4 МӨж рахымбаева Ж. С. Тақырыбы: «Когнитивті лингвистиканың негізгі бірліктері.»


бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері қалыптасып дамып отыр. Алғашында «когнитивті» деген терминнің өзі нақтыланбаған, ұғымдық бірліктері



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі27,67 Kb.
#110243
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 МӨЖ Рахымбаева Ж

бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері қалыптасып дамып отыр. Алғашында «когнитивті» деген терминнің өзі нақтыланбаған, ұғымдық бірліктері жүйеленбеген мәселе ретінде қабылданып келді, сондықтан когнитивті лингвистикаға қатысты пікірлер мен көзқарастар да біркелкі болған жоқ. Кейбір зерттеушілер танымдық аспектілердің тіл білімін жаңа деректермен толықтырғанын мойындағанмен, бұл бағыттың лингвистикаға соны үрдістер мен әдістер жүйесін әкелмегенін әрі когнитивті лингвистиканың орнықпағанын, ең алдымен, когнетивті емес лингвистиканың жоғымен түсіндіруге болатындығын ескертеді. Алайда, екінші топ ғалымдары құрылымдық тіл білімін танымдық лингвистикаға қарсы қоя отырып, когнитивті бағытты XX ғасырдың аяғында дүниеге келген «көтеріліс», «бетбұрыс» деп түсіндірді. Нәтижесінде тілшілер когнитивті лингвистиканы пәнаралық байланыстың көрсеткіші, тілдік ілімдер тоғысы деп бағалады. Сөйтіп, жалпы ғылыми дереккөздер негізінде когнитивті ғылымды немесе когнитологияны, когнитивті психологияны, мәдениеттануды қарастырса, лингвотанымды дамытушы алғышарттарға лингвистикалық семантика, лингвистикалық типология, этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, салыстырмалы-тарихи тіл білімі мәселелерін жатқызды (24,22). Ғалымдардың айтуына қарағанда, семасология ұстанымдары мен категориялары адамзат танымының нәтижесін құрайды (Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия), ал тілдік типология заңдылықтары тілдің универсалды құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді - деген теориялық байлам жасайды (25,17-19). В.В.Петров когнитивтік ғылымның түпкілікті идеясының негізін құрайтын бірліктер турасында мынадай ой айтады: «Мышление представляет собой манипулирование внуренними (ментальными) репрезентациями типа фреймов, планов, сценариев, моделей и других структур знания» (18, 95).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет