4 МӨж рахымбаева Ж. С. Тақырыбы: «Когнитивті лингвистиканың негізгі бірліктері.»


Когнитивті лингвистиканың негізгі бірліктері



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі27,67 Kb.
#110243
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 МӨЖ Рахымбаева Ж

Когнитивті лингвистиканың негізгі бірліктері

Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән негізі категориялары мен бірліктері болуы шарт. Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер «білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді» когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы «әлемнің тілдік бейнесін» тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: «Концептуализация интерпретируется как «некоторый» «сквозной» для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц»-деген болатын (2, 93).

Қазіргі нейрохирургия мен кибернетика салаларының дамуы нәтижесінде когнитивтік моделге «фрейм» (М.Минский) және «гешальт» (Дж.Лакофф) ұғымдары енгізілді. «Человек, пытаясь познать новую для себя ситуацию или поновому взглянуть на уже привычные вещи, выбирает из своей памяти некоторую структуру данных (образ), называемую нами фреймом, с таким расчетом, чтобы путем изменения в ней отделных деталей сделать ее пригодной для понимания более широкого класса явлений и процессов» (38,49). М.Минский өзінің теориясында адамның ойлауы мен жасанды интеллект арасының ара-жігін ашпайды. Оның пайымдауынша, адамның ойлауы образдарды визуалды көре алатын, семантикалық фреймдер яғни, сөздердің мағынасын түсіне алатын, белгілі бір іс-қимылды қабылдай алатын (сценарийлі фрейм) т.б. ақпаратпен толыққан адам жадында сақталатын құрылымдар яғни, фреймдерге негізделген. Ал белгілі бір ойды түсіну жадында сақталған фреймнің белгілі бір жағдайға сәйкес процеске түсуімен түсіндіріледі. Ал, фреймдер арасында дәл өзіне сәйкес фрейм табылмаған жағдайда, сол ситуацияға мейлінше жақын келер фрейм таңдап алынады.

Т.А.ван Дейк пен В.Кинч гештальтты қолдана отырып белгілі бір мәтінді түсінудің танымдық моделін ұсынды (39). «Гештальт» термині (неміс. Gestalt «фигура, форма, құрылым») психологиялық теория-гештальттық психологиядан бастау алады. Дж.Лакофф белгілі бір құрылымдар арқылы құрылған ой, эмоция, таным процесі, тілді гештальт ұғымымен байланыстырады (40) Бұл ұғымды лингвистикада С.Д.Кацнельсон тілдік механизімдерінің сана механизімдерімен, белгілі бір адамның жеке тәжірибесін құрайтын біліммен тығыз байланыста екенін айтады (41).

Конитивтік лингвистикада когниция ұғымына басты көңіл бөлінуде. Когниция-адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі деп танылады. Тіл білімінде «когниция» терминімен «интеллектуалдылық, менталдылылық» секілді атаулар балама ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан негізгі айырмашылығы когниция адам миындағы аялық білім арқылы жиналған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі болып табылады. Адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар негізінде көрініс табады. В.А.Маслова: «елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет