Пән мұғалімі: Жамет Алдияр Сыныбы: 11 «А» 2019-2020 оқу жылы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі23,18 Kb.
#97535
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
ҰБТ құқық
Абыл Тілеуұлы, «Êèíåìàòèêà íåã³çäåð³» á?ë³ì³ áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó Î?óøûíû? à, Квест, интернетсіз ойын Ертегі агашы

«Бекітемін» « Қаралды »
Мектеп директоры: Бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары: _____________ М. Жумашов ____________Н.Туякбаева «____» ______2019ж «____» ______2019ж


Адам.Қоғам. Құқық пәнінен ҰБТ – ге дайындық жоспары


Пән мұғалімі: Жамет Алдияр
Сыныбы: 11 «А»


2019-2020 оқу жылы


Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Пәнді оқытудың мақсаты – қоршаған ортада болып жатқан үдерістер мен құбылыстардың, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысы, адам мен қоғам дамуы үдерісі туралы ғылыми білімді жүйелендіру. Азаматтық позицияны, жоғары адамгершілік қасиеттер мен отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3. Пәнді оқытудың міндеттері:
1) қазіргі қоғам мен адам өміріндегі қоғамдық ғылымның рөлін анықтау;
2) оқушылардың бойында әлемнің ғылыми картинасын қалыптастыру;
3) адам және адам өмірінің жоғары құндылықтар болып табылатынын түсіндіру;
4) гуманизм, этика, бостандық, демократия, әлеуметтік прогресс пен рухани құндылықтар идеалдары арасындағы өзара байланысты анықтау;
5) адам құқықтары мен жалпы ұстанымдарын білуге, оған баға беруге үйрету;
6) азаматтылықты, отансүйгіштікті, жауапкершілік пен түрлі ұлттар мен халықтарға деген сыйластық көзқарасты қалыптастыру;
7) этникалық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда төзімділікті сақтау;
8) қоғамдық даму заңдылықтарын білу негізінде құқықтық сауаттылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеу;
9) Қазақстан Республикасының Ата Заңын, кодексін және басқа да заңнамалық актілерін білу;
10) ғылыми, құқықтық терминологияны түсіну, терминдерді қолдана білуге үйрету;
11) оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту;
12) оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы мен пікірталасқа қатысу қабілетін дамыту;
13) жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіби бағдар туралы түсінігін дамыту.
4. Пәннің базалық мазмұнын анықтау. 9 сынып оқушылары үшін «Адам. Қоғам. Құқық.» курсының мазмұнын іріктеу іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы және құзіреттілік тәсілдерге негізделген. «Адам. Қоғам. Құқық.» пәнінің мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтарға, демократизм принциптеріне, гуманизм мен ғылымилыққа негізделген. Бұл пәнді оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқыту үдерісінің әдістемесі мен ұйымдастырылуын анықтайтын әдіснамалық принциптерге сүйену қажет.
5. Пәнаралық байланыстар:
1) «Қазақ тілі мен әдебиеті»:
адам өміріне, сана мен ар-намысына, адамгершілік қасиеті мен адамдық парызына, адамның еңбек қызметіне оның табиғатқа әсеріне арналған көркем шығармаларды пайдалану;
2) «Дүниежүзі тарихымен»:
адамның, ру-тайпаның, сөйлеу құралы ретінде тіл мен сөздің пайда болуы, алғашқы қоғам мен мемлекеттердің, діни көзқарастардың, әлемдік діндердің және ұлттың қалыптасуы, ұлттық мемлекеттер және азаматтық қоғам туралы білім беру;
3) «Қазақстан тарихымен»:
қазақ халқының көшпенді өркениеті, шаруашылығы, діні мен дәстүрі, мұсылман дінінің мәдениеттің дамуына әсері туралы білім беру, қазақтардың дәстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»;
4) «Физикамен»:
жер құрылысы, уақыт, кеңістік пен материя туралы білім беру, физикалық процестердің адам мен қоғамға әсерін көрсету;
5) «Биологиямен»:
адам мен адам қоғамының пайда болуы, табиғат пен адамның өзара байланысы туралы білім беру;
6) «Географиямен»:
табиғи қор және оларды тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасының Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған заңдары мен халықаралық дәрежедегі табиғатты қорғауға арналған шаралар туралы білім беру.
6. Оқу жүктемесінің көлемі:

Адам.Қоғам.Құқық


(аптасына 2 сағат,жылына 68 сағат)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет