2. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: М. Х. Дулатидің, Қ. Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы


Қадырғали Жалаири — орта ғасырдағы қазақтың ғұлама тарихшысы, белгілі биі жəне мемлекет қайраткері



бет5/6
Дата22.12.2021
өлшемі116,93 Kb.
#127495
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих 12 семинар
Тест Химияны окыту адистемеси, Витамин
Қадырғали Жалаири — орта ғасырдағы қазақтың ғұлама тарихшысы, белгілі биі жəне мемлекет қайраткері

Жалаиридің шежіресі — ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма

Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989, одан соң 1991, 1997 жылдары жарық көрді. Сөйтіп, Қадырғали Жалаири шығармасы шым-шырғасы шықпай оқырман қолына тиді.

Жазбаның бас жағы Борис Годунов патшаға мадақ, орта тұсы Рашид-ад-Дин шежіресінің ықшам баяны, аяғы Орыс хан мен Оразмұхаммед аралығындағы оқиғаларды қамтыған Шыңғыс ұрпақтарының тарихы. Жалаири шежіресі Рашид-ад-Дин жазбасының көшірмесі емес. Көлемі шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба [5; 248].

Жалаиридің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз əміршісі Шыңғысхан ұрпағы — Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дəлелдеу. Екінші бір мақсат: «...Патша Борис Федоровичтің мəңгі əділдігін, ақтығын айту жəне тағы жоғары мəртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мəртебелі патшаның құрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды» (Березин И.Н. Библиотека восточных источников. Тю 1. — Казань, 1854).

Кітаптың негізгі бөлімі XII ғасырдан XVI ғасырға дейінгі қазақ жеріндегі оқиғаға арналған. Автор: «Ертедегі оқиғаларды парсы тіліндегі «Шыңғыс-Зададан» қазақшаға аудардым. Ал одан кейінгі оқиғаларды Аллаһтың қуатының арқасында өзімнің зерттеуімше жаздым» деген. Бұған қарағанда кітаптың бірінші бөліміндегі баяндалған оқиғалар Рашид-ад-Диннің белгілі «Жамиғ ат- Тауарих» атты парсы тіліндегі еңбегінен қазақ тіліне аударылған да, ал екінші бөліміндегі оқиғалар — қазақтың XVI ғасырдағы тарихына байланысты жазған беттері — бірінші қазақ тарихшысының өз қаламынан шыққан. Қазақтың орта ғасырдағы тарихымен шұғылданушылар үшін тың мағлұмат беретін өте бағалы бөлімі — осы Қадырғалидың өзі жинап, өзі зерттеген, көзімен көріп, заманның куəгері болған дəуірі — XVI ғасыр [4; 90, 91].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет