бруннер – ішек бүрлері, ішектің кілегей асты қабығында, ал кілегейлі қабығында – либеркюн бездері орналасқан) бөлінген сөлдер әсеріне ұшырайды. Бруннерлі безбен бөлінген сөл – сілтілі реакциялы, түссіз сұйықтық. Сөлде көптеген кілегей және пепсинге ұқсас белоктық фермент бар. Ас қорыту процесі жүрмегенде, он екі елі ішек рН- қышқыл болғандықтан, ішекке түскенде бейтараптанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет