№6 «Айгөлек» ортағы тобы Маусым айы ( I апта)



бет2/6
Дата28.06.2022
өлшемі266,5 Kb.
#147151
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 топ маусым айы

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты түсінік бере отырып, жаз мезгілінде күн ысып, күн ұзарып, кештің жай бататындығы жайлы білімдерін кеңейту.



Күн тәртібі

Дүйсенбі
06.06.22.
«Қызыл,жасыл,сары»

Сейсенбі
07.06.22.
«Туған өлкем»

Сәрсенбі
08.06.22.
«Жәндіктер»

Бейсенбі
09.06.22.
«Қала күні»

Жұма
10.06.22.
«Поэзия күні»

Балаларды қабылдау




Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: балабақшада сақтайтын әдептілік ережелері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.Еңбек тапсырмалары: Табиғат бұрышындағы гүлдерді суғару.

Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар
үстел үсті, саусақ және т.б.




«Көңілді бағдаршам» картинкалар көрсету. Балалардың көліктер мен жаяу жүргіншінің жол қиылысындағы бағдаршаммен басқару ережелері туралы білімдерін тиянақтау.

Саусақ\о:«Әжемнің ертегілері».Отбасылық фотосуреттерді қарас
тыру.Туысқандары туралы әңгімелеп беру



«Көңілді жаз келді!» тақырыбында картиналар топтама
сынан суреттер қарастыру

«Мен қайда және кім болып жұмыс
істеймін» мамандықтар
туралы түсінік беру.



Үстел үсті ойындары.
Мақсаты: балалардың қол маторикасын және ойлау қабілеттерін дамыту

Таңертеңгі жаттығу




Жаттығулар кешені № 1

Таңғы ас

Ойын- жаттығу : Ас ішерде күнде біз
Сөйлемейміз күлмейміз
Астан басқа өзгені
Елемейміз, білмейміз

Ойындар




Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық


«Бағдаршам»
(сурет қарастыру)
Мақсаты:Түс туралы сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Ересектермен бірлескен әрекет «Ойын алаңында апайға көмектесемін!»
М\ы: үлкенді сыйлау, көмек беру, құрмет көрсету секілді құндылықтарды бүлдіршін бойына дарыту.

«Өз жұбыңды тап!» ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: бүлдіршіндердің бір- біріне қамқор болуға, достық қарым- қатынасқа адал болуға тәрбиелеу.

«Құтқару қызметі» ойын –жаттығу. Қимылдық белсенділігін арттыру. Мақсаты: дене жаттығуларын жасату.



«Көшедегі қауіпсіздік.» Әңгіме құру.Альбомдар, сюжетті картиналар

Ұйымдастырыл-ған оқу қызметі



1.Дене шынықтыру
Гимнастика сатысыны өрмелеу. Сатыға өрмелеуге үйрете отырып, биіктіктен қорықпауға баулу. Ойын: «Торғайлар мен автомабиль»
2.Қоршаған ортамен таныстыру
«Біздің айналамыздағы көліктер»
Балалардың көліктер туралы түсініктерін кеңейту.Ажыратып атай білуге үйрету.

1.Дене шынықтыру
(таза ауада)
Тәрбиешінің жоспары бойынша
2. Сурет салу
Т\ы: «Ғимараттар»
М\ы: Қағаз бетінде қыл қаламмен ұқыпты сурет салуға үйрету.

1.Мүсіндеу
«жәндіктерді қорғайық»
Жаз мезгілінде кездесетін жәндіктер туралы түсінік беру,ұқыпты мүсіндеуін қадағалау.
2.Музыка
Тәрбиешінің жоспары бойынша

1.Музыка
Тәрбиешінің жоспары бойынша
1.Дене шынықтыру
Шеңбер бойымен жүру, жүгіру, екіге бөлініп сап түзеу.
Шеңбер бойымен жүру ережелерін сақтай отырып, «тоқта» бұйрығына тоқтап тұрып қос аяқтап секіруге үйрету. Ойын: «Торғайлар мен мысық»




Серуенге дайындық:

Киіну: серуенге шығу.

Серуен



Көшедегі көліктерді бақылау.М\ы: Сыртына қарап көліктерді ажырата алуға үйрету. Көліктің басты бөліктерін атай білу, автобуста отыру ережесіне үйрету.Қ\о: «Көліктер мен жолдар», «Жаяу жүргінші
лер» М\ы: Жолда жүру ережелерін сақтауға үйрету, автобусқа отыру ережелерін үйрету



Күн ваннасы. Балалардың басына бас киім кигізіп, құмда төсеніш үстінде қабылдау. Ауа –райына бақылау жасау. М\ы: Балаларға өздіктерінен ауа – райына бақылау жасауға кеңес беру, ауа – райына сәйкес киінуге үйрету.

Аспанға бақылау жасау,бұлттар туралы түсінік беру.
Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материал
дармен ойындар
М\ы: қызығушылық
тары бойынша ойындарды таңдауды қамтамасыз ету және құрдастарымен қарым-қатынасты қалыптастыру.

Құмырсқаға бақылау жасау.Тіршілігі туралы түсінік беру. Бақылауға деген қызығушылығын арттыру.Еңбек: ойын алаңына су шашу,
Салқындату,еңбекке баулу.
Қ\о: «Үкі» дос болып,соқтығыспай ойнауын қадағалау
Өз еркімен ойындар

Ылғал топырақты зерттеу.Су құйғандағы қасиеттерін,ерекшеліктерін түсіндіру.
Еңбек: ойын алаңындағы ұсақ тастарды жинау, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қ\о: «Мысық пен тышқан» Шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.Ойын үстінде тату болуын қадағалау.

Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті

Түскі ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Түскі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу
Ойын- жаттығу : Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.

Бесін ас


Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет






Дидактикалық ойын:
« Көліктерді түсі бойынша орналастыр»
Көліктер туралы түсініктерін арттыру.

С\р\о: «Емхана».
М\ы: Баланың сөздік қорын молайту, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасау, ой - қиялын одан әрі дамыту.
Дәрігердің сезімтал
дығы мен кішіпейіл
ділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу

Ойын – жаттығу
«Даусына қарай ажырат» Мақсаты: Балалардың үй жануарларының дауыстары жөнінде білімдерін тексеру және жетілдіру

Дидактикалық ойын «Қолымда қандай түс»
Мақсаты: түстерді ажыратуда ойлану дағдыларын қалыптастыру

«Көңілді аңдар» музыкалық ойын жаттығу Мақсаты: әуенді тыңдай отырып, аңдардың қимылын жасау.

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Ансарға пішіндерді қайталату.
Мақсаты:салыстыра білуге баулу, тілін дамыту

Ойын: «Еріншектер» Мақсаты:
саусақ моторикасын жетілдіру



«Көңілді аңдар» музыкалық ойын жаттығу Мақсаты: әуенді тыңдай отырып, аңдардың қимылын жасау.

Ойын: «Танып ал да, атын ата» Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. 

Қимылды ойын:
«Маймақ қонжық»
Мақсаты: балаларды аңдардың жүрісін келтіріп жүруге үйрету




Серуенге дайындық




Киіну: серуенге шығу.

Серуен




Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды
әрекет етуге ынталандыру.

Аулаға серуенге шыққанда қауіпсіздік туралы ескерту.Көшедегі қауіпсіздік. Бөтен дамдармен сөйлеспе,олардан ештене алма. Бірден кетіп қал. Қ\ о: «Паровоз» М\ы: Б\дың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паровоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету. Мазмұны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет