Ақмола облысы Астрахан ауданы «Қызылжар орта мектебі» мм оспанов Фархад 3 «А» сынып «Төрт түлік мал- ырысым»



бет4/12
Дата28.01.2018
өлшемі1,34 Mb.
#34786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қой жүні – қой терісінде өсетін түк, түбіт, қылшық. Қой жүнінен киіздің кейбір түрлері мен иірілген, жіптерінен киім тігіліп, кілем, бау-басқұр тоқылатын, арқан-жіп есілетін және тұрмыстық, шаруашылық бұйымдар жасалатын, қойдан қырқып алынатын ең маңызды өнім. Қойдан басқа да жүн, түбіт, қыл-қылшық беретін малдар болғанымен, олардан алынатын өнім қой жүнімен салыстырылғанда өте аз түседі. Төрт түліктен алынатын барлық жүн мөлшерін салыстыра қарағанда, бүкіл өнімнің 80-90 пайызын қойдан алады. Өндірілетін барлық жүн түрінің 10-15 пайызы ғана түйе, ешкі, жылқы түлігінің үлесіне тиеді. Мұның өзі қазақ жерінде көне замандардан бері қой өсірудің қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.

Қой жүні басқа мал түрлерінің жүнінен өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:

–  қой жүні мейлінше мықты; оның мықтылығын өзінің жіңішкелігіндей сымтемірдің беріктігімен салыстыруға болады;

–  жіңішкелігі дәл өзіндей заттардың бәрінен қой жүні жеңіл;

–  қой жүні жылуды жақсы сақтайды;

–  қой жүні созылғыш; қой жүнінен жасалған киімнің және т.б. бұйымдардың (тоқым, алаша, кілем, дорба) су мен дымқылдан иленбейтіні соған байланысты;

қой жүні бояуды жақсы сіңіреді, ұзақ уақыт бойы бояуын жоғалтпайды.

Қой жүні түліктің жас ерекшеліктеріне, қойдың дене мүшесіне (қой денесінің қай жеріне өскеніне), жыл маусымына, жүннің сапасы мен құрамына қарай ажыратылады.



Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.

Төрт түлік малдың өзі қадірлейтін басын қазақтар басқаға бермеген, онда жұтаңдық орнап қалады деп есептеген. Әрбір рудың өз малына салатын таңбасы болған. Оны олар малдың құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын болған.



Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет