8-практикалық жұмыс. Геомәліметтер базасы. Кеңістіктік нысандар кластары


Шэйп-файлдарды қашан қолдану керек?



бет3/7
Дата08.11.2022
өлшемі314,5 Kb.
#157220
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика ShapeFile FeatureClass

Шэйп-файлдарды қашан қолдану керек?
  • - Esri емес қосымшаларға арналған мәліметтерді экспорттау кезінде
  • - ArcView GIS 3 немесе ArcInfo Workstation пайдалану үшін мәліметтерді экспорттау кезінде
  • - Егер сізге қарапайым сипаттамалар мен атрибуттарды тез жазу қажет болса, мысалы, геопроцессорлық қызметтер үшін (бірақ төменде сипатталған шектеулер туралы біліңіз).
    • Шэйп-файлдарды қашан қолдануға болмайды?
    • Төменде сипатталған бірнеше ерекшеліктерді қоспағанда, шэйп-файлдар қарапайым геометрияны сақтауға жарамды. Алайда, шэйп-файлдарды сақтау кезінде маңызды мәселелер бар. Мысалы, олар NULL мәндерін сақтай алмайды, сандарды дөңгелектей алмайды, Юникод таңбаларын қолдауы шектеулі, аты 10 таңбадан асатын өрістерді (поля) сақтай алмайды және күн мен уақытты бір өрісте сақтай алмайды. Бұл тек негізгі шектеулер. Сонымен қатар, олар геомәліметтер базасында кездесетін, мысалы домендермен және подтиптермен жұмыс істеу сияқты функцияларды қолдамайды. Сондықтан,егер күрделі атрибуттарды сақтау керек болса және геомәліметтер базасымен қамтамасыз етілген мүмкіндіктерді пайдалану керек болса, онда шэйп-файлдарды пайдаланбау керек.
    • ГЕОМӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ
    • Геомәліметтер - бұл географиялық ақпараттық жүйелерде (ГАЖ) қолдануға болатын форматта сақталған географиялық орын туралы ақпарат.
    • Геомәліметтерді мәліметтер базасында, геомәліметтер базасында, шейп-файлда, жабында (покрытия), растрлық бейнелерде, тіпті dbf немесе ірі масштабы Microsoft Excel кестелерінде сақтауға болады.
    • ArcGIS-те геомәліметтер базасы дегеніміз - бұл файлдық жүйенің ортақ папкасында - Microsoft Access базасында немесе көп пайдаланатын реляциялық мәліметтер базасында (мысалы, Oracle, Microsoft SQL Server, PostgreSQL, Informix немесе IBM DB2) сақталған әр түрлі типтегі географиялық мәліметтер жиынтығы. Олар кішігірім, файлға негізделген бір қолданушы мәліметтер базасынан көп қолданушыға қол жетімді үлкен топтық, салалық (аймақтық) және бірлескен геоақпараттық базаларға дейін масштабталынуы мүмкін.
    • Бірақ геомәліметтер базасы - бұл мәліметтер жиынтығының жинақтамасы ғана емес; ArcGIS-те геомәліметтер базасы термині бірнеше мағынаны білдіреді:
    • - Геомәліметтер базасы ArcGIS үшін «негізгі» мәліметтер құрылымы; бұл мәліметтерді өңдеу және басқару үшін қолданылатын негізгі мәліметтер форматы. ArcGIS географиялық ақпаратпен әртүрлі геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) форматтарында жұмыс жасаса да, геомәліметтер базасы оның барлық қуатты функционалдығын қамтамасыз етеді
    • Геомәліметтер базасы - бұл әртүрлі типтегі географиялық мәліметтер жиынтығы.
    1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет