Адамгершілік тәрбие


Адамгершілік тәрбиенің амалдары



бет2/8
Дата14.10.2023
өлшемі45,29 Kb.
#185457
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Адамгершілік тәрбие

Адамгершілік тәрбиенің амалдары


Мектеп алды балаларды адамгершілік тәрбиелеу құралдарын бірнеше топтарға біріктіруге болады.
Көркем әдебиет, бейнелеу өнері, музыка, кино, диафильмдер және басқа құралдарды көркем құралдар тобына біріктіруге болады. Бұл топ адамгершілік тәрбиелеу мақсаттарын шешкенде өте маңызды, себебі танылатын моральдық құбылыстарға эмоционалдық түске мүмкіндік береді.
Мектеп алды балаларды адамгершілік тәрбиелеу құралы боп табиғат болады. Табиғат балаларда ізгілік сезімдерді туғызуға мүмкіндік береді, әлсіздерге, көмекке мұқтаж адамдарға қамын ойластырады, оларды қорғайды, балада өзіне сенімділікті қалыптастыруды жәрдемдеседі. Балалардың адамгершілік өрісіне табиғаттың әсері көп қырлы және тиісті педагогикалық ұйымдастыруда сезім мен тәртіпті тәрбиелеуде маңызды құралы болады.
Мектеп алды балаларды адамгершілік тәрбие құралы боп балалардың жеке әрекеттері табылады: ойын, еңбек, оқу, көркемдік әрекет. Тәрбие құралы функциясын орындағанда, әрекеттің әр түрінде ерекшелігі бар, бірақ та осы құрал – тап мұндай қызмет – ең алдымен тәжірибелік адамгершілік тәртіпке тәрбиелегенде қажет.
Бала өмірсүріп жатқан барлық ахуалы адамгершілік тәрбие құралы бола алады: ахуал ақкөңілділік, махаббаттық, адамгершілік және қатыгездік, азғындық пен қанықтырылуы мүмкін. Баланы айналадағы жағдай сезімдерді, ойларды, мінезқұлқыны тәрбиелеудің құралы болады, яғни ол адамгершілік тәрбиенің барлық механизмдерің жандандырады және белгілі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Тәрбиелеу құралдарын таңдау жетекші мақсаттарға, тәрбиешілердің жастарына, олардың жалпы және интеллектуалды даму деңгейіне, адамгершілік қасиеттерінің даму кезендеріне (тек қасиетті қалыптастыра бастаймыз, немесе бекітеміз, немесе қайта тәрбиелейміз) байланысты.

Адамгершілік тәрбиенің әдістері


Адамгершілік тәрбие әдістерін жіктеуге арналған басқа да негіздерді таңдауға мүмкін, дегенмен оның механизміне сәйкес болғаны абзал.
Әдістер қандай да жақсы болғанымен, олар тек белгілі жағдайларда нәтижелі қорытынды береді:
Кез келген әдіс (әдістер тобы) баланы кемітпейтін, оның құқығын бұзбайтын адамгершілікті болу керек. Бұл кез келген жастағы бөбек, мектеп алды, мектептегі балаларға қатысты.
Әдіс нақты, мәнді болу керек, ол логикалық аяқталуын талап етеді. Кейбір кезде тәрбиешілер мен ата-аналар сый уәде беру әдісін қолданады, ол нақты екендігін ойланбай. Уәделерін орындамайды. Баланың адамгершілік дамуында қандай нәтиже алуға болады? Немесе, қайсы жиі болады, жазалау ретінде қауіп-қатер қолданады. (Өз бетінше жаман және әрекет нәтижелерін сезіп қою әдісімен ешқандай ештеңесі жоқ). Ата-аналар ешқашан да шынайы жасамайтынмен балаларды қорқытады: «Тыңдамасан, орманға апарып, қасқырларға жеуге тастап кетем!»). Басында бұндай қорқытулар нәтиже беру мүмкін, бірақта бала аз-аздап, бұл сөздердің артында еш нірсе жоқ екендігін игеріп алып, тыңдамауды жалғастырады. Адамгершілік тәрбиеде әр әдіс салмақты, маңызды болу керек.
Әдісті қолдануға арналған алдын ала жағдайлар, құралдар дайын болу керек. Мысалы, тәрбиеші балаларды заттарға, ойыншықтарға ұқыпты қарауға үйретеді, ол үшін бірлескен әрекетті ұйымдастыру әдісін қолданғысы келеді – «ойыншықтарды жөндеу шеберхансын» ұйымдастыру. Осы жағдайда, ол балалар жұмыс жасай алатын материалдарды дайындау міндетті;
Әдіс барлық балаларға және кез келген жағдайда біртипті, бір үлгіде қолданбау керек. Егер бұл шартты сақталмаса, сендіру әдісі нақылға айналады және керекті нәтижені әкелмейді;
Тәрбилеу әдістерді әдепті қолдану қажет. Тәрбиеленуші оны тәрбиелеп жатқаның сезбеу керек. Жанамалық әсер ету – балаға ұқыпты қарауды білетін педагогтың үлкен өнері;
Әдістерді таңдағанда, қалыптасатын қасиеттің қиыңдық деңгейін ескеру керек;
Әдістерді жобалағанда, таңдағанда нақты балаға әсер ету нәтижелердің мүмкіндіктерін күні бұрын білу маңызыды. Егер тәрбиеші табыста сенімді болмаса немесе өте қатты реакцияны алдын ала сезсе – таңдаған әдістен бас тарту керек;
Адамгершілік тәрбие әдістерін қолдану шыдамдықпен төзімділікті талап етеді. Іс мектеп алды жастағы балаға тиісті болғанда, әп-сәттік және тұрақты нәтижеге сенуге болмайды. Қолдаңған әдістерді шыдамды қайталау және жаңаларын жинақтау керек. Нәтижеге бірден жетпейтінгін және ойлаған түрде немесе сапада болиайтынын түсінікпен қарау керек;
Мектеп алды балаларды адамгершілік тәрбиелеуде баланы әрекет тәсілдерге үйрететін тәжірибелік әдістер басымды болу керек. Егер тек сезімге, жағымды мінез-құлқы маңыздылығына түсінсе және сол тәртіб тәсілдеріне үйретпесе, қалаған нәтиже болмайды.
Әдістер бөлектеніп емес кешенді, өзара байланысты қолданады. Әдістерді таңдауға арналған негіздер, оларды кешенді қолдануы жөн, жетекші тәрбие мақсаттар және балалардың жасы әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет