Қаулы етеді


-тарау. Әлеуметтік қызметтер көрсетуді мемлекеттік реттеу



бет3/5
Дата26.08.2020
өлшемі22,82 Kb.
#76923
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтік қызметтер туралы

3-тарау. Әлеуметтік қызметтер көрсетуді мемлекеттік реттеу

       7-бап . Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік қызметтер
             көрсету саласындағы құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
      2) тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді тізбесі мен көлемін бекітеді;
      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілердің қызметін лицензиялау ережесін бекітеді, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарды белгілейді.
      4) Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес осы саладағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.

       8-бап . Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті
             органның құзыреті
      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
      3) мыналарды:
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ведомстволық есептілікті жүргізуді;
      халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;
      жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін;
      әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
      4) мыналарды:
      жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қызметтер көрсету саласында қабылдайтын шешімдердің заңдылығын бақылауды;
      жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
      жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен әлеуметтік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

       9-бап . Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның
             құзыреті
      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
      3) мыналарды:
      халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;
      жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
      4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі есепке алу-есеп беру нысандарын бекітеді;
      5) мыналарды:
      жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қызметтер көрсету саласында қабылдайтын шешімдердің заңдылығын бақылауды;
      әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді;
      жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

       10-бап . Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
      Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
      3) мыналарды:
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ведомстволық есептілікті жүргізуді;
      халықтың білім беру саласындағы әлеуметтік қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;
      жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін;
      әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
      4) мыналарды:
      жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қызметтер көрсету саласында қабылдайтын шешімдердің заңдылығын бақылауды;
      жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
      әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді;
      жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

       11-бап.  Облыстың, (республикалық маңызы бар қалалар мен
               астананың), аудандардың, (облыстық маңызы бар
               қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
      1) жекелеген әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) мыналарды:
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды;
      жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің әлеуметтік қызметтер көрсету туралы заңнаманы сақтауын бақылауды;
      жеке және заңды тұлғалармен, мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      3) мыналарды:
      жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін;
      халыққа тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін көрсетуді;
      халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
      4) жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
      5) әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
      6) жергілікті атқарушы органдар тегін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс көрсететін тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
      7) әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, мемлекеттік емес әлеуметтік қызметтер секторында жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады.
      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
      1) әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
      3) мемлекеттік секторда жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
      4) жергілікті атқарушы органдар кепілді көлемнен тыс көрсететін тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
      5) әлеуметтік қажеттіліктерге талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
      6) әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады және мемлекеттік емес секторда жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
      7) әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
      8) жеке және заңды тұлғалармен, мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет