Абыл Тілеуұлы Студент: Қанибек. А оқытушы: Жанбершиева. Ұ Оқу тобы: кял -19-3



бет3/3
Дата21.01.2022
өлшемі1,71 Mb.
#112808
1   2   3
Байланысты:
Абыл Тілеуұлы
ҰБТ құқық, «Êèíåìàòèêà íåã³çäåð³» á?ë³ì³ áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó Î?óøûíû? à, Квест, интернетсіз ойын Ертегі агашы
Баймағанбетке айтқаны

Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,

Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан.

Дәлірген дажал сынды дәрежеңді

Деп жүрсің «Құдай қорып,

Қыдыр баққан».

Толы ел – толықсыған көлін тастап,

Қаңғырған Қайыпалды Тәңір қаққан.

«Ер өлді» деп етек бұлап жылайтұғын,

Байеке-ау, қай ісің бар елге жаққан?! 



Шығармашылығы

Абылдан табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Одан басқа Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған.

Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі-жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы бар азды-көпті шығармаларына қарағанда, Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.

Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген. Ақын жырлары ҚарақалпақстанТүрікменстанИранАуғанстанТүркия елдеріндегі қазақтар арасында да кеңінен мәлім болған. Маңғыстауда өмір сүрген түрікмен шайыры Хатаммен және ЕсетМахамбетШернияз, Есенбақ сияқты айтулы қазақ ақын-жыраулармен достық қарым-қатынаста болып, ниеттес жүрген. Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғау - 1924 жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі.

Шығармаларының негізгі арқауы—адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу (“Сексеннің біз де келдік жетеуіне”, “Отырған қарсы алдымда Қанымайым”, “Қар жауар күн-түн оның қабағынан”). Абыл Хиуа ханы Аллақұл өктемдігіне қарсы бұқара ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді жыр еткен (“Сүйінқараны жоқтау”, “Құлбарақ батырға”). “Арғымақ атта сын болмас”, “Естірту”, “Кәрілік” т. б. терме, толғаулары - өмір сырын бейнелейтін көркем ақыл, нақыл, насихатқа құрылған өнегелі, өсиет сөздер. «Сексеннің бізде келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан» атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу, ел қамын жеу, ізгілік, адамгершілік мәселелері сөз болады.

Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет, Қайыпалды сұлтандармен кездесіп, бетпе-бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда, ол шындықты айтудан тайынбаған, хан алдында қасқайып тұрып, оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын.

Абыл Тілеуұлы - айтыстың да шебері. Бізге «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі» деген айтыстары жетіп отыр.

Абыл - шешендікте алдына жан салмаған, тәжірбиесі мол, көп жасап, сан-саналы өлең шығарып өткен саңлақ ақындардың бірі. Ол - өз дәуірінің елеулі мәселелеріне үн қосып,Сыпыра жырау негізін салған “Қырымның қырық батыры” сияқты батырлық дастандарды дамыта жырлаған.



Сұрақ-жауап
  • Абылдың туған жері

  • Бозашы мекені

    2. Абыл Адайдың нешінші ұрпағы

    Тоғызыншы

    3. Абыл ақын қай ғасырда өмір сүрді?

    ХҮІІІ ғасыр
  • Кімдермен идеялас болды?

  • Исатай, Махамбет

    5. Қуғын-сүргінге қай ғасырда ұшырады?

    ХІХ ғасыр басында

    6. Қай ғасырдың ақыны?

    ХҮІІІ ғасыр

Зейін қойып

тамашалағандарыңызға

рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет